Өлең, жыр, ақындар

«Этнография» таңдау курсының бағдарламасы

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы, Құмтөккен ауылы
Қызыл-Әскер ОМ–нің тарих пәнінің мұғалімі
Ашкеев Мұрат

"Этнография" таңдау курсының бағдарламасы
Игеру уақыты - 1 жыл
10-11 сыныптар

 

Түсінік хат                                 

Этнография таңдау курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің  2012 жылдың 8 қарашасындағы №500 Бұйрығының 7 қосымшасына сəйкес əзірленген.

Таңдау курсының мақсаты: Өз халқының және басқа да ұлттардың салт дәстүрлерін зерделеу арқылы жалпы таным деңгейлерін дамыту. Өздігінен ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру арқылы білім алудың жолдарын үйрету. Білім алушылардың бойларына қазақ халқының, Қазақстанды мекендейтін халықтар мен ұлттардың, салт дәстүрлерін,ұлттық ерекшеліктерін зерделеу арқылы интернационализм мен ұлтжандылық қасиеттерді дарытып, қалыптастыру.

Міндеттері:

- Білім алушыларды қазақ халқының, Қазақстанда  тұратын халықтар мен ұлттарды және әлем халықтарының этникалық ерекшеліктері,ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру;

- Білім алушылардың оқу-танымдық белсенділіктерін артыру,танымдық ой-саналарының дамуына,өздігінен білім алуға қызығушылықтарының оянуына,бақылағыштық қасиеттерін дамытуға  ықпал ету,ізденістік-зерттеушілік дағдылары мен біліктіліктерін дамыту.

- Өзінің түп-тамырын,ұлттық ерекшеліктерін білетін еркін ойлы,интернационалист,қазіргі заманда өз орынын таба білуге қабылетті тұлғаны тәрбиелеу;

Пәнаралық байланыс

1. «Қазақстан тарихымен» Қазақ халқының шығу тегі,Қазақстан территориясын басқа халықтар мен ұлттардың қоныстану тарихы. Мәдениеті. Қазақ халқының этнографиясын оқытқанда Қазақстанды мекендейтін басқа халықтар мен ұлттардың,көршілес мемлекттер халықтарының этнографиясмен ортақтастыра қарастыру

2. Қазақ әдебиетімен. Қазақ халқының әдеби мұрасымен байланыстыру және әдеби шығармаларды этнографиялық дерек көздері ретінде пайдалану

3. «Орыс əдебиетімен»: орыс әдебиетіндегі және әлем әдебиетіндегі шығармалардан этнографияға байланысты материалдарды зерделей білу

4. Музыка мен музыкалық шығармаларды этнографиялық материал ретінде қарастыру; музыка өнерінің тарихы, əнші-сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы

5. Бейнелеу өнерімен. Қазақ және басқа халықтардың қолданбалы қолөнер туындыларының тарихы,ерекшеліктерін зерделеу

6. Технологиямен. Қазақ халқының және басқа да халықтардың айналысатын кәсіптері мен еңбек түрлерін,еңбек құралдарын білу

Таңдау куррсы 10-11 сыныптарға 68 сағатқа есептелген (аптасына 2 рет).

Әр сабақта, жаңа материалды игеру барысында,материалдар жинастыру,әдебиеттерді зерделеу, берілген тақырыпты зерттеу және таныстыру арқылы жүзеге асады. Мүмкіндігінше мұражайларға саяхаттар қарастырылады.

Курс мазмұны мен құрылымының басты бағыты қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың,сол сияқты әлем халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын зерделеу, зерттеу болып табылады. Оқу материалы да осы ұстанымға сәйкес іріктеледі.

Курстың тағы бір бағыты оның көркемдік–эстетикалық ұстанымы. Оқу материалы ретінде қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін зерделеу арқылы Қазақстанды мекендейтін басқа халықтар мен ұлттардың, әлем халықтарының мәдени мұраларын зерделеу ұсынылады.

Оқу материалының тағы бір ерекшелігі - оның тарихилығы және өлкетанушылық бағыты. Курсты оқыту барысында білім алушыларға тарихи материалдар мен деректерді зерделеу ұсынылады.

Курстың тәрбиелік бағыттылығы білім алушылардың бойында өз халқының этникалық ерекшеліктерін түсіну мен түйсінуі, басқа халықтардың ұлттық мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет сезімін қалыптастыру арқылы интернационалшылдыққа , толеранттылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Курстың практикалық бағыттылығы оқушылардың ізденіс жұмыстарын, зерттеу мен зерделеу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған.

Бағдарламаның тағы бір ерекшеліг і- оның кіріктірілендірілгенінде, яғни, бағдарлама білім алушылардың тарих, география, әдебиет, музыка, филология және т.б. пәндерден алған білімдерін пайдалануларына, жетілдірулеріне мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Курсты оқу барысында оқушы

   - Этнографиялық білімдерін қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті жетістіктерін, тарихи деректер мен құндылықтарды ажырата және жүйелей білуі;
   - Этнографиялық терминдер мен ұғымдарды білуі,қазақ және қазақстанды мекендейтін ұлттар мен әлем халықтарының салт-дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан хабардар болуы;
   - Кез келген тарихи,әдеби немесе басқа да дереккөздерден этнографиялық материалдарды ажырата алуы;
   - Этнографиялық деректерді зерттеп, зерделей білуі; ұлттар мен халықтардың өмір-тұрмысын, салт-дәстрлерін суреттеп, баяндай білуі, оларды деректермен, қосымша материалдармен әрлеп, қолдана білуі;
   - Зерттеген немесе зерделеген материалында кездесетін материалдарды сұрыптап, салыстырып, жалпылап қолдана алуы;
   - Белгілі бір зерттеулерге қатысты өзінің көзқарасының болуы тиіс.

Бағдарлама жергілікті жердің және білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалды. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады, бірінші бөлімі негізінен қазақ халқының этнографясына арналса, екінші және үшінші бөлімдер сәйкесінше Қазақстанда мекендейтін ұлттық диаспоралардың және әлем халықтарының этнографиясын зерттеуге арналған.

Таңдау курсы 10-11 сынып оқушыларына арналған, мұғалімнің жетекшілігімен және өз бетімен де жұмыстарға есептелген.

Курсты оқытудың түрлері, әдістері мен құралдары әртүрлі. Оқушылар зерттеулер жүргізеді,материалдар,ақпараттар мен мәліметтер жинастырады, кейбір материалдарды қолдан жасауға талпынады.

Баяндау әдісінің орны да ерекше: ауызша әңгімелеу, шығарма жазу, қарт адамдармен кездесіп олардың әртүрлі оқиғалар туралы әңгімелерін жазып алу және т.б.

Таңдау курсының мазмұны

Кіріспе. Этнография нені зерттейді

Этнография ғылымы туралы түсінік

Этнография ғылымының даму тарихы. Этнография ғылымының пайда болуы. Қазақстанда этнография ғылымының дамуы. Қазақстандық этнограф–ғалымдар

Этнографияның салалары. Этнология. Этнолингвистика. Көне сөздердің түсініктемелерін іздеу. Этнонимика. Ұлттар атауларының шығуы.

Этнографиялық зерттеу әдістері

А.Құнанбаев еңбектеріндегі этнографиялық зерттеулер. А.Құнанбаевтың «Бұл қазақтың қайдан шыққаны туралы бірер сөз»,

Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі этнографиялық зерттеулер Ш.Уалихановтың «Қазақ атауының шығуы туралы» және «Сот реформасы» еңбектерін зерделеу

Қазақ халқының ру-тайпалық құрамы туралы зерттеулер

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен тұрмысы. Материалдық мәдениеті.

Үй-тұрмыстық заттары. Атаулары,жасалу,қолдану жолдарын зерделеу. Әдеби шығармалардағы үй-тұрмыстық заттар туралы зерттеу

Киім үлгілері. Қазақ халқының ұлттық киімдері. Киіну әдебі. Ерлер киімдерінің түрлері, атаулары, жасалу жолдары. Әйелдер киімдерінің түрлері, атаулары, жасалу жолдары.

Өнер. Қол өнер. Өнер түрлері.

Қол өнерінің туындыларын жинастыру, зерттеу. Қазақтың сәндік–қолданбалы бұйымдары.

Саятшылық. Саятшылыққа байланысты зерттеулер. Құсбегілік, аңшылық құралдары, әдістері.

Рухани мәдениет. Халық ауыз әдебиеті үлгілері. Айтыстар. Шешендік сөздер үлгілерін жинастыру.

Музыка. Саз өнері. Саз аспаптары. Саз аспаптарымен танысу, халық музыкасының жауһарларымен танысу. зерделеу.

Күй өнері. Күйшілер. Күйлердің шығуы туралы аңыздарды зерделеу, күйлер, күйшілер туралы мәліметтер жинау. Күйлермен танысу

Жырау-жыршылық өнер. Жыраулар мен олардың шығармаларымен танысу. Батырлар жыры.

Бейнелеу, сәулет өнері. ою-өрнек.

Қазақ халқының салт–дәстүрлері:

Наурыз-мейрам, қымызмұрындық, сабантой, соғымбасы (омыртқа) салт–дәстүрлер туралы материалдар жинау.

Жас сәбиге байланысты салт-дәстүрлер:

Шілдехана, атқою, қырқынан шығарар, бесікке салар, тұсаукесер, сүндет той, бәсіре, тоқымқағар.

Келін түсіру, Қыз ұзату дәстүрлері; атастыру, сырға салу, құда түсу, ұрын бару, қалың беру, жасау, қыз ұзату, келін түсіру, отқа май құю, беташар, келін шайы ж.т.б.

Өлген кісіні жерлеу дәстүрі

Естірту, намаз, жаназа, жерлеу, бата оқыр ж.т.б.

Ас мәзірлері:

А) Еттен дайындалатын тағамдар

Ә) Сүттен дайындалатын тағамдар

Б) Өсімдіктен дайындалатын тағамдар

В) сусындар

Шешендік өнер.

шешендік сөздердің үлгілерін жинастыру. Билер институты. Мақал-мәтелдер үлгілері.

Айтыс өнері. Айтыс түрлері. Сүре айтыс, қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы ж.т.б.

Ойын-сауық түрлері: атаулары, ойналу тәртіптері туралы мәліметтер жинастыру.

Спорттық ойындар: түрлері. Ойнау ережелері.

Қазақстанды мекендейтін ұлттар этнографиясы. Қазақстанды мекендейтін ұлттық диаспоралардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерінің үлгілерінен жобалар қорғау.

Славян халықтарының этнографиясы: славян халықтарының этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

Кавказ халықтарының этнографиясы: этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

Түркі халықтарының этнографиясы. этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

Немістер мен корейлер этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

Әлем халықтарының этнографиясы. Әлем халықтарының тұрмыс–тіршілігіне байланысты этнографиялық мәліметтер жинастыру.

Еуропа елдері халықтарының этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру,таныстыру.

Оңтүстік, оңтүстік–Шығыс Азия елдері халықтарының этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

Мұсылман елдері этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру

Африка Африканы мекендейтін халықтардың этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

Оңтүстік Америка Оңтүстік Америка үндістерінің этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

Аустралия Австралияның байырғы халықтарының этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

 

10-11 сыныптар.  Этнография таңдау курсы бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспар (68 сағат)

Р/с

с/саны

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

уақыты

теория

практика

І.

1

1

Кіріспе. Этнография нені зерттейді Этнография ғылымы туралы түсінік

1

 

 

2

2-3

Этнография ғылымының даму тарихынан Қазақстанда этнография ғылымының дамуы. Қазақстандық этнограф–ғалымдар

1

1

 

3

4-5

Этнографияның салалары. Этнолингвистика. Көне сөздердің түсініктемелерін іздеу

1

1

 

4

6

Этнографиялық зерттеу әдістері

1

 

 

5

7

А.Құнанбаев еңбектеріндегі этнографиялық зерттеулер. А.Құнанбаевтың «Бұл қазақтың қайдан шыққаны туралы бірер сөз»,

 

1

 

6

8

Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі этнографиялық зерттеулер Ш.Уалихановтың «Қазақ атауының шығуы туралы» және «Сот реформасы» еңбектерін зерделеу

 

1

 

7

9-11

Қазақ халқының ру-тайпалық құрамы туралы зерттеулер. Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі», М.Тынышбаевтың «Шежіресі», М.Ж.Көпейұлының «Қазақ шежіресі» және т.б. еңбектерді зерделеу.

Өз отбасының генеологиялық шежіресін құрастыру.

 

3

 

8

12

Қазақтың ұлттық мәдениеті мен тұрмысы. Материалдық және рухани мәдениеті.

1

 

 

9

13-14

Үй-тұрмыстық заттары. Атаулары, жасалу, қолдану жолдарын зерделеу. Әдеби шығармалардағы үй-тұрмыстық заттар туралы зерттеу.

 

3

 

10

15-17

Киім үлгілері. Қазақ халқының ұлттық киімдері. Киіну әдебі. Ерлер киімдерінің түрлері, атаулары, жасалу жолдары. Әйелдер киімдерінің түрлері, атаулары, жасалу жолдары.

