Жарнама

Технология: бүгін және болашақ

Күн өткен сайын жаңа технологиялар дамып, адам өмірінің маңызды бір бөлшегіне айналуда. Тіпті, үйден ұялы телефонсыз шығу мүмкін емес. Сонымен қатар, қазір әр күнде жаңа технологиялар шығарылуда. Ал -қолданыстағылар жаңаруда. Заман талабына сай, көштен қалмау үшін бүгінде адамдар жаңа технологияларды жиі сатып алады. Неше түрлі гаджеттер, құралдар кеңседе де, үйде де, жалпы бізді жан-жағымыздан қоршап тұр. Мысалға, кеңселер компьютер, сканер, принтер секілді технологиялармен қамтамасыз етілген. Ал үйде теледидар, ұялы телефон, электронды кітаптармен уақытымызды өткіземіз.

Қазір балалардан бастап қарт кісілерге дейін ұялы телефонмен отырады. Ата-аналар балаларының жанында болудың орнына қолына планшет, ұялы телефон секілді құралдарды беріп, өздерінен қалай алыс кетіп бара жатқанын байқамайды. Ал ұялы телефонмен өскен баланың болашағын ашық көру мүмкін емес. Үлкендер – кішілерге үлгі. Сол себепті, егер олар кішілерді жаңа технологияларға тәуелділігінен құтқарып, қолдарына кітап, ойыншықтар берсе, болашағын ашық, жарқын болатынына сенемін.

Осыдан елу жыл бұрын адамдардың технологияларға тәуелді болмағанын бүгінде елестету қиын. Ата-апаларымыз кезінде кітапханаларға барып, бір-бірімен тәжірибе алмасып өз ісінің маманы болған жоқ па? Ал қазір керек мәліметтерді жылдам ғаламтордан таба аламыз. Бірақ бізде мәліметті іздеуге деген құлшыныс емес, технологияға деген тәуелділігіміз басымырақ болып барады. Менің ойымша, технологияның бізге тигізер пайдасы – біз жасай алмайтын істерді жасауы. Мысалы, алыс туысқандарымыз, достарымызбен ғаламтор арқылы сойлесе алатынымыз. Біз тіпті олардың бет-бейнесін көріп, әңгімелесе аламыз. Әрине, жаңа технологиялардың зиянды жақтарын да қарастыру керек. Қазіргі қоғам, жалып адам баласы жалқау келеді. Оның себебі жаңа технологияларға көп істерін жүгіндіреді және істеуге ерінеді.

Жаңа технологиялар өміріміздің айырылмас бөлшегіне айналып бара жатыр. Егер де қазіргі кездегідей осы құралдар тез дамыса, болашақта шынымен технологиясыз өмір сүре алмайтындай боламыз әрі оның зиянын көре алмай бізге пайдалы екеніне сеніп жүреміз. Сондықтан біз шығып жатқан технологияларды тек керегімізді тапқанға, жұмысымызға және анық мақсатпен қолдануымыз керек. Тек сонда ғана мына жаһандану заманында технологиялардың пайдалы жақтарын көре аламыз.    


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)