Аққан аурулары

Қан құрамын жасауға қатысатын тіннің ісік аурулары - гемобластоздар немесе лейкоздар деп аталады.

Анықталуы. Ең бірінші мақсат - жоғары мамандандырылған мекемелердегі гематологқа бару. Зерттеулерден толық өту: жалпы қан құрамын зерттеу,соның ішінде тромбоциттерді бірге анықтау, төстен пункция жасау, иммунофенотиптікті анықтау, цитогенетикалық зерттеу: УДЗ, КТ, т.с.с.

Емі. Емдеудің негізгі әдісі полихимиятерапия болып табылады. Лимфоидты тіннің ісіктері (қатерлі лимфомалар). Лимфомалар қатерлі ісік және лимфоретикулярлы жасушадан туындайды. Көп жағдайда лимфа түйіндерінде шоғырланады және онымен қосарласа ұлғаяды. Негізгі екі түрін ажыратады: Ходжкин лимфомасы немесе лимфогранулематоз (АГМ) және Ходжкиндік емес лимфома.

Лимфогранулематоз (ЛГМ) - лимфоидты тіннің қатерлі ауруы болып табылады және лимфа жүйесі арқылы метастаз беретін, ішкі ағзалардың зақымдануымен жүретін ауру. Лимфагранулематозбен барлық жастағы адамдар ауыруы мүмкін.

Лимфагранулематоздың жіктелуі.

Гистологиялық түрлеріне қарай:

1. Лимфогистоцитарлы;

2. Нодулярлы (түйінді) склероз;

3. Аралас-жасушалық;

4. Лимфоидты жүдеу немесе диффузды фиброз басылуы (немесе ретикулярлы түрінде);

Сатылары:

I сатысы - жергілікті, лимфа жүйесінің бір немесе екі аймағының зақымдалуы.

II сатысы - шеткі бір жақ диафрагмалық етінің лимфа жүйесінің екі немесе одан да көп аймағының зақымдалуы.

III сатысы - жайылған. Диафрагманың екі жағындағы лимфа түйінінің зақымдануымен және көкбауырдың бұзылысымен қоса жүретін түрі.

IV сатысы - жалпы жайылған түрде - бүкіл ішкі ағзалардың зақымдану процесімен сипатталады. Әр саты екі кіші сатыға бөлінеді: А - жалпы симптомдары жоқ; Б - бір немесе бірнеше жалпы симптомдардан тұрады.

Ходжкиндік емес лимфома - лимфоидтық тіннің әртүрлі топтарындағы қатерлі ісікпен жүреді және бір-бірінен морфологиялық түрімен ажыратылады. Олардың бәрі гематогенді және лимфогенді метастаздану арқылы таралады және біріншілік ісіктік түрімен басталады.

Жасушалардың жетілу дәрежесі

Жасушалық компоненттердің мәні

Төмен дәрежелі жетілген

    Ұсақ лимфоцитарлы лимфома

    Фолликулярлы лимфома

    Аралас лимфома

Орташа дәрежелі лимфома

    1. Фолликулярлы лимфома

    2. Жайылмалы лимфома

    3. Жайылмалы аралас лимфома

    4. Жайылмалы үлкен жасушалы лимфома

Жоғары дәрежелі жетілген

   1. Иммунобласты үлкен жафшалы лимфома

   2. Лимфобласты лимфома

   3. Беркитті лимфома

Әртүрлі

    Саңырауқұлақ тәрізді лейкоз

    Гистоцитоз

    Экстрамедулярлы плазмоцитома

    Жіктелмейтін және басқалар

Ходжкиндік емес лимфомалардың түрлері:

1. нодулярлы;

2. лимфоцитарлы;

3. лимфоцитарлы;

4. пролимфоцитарлы.

Лимфоманың жалпы белгілері:

1. лимфа түйіндерінің ұлғаюы;

2. терінің қышуы;

3. тершеңдік;

4. жалпы әлсіздік;

5. кеудеаралық лимфа түйіндерінің зақымдануынан болатын жөтел;

6. құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерінің зақымдануынан болатын іштің ауыру сезімі, т.б.

Анықталуы

1. цитологиялық зерттеу;

2. гистологиялық зерттеу;

3. лабораториялық зерттеу;

4. иммунофенотиптік зерттеу;

5. УДЗ, КТ, кеуде қуысының рентгенографиясы және т.б.

Емдеу әдістерінің негізгі 3 түрі бар: хирургиялық, сәулелі терапия және полихимиятерапия. Ем арнайы онкологиялық мекемелерде жүргізіледі.

Сайын Садықов,
Қазақ Ұлттьщ медицина университетінің профессоры


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)