 

3

 

11

18-20

Өнер. Қол өнерінің туындыларын жинастыру, зерттеу. Қазақтың сәндік–қолданбалы бұйымдары.

 

3

 

12

20-22

Саятшылық. Саятшылыққа байланысты зерттеулер. Құсбегілік, аңшылық құралдары, әдістері.

 

3

 

13

23-25

Рухани мәдениет. Халық ауыз әдебиеті үлгілері. Айтыстар. Шешендік сөздер үлгілерін жинастыру.

 

3

 

14

26-27

Музыка. Саз өнері. Саз аспаптары. Саз аспаптарымен танысу, халық музыкасының жауһарларымен танысу. Зерделеу.

 

2

 

15

28-29

Күй өнері. Күйшілер. Күйлердің шығуы туралы аңыздарды зерделеу, күйлер, күйшілер туралы мәліметтер жинау. Күйлермен танысу

 

2

 

16

30-31

Жырау-жыршылық өнер. Жыраулар мен олардың шығармаларымен танысу. Батырлар жыры.

 

2

 

17

32-33

Бейнелеу, сәулет өнері, ою-өрнек.

 

2

 

18

34-36

Қазақ халқының салт–дәстүрлері: наурыз-мейрам, қымызмұрындық, сабантой, соғымбасы (омыртқа) салт–дәстүрлер туралы материалдар жинау. Діни мейрамдар

 

3

 

19

37-39

Жас сәбиге байланысты салт-дәстүрлер: шілдехана, атқою, қырқынан шығарар, бесікке  салар, тұсаукесер, сүндет той, бәсіре, тоқымқағар

 

3

 

20

40-42

Келін түсіру, Қыз ұзату дәстүрлері. Атастыру, сырға салу, құда түсу, ұрын бару, қалың беру, жасау, қыз ұзату, келін түсіру, отқа май құю, беташар, келін шайы ж.т.б.

 

3

 

21

43-45

Өлген кісіні жерлеу дәстүрі. Естірту, намаз айту, жаназа, жерлеу, бата оқыр ж.т.б.

 

3

 

22

46-48

Ас мәзірлері: А) Еттен дайындалатын тағамдар

Ә) Сүттен дайындалатын тағамдар; Б) Өсімдіктен дайындалатын тағамдар; В) сусындар

 

3

 

23

49-51

Шешендік өнер.Билер институты. Айтыс өнері. Айтыс түрлері. Мақал-мәтелдер.

 

3

 

24

52-54

Ойын-сауық түрлері:атаулары,ойналу тәртіптері туралы мәліметтер жинастыру Спорттық ойындар:түрлері. Ойнау ережелері.

 

3

 

ІІ.

 

Қазақстанды мекендейтін ұлттар этнографиясы.

Жобалар қорғау

 

 

 

25

54-55

Славян халықтарының: орыстар, украиндар, поляктар және.т.б.ұлттардың этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

 

2

 

26

56-57

Кавказ халықтарының этнэтнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

 

2

 

27

58-59

Түркі халықтарының этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

 

2

 

28

60-61

Немістер мен корейлер этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

 

2

 

ІІІ.

 

Әлем халықтарының этнографиясы

 

 

 

29

62

Еуропа елдері халықтарының этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

 

1

 

30

63-64

Оңтүстік,оңтүстік–Шығыс Азия елдері халықтарының этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

 

2

 

31

65

Мұсылман елдері этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру

 

2

 

32

66

Африка Африканы мекендейтін халықтардың этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

 

1

 

33

67

Оңтүстік Америка. Оңтүстік Америка үндістерінің этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

 

1

 

34

68

Аустралия. Австралияның байырғы халықтарының этнографиясына байланысты мәліметтер жинастыру, таныстыру.

 

1

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сейдімбек А.Казахский мир. Этнокультурное содержание. Алматы, 1997.
2. Артықбаев Ж.О.,Пірманов Ә.Б. Қазақстан тарихы Алматы, Атамұра,2008.
3. А. Сейдімбек Қазақтың ауызша тарихы  Астана:Фолиант,2008..
4. Б.Залесский Қазақ сахарасына саяхат Алматы, Өнер 1991.
5. Т.И.Сұлтанов. Поднятые на белой кошме потомки Чингисхана. Алматы: «Дайк-Пресс», 2001.
6. Құрастырған Б.Сапаралы,Ж.Дәуренбеков  «Құтты болсын тойларың»  Алматы:Өнер,1993.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз