Бұл жолдағы қарапайым қоршау сияқты көрінеді, алайда оның міндеті сізді таң қалдыруы мүмкін

Әлемде өзге адамдардың өмірін жеңілдетуге тырысатын көптеген жасампаз адам бар.

bilim-all.kz тағы бір лайықты мысалды ұсынбақ.

Жолдың екі жиегіндегі металл бөгеулер адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалған — олар автокөліктердің трассадан құлап кетпеуінің алдын алады. Дегенмен егер автокөлік бұл барьерге жоғары жылдамдықта соғылса, үлкен зардапқа ұшырауы мүмкін.

Алайда жақында оңтүстік корейлік ETI компаниясы адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін және жүргізуші мен жолаушының зақым алу ықтималдығын төмендететін жаңа жол қоршауларын жасап шығарды.

Пластик роликтер бөгеудің металл бағаналарының ортасына орналастырылады. Металл бөлік автокөліктің соғылу күшін өзіне қабылдағанда роликтер айнала бастайды. Бұл автокөліктің аударылуының алдын алады және оның зақымдану ықтималдығы төмендейді.

Бүгінде Road Roller System жүйесі барлық тәжірибеден өтіп, оң нәтижеге ие болды. Оны бірінші болып сатып алғандардың қатарында — Малайзия. Малайзия билігі жүйені жолдың ең қауіпті аймақтарына эксперименталды түрде орналастырған.

Бұл өнертабыс әлемді қауіпсіз етуге оң әсер етеді деп сенеміз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сайттан іздеу

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)