Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш сыныптарда математикалық функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

1.1.Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз - жеке тұлғаның әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Бұл жаңа ғана өмірге бейімделіп келе жатқан жас бүлдіршіндердің қалыптасуы, өмірге, мектеп өміріне бейімделіп кетуі. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: оқушының белсенділігі, шығармашылығы, ойлауы, шешім қабылдай алуы, қабілеттілігі т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 1.2.Функционалды сауатты тұлға дегеніміз кім? Функционалды сауатты тұлға - қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап, дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп, кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Ұлттық этнопедагогика арқылы қалыптасқан функционалдық сауаттылық дегеніміз – өз елінің, жерінің тарихын, салт-дәстүрін, ана тілін жетік білетін және өмірде қолданысқа енгізіп пайдана білу. Этнопедагогика адамды әлеуметтік топтың әдет-ғұрпына, дәстүр-салтына бейімделуге, соның талабына сай өзін ұқсата білуге баулиды, әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының тәлімдік және құндылық маңызын зерттейді, адам тәрбиелеудегі ұлттың өркениетті жетістіктерінтұжырымдайды. Этнопедагогика ел егемендігін нығайтатын ізденіс іс-әрекетті іріктейді. Оның басты жолы – адамның ар-намысын таптайтын, күш-жігерін қорлайтын қимыл-әрекетті әшкерелеу. Мақсаты – әрбір халық болмысын, оның өмір сүру тәсілін, тұтас қарастыру. Этнопедагогика елдік пен ерлікті, еркіндік пен есеюшілікті қалыптастыру, үйлестіру үшін, басқа ұлттармен терезесі тең білімді ұрпақ тәрбиелеуде маңызды. 1.3.Функционалды сауатты тұлғаның негізгі белгілері. Негізгі белгілері: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады. Жеке тұлғаның басты функционалдық сапасы белсенділік, шығармашылық пен ойлауға қабілеттілік және стандартты емес шешімдер қабылдай алуы, өзін-өзі дамытуға, өздігінен оқуға, өз білгенін іске асыру болып табылады. Осы тұрғыда оқушылардың функционалдық сауаттылығы өмірден алатын білім, білік және дағдылары адам жұмысының әртүрлі саласындағы алуан түрлі тапсырмаларды шешудің, еңбек өнімділігі мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тұтас алғандағы әлеуметтік қатынастардың оқушының меңгеретін білім мазмұнымен байланысы арқылы қалыптасады, осы аталғандарды қалыптастыруды этнопедагогиканың элементтерімен тығыз байланыстырып қарауға болады. ІІ. Негізгі бөлім Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты назар аударылуда. Әлем тәжірибесіне сүйене отырып PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы құрылды. Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысында оқушының білімді күтілетін нәтижеге қарай сапалы меңгеруі, білім берудің әлеуметтік мәнін ұғыну арқылы кіріктіру мәселесі әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз. 12 жылдық білім беруде әлемдік тәжірибені ескере отырып, ұлттық ерекшеліктерді сақтау, оқытуды нәтижеге бағыттау үшін субъектілік қатынасты ұйымдастыра алатын мұғалімдерді дайындауға басымдық беріліп отыр. «Математикалық сауаттылық»- ауызша, жабаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шындайды. Математика- барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек. Сонда ғана математикалық сауаттылығы қалыптасқан тұлға тәрбиелей аламыз. 2.1.Математикадан сауаттылығы қалыптасқан тұлға дегеніміз кім? Математикалық сауаттылық: - математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну; - әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру; - дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту; - есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; - математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану. Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін: - теорияны білу , оны логикамен ұштастыру - есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу -математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды математиканың даму тарихымен байланыстыру, - ақпараттық оқыту технологиясынан математика сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функционалдық сауаттылығы да артады. 2.2.Математикалық құзыреттілік дегеніміз не? Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде: - қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу; - ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу; - нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру; - геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу; - диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау; - оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу); - шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу». Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық салалар): Білу (еске түсіру): Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациялау, математикалық объектілерді танып білу. Ақпараттарды дәстүрлі қалыпта қабылдау; белгілі деректерді, стандартты тәсілдерді және әдістерді тікелей қолдану; таныс алгоритмдерді пайдалану; Қолдану (байланыстарды орнату): Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу. Ақпараттың бір түрінен келесісіне ауысу; тапсырманы шешуге арналған әртүрлі әдістерді қолдану; алынған шешімді интерпретациялау; Ойлау (пайымдау, тұжырымдау): Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу. Күрделі мәселелер; ойлау және интуиция; шығармашылық тұрғыдан келу; шешу амалын өңдеу; қамту; негіздеу. 2.3.Пәндік құзыреттілік дегеніміз не? Пәндік құзыреттілік – білім беру қызметінде белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі және дағдысы мен іс – әрекетінің сапалар жиынтығы. Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі. Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу - ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі: Оқушы: • мақсат қоюға үйренеді; • есте сақтау қабілеттері дамиды; • басқалармен бірігіп жұмыс жасайды; • кітаппен жұмыс жасауға үйренеді; • қатарынан қалмауға тырысады; • дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі; • әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады. • күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады. • білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді • өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. Мұғалім: - жүйелі тапсырма беруге ұмтылады; - оқушыны жан-жақты танып біледі; - қарым қатынас орнатады; - оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады; - оларға шығармашылық еркіндік беріледі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз