Ұлттық киімдерімізге қаншалықты мән береміз?

Қазақ халқының ежелгі тарихымен бірге дамып келе жатқан бай қазынасы – қолөнері. Қолөнердің басты саласы – киім тігу. Көне заманнан бері ерекше үлгісімен көзге түсетін, әрі әсем, әрі ыңғайлы пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттақ киімдері әлі аз емес. Олардың кейбіреулерін ата-әжеміз күні бүгінге дейін кисе, енді бірі қыз ұзату сияқты тойлар мен Наурыз мейрамы секілді мерекелерде киеді.

Көшпелілер заманының киім-кешегі олардың шаруашылық және тұрмыстық қолданыста ыңғайлы болуымен ерекшеленеді. Әрі ежелгі халық шеберлері қазақтың болмысына тән әр түрлі киім үлгілерін жасаған.

“Ең әдемі киім – ұлтының киімі”,- деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлты да, мәдениеті, салт-дәстүрі де ешқандай халықтан кем болған жоқ. Ұлттық киімдеріміз шет ел мұражайлары мен көрмелерінде таныстырылып, сақталған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат ретінде де жүрген.

Қазіргі таңда ұлттық киімдерге мән беру тоқтатылған жоқ. Керісінше, қазіргі жастарға қойылатын жаңа талаптар – еліміздің ұлттық мәдениетімен тікелей байланысты. Яғни, жаңа толқын, жаңа леп елімізді сан алуан мемлекеттерге, әлемнің түкпір-түкпірінен келген халыққа таныстырады.

Ұлттық киімдеріміздің ұмытылмағанына тағы бір дәлел: түрлі мерекелерде, тойларда басты рөл атқаратындығы. Қыздарымыға тағылған әшекей бұйымдар мен көздің жауын алатын оюлармен өрнектелген көйлектер кез келген той-думанды, әсем етеді.

Алайда, ұлттық киімдерімізге еліміздің кейбір бөліктері мүлдем мән бермейді. Сөздің шыны керек, солтүстік өңірлерде орыс мәдениетінің кең таралуының кесірінен, тіпті түрлі мерекелерде де ұлттық киімдерімізді бірен-саран байқаймыз. Тағы бір мысал ретінде үнді елінің киноларынан, ол елдің салт-дәстүрлерін насихаттайтынын байқаймыз. Біздің еліміздің кино саласында, соның ішінен тарихи киноларымыздан салт-дәстүрімізді, мәдениетіміді ұлттық киімдеріміз арқылы ерекше көрік беріп тұрған бойжеткен қыздарымызды көреміз. Ал заманауи киноларымызда салт-дәстүрімізге, мәдениетімізге, тарихымызға қатты бөліне бермейді.

Қорытындылай келе қазақ халқы ұлттық киімдеріне, мәдениетіне, салт-дәстүріне ерекше мән берілген. Қазақ деген елдің мәдениетін әр жас баланың бойына сіңіру оңай болмаған. Ата-анамыз баланың сырт келбетіне қарап, мінез-құлқын тани білген. Ұлттық киімдеріміз басқа елдің дәстүрлі киімдері секілді ұзынды-қысқалы, неше түрлі суреттермен емес әр оюының өзіндік мағынасы бар. Балаға берген тәлім-тәрбиесінен бөле танымал дизайнерлердің қолынан шыққан, ерекше сәнді болған.        


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)