Оңтүстік Кореялық адам тәріздес алып робот

Голливуд фильмдеріндегі алып роботтарды енді тек көгілдір экраннан ғана емес, шынайы өмірде де кездестіруге болады деп хабарлайды 24.kz.

Оңтүстік Кореяның өнертапқыштары адам тәріздес құлтемір жасап шығарды. Ол адамның айтқанын мүлтіксіз орындап, қолдарын қозғап, жүре алады. Оны қашықтан басқаруға да болады. Ал роботтың Голливуд киноларындағы трансформер мен терминаторға ұқсастығы тегін емес.

Себебі, оның дизайнын осы фильмдерде суреттердің сызбасын салған маман дайындаған. Жоба келесі жылы қолданысқа еніп, оның құны 8,5 млн долларға дейін бағаланады.

Ян Джин Хо, Hankook Mirae Technology басшысы: - Біз жасаған робот кино саласы мен ойын-сауық алаңдарында қолданылады. Сонымен қатар құлтемірді қара күшті қажет ететін өнеркәсіп пен құрылыста да пайдалануға болады. Әскери өндірістерден де тапсырыс түсіп жатыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)