Өлең, жыр, ақындар

Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді халық алдында адал болуға шақырды

Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді адалдыққа шақырды. Бұл туралы Атырау өңірінің басшысы бүгін, 20 желтоқсанда өткен жұмыс отырысы барысында айтты. Кеңес барысында облыстың экологиялық жағдайы, соның ішінде қараусыз қалған мұнай ұңғымалары мәселесі сөз болды, — деп Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

“Аймақта жер қойнауын пайдаланып отырған кәсіпкер өз ісіне адал болуы керек. Ең бастысы халыққа пайдасын тигізу бағытында жұмыс істеуі қажет”, - деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, бұған дейін  Атырау облысындағы “Күмісбек” кен орнындағы екі ұңғымадан мұнай төгіліп, табиғатқа зиян келіп жатқаны айтылған еді. Кен орнын қытайлық үлесі бар “Көлжан ойл” компаниясы пайдаланып келген. Алайда жыл басында фирмамен келісімшарт мерзімі аяқталып, компания ұңғымаларын қараусыз тастап кеткен.

“Күмісбектегі” қараусыз қалған ұңғымаларды өз ақшамызға бітеуге мәжбүр болдық. Ал бұған жауапты тұлғалар байланысқа шықпай отыр.  Бұл, түптеп келгенде, олардың халық алдындағы жауапкершілігінің жоқтығы. Себебі, бұл – халықтың жері”, - деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысы  қарамағындағыларға ұңғыма айналасын тазартып, топырақ қабатын қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысуды тапсырды.

Айта кетелік, 2002-2009 жылдар аралығында Атырау облысы әкімдігі өз күшімен қараусыз қалған 48 гидрогеологиялық ұңғыманы бітеген. Қазіргі қараусыз қалған қауіпті мұнай ұңғымаларын анықтап, соларды тығындау бағытында жұмыс жүріп жатыр.  

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер