Тілім менің - қасиетті айғағым

Алматы қаласы, Алмалы ауданы
№136 мектеп-гимназияның
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Нареге Гүлназ Қойшыбайқызы

 

«Тілім менің – қасиетті айғағым» атты ашық сабақ. Әдеби-сазды Жазушылармен кездесу кеші

Кештің мақсаты: Тіл туралы мағлұматтармен бөлісетін жазушы, тілші апай, ағайлармен кездесу. Оқушылардың тілге, Отанға деген құрметін арттыру, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Көрнекілік құралдар: Ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд.

Жүргізуші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нареге Гүлназ

- Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар және оқушылар!  Бүгін, біздің Міржақып Дулатов атындағы  №136 мектеп-гимназиясында өткелі отырған «Тілім менің – қасиетті айғағым» атты әдеби-сазды кешімізге хош келдіңіздер дейміз!

жүргізуші:  Әдеби-сазды кешімізді ашу үшін мектеп директорына сөз кезегін береміз.

жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданды. Бұл заңда  мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

жүргізуші: Бүгінгі кешімізге қонақ боп келіп отырған Қажыкен Салтанат апай. Әл-Фараби атындағы университеттің журналистика факультетінің 1981жылғы түлегі. «Ана тілі» газетінің тілшісі, «Үркер» журналының бас редакторы болған, Журналистер Одағының мүшесі болғанына – 25 жыл, Ақпарат саласының үздік медаль иегері атанған журналист.

жүргізуші: - Келесі қонағымыз, Ақын, журналист жазушы, Таңшолпан журналының редакторы – Нұрлыбек Сафин ағай келіп отыр. Олай болса, әдеби - сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

жүргізуші:

Тіл арқылы асқақтар мінбе кейде,
Ғасырларда қорланар тілде бейне.
Күй сазындай күмбірлеп, әндей ескен
Алты жүз эпосы бар тіл кедей ме?!

Ортада ансамбль «Би күйі». Орындайтындар бір топ оқушылар және жетекшісі Атагельдиева Назира апай.

жүргізуші:

Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

жүргізуші: Бүгінгі біздің кешіміз тілге қатысты болғандықтан, Салтанат апай, сізден бастасақ, тілші журналист ретінде  тіл туралы не айтар едіңіз? Тілші болу оңай ма?

жүргізуші:

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген,
«Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен.
Ән сіздердің құрметтеріңізге арналады. «Туған ел».

Орындайтын: 8«б» сынып оқушысы Садырхