Елордада мектеп оқушысы қаза болған кезде мұғалім болмаған - Білім министрлігі

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева елордадағы №59 мектептегі 14 жасар Темірұлан Диханбаевтың өліміне соқтырған қайғылы оқиғаға орай түсініктеме берді.

«Қазір қандай да бір себебін айтуға біздің құқығымыз жоқ. Өйткені, сотқа дейінгі тергеу амлдары жүргізіліп жатыр. Қаңтардың басында сараптама дайын болады, оны қазір криминалистер тексеріп жатыр. Мен онда үлкен топ бар екендігін, бұған қоса оған Алматы мен Астанадан шақырылған мамандардың бар екендігін білемін. Баланың өмірі неліктен қиылғандығын, шындықты анықтау үшін үлкен комиссия жұмыс істеуде», - деп атап өтті ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар вице-министр балалардың арасында төбелестің болған-болмағандығын анықтау шаралары да жүргізіліп жатқандығын айтты. Астана қалалық білім басқармасы да өз тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні қайғылы оқиға орын алған сәтте мұғалімнің болмағандығы анықталған.

«Өздеріңізде білесіздер, балалардан бірдеңе сұрау оңай емес. Тіпті әңгімелескеннің өзінде ата-анасы, мектеп психологы, мұғалімі болуы қажет. Төбелес болды ма? Балалардың басым бөлігі болған жоқ дейді. Кейбір балалар болды дейді. Жеке қызметтік тергеу жүргізілуде. Шындығында, оқиға кезінде мұғалім сыныптан шығып кеткен. Мұндай жайт болған. Сондықтан қазір біз бір нәрсе жайында айта алмаймыз. Өйткені, баланың неден өлгенін білмейміз», - деді Суханбердиева.

Естеріңізге сала кетсек, Астана қалалық ІІД ақпаратына сәйкес,  14 жастағы баланың зорлық-зомбылық белгісі жоқ мүрдесі 30 қараша күні сағат 13.00-де №59 мектептің оқу сыныбында табылған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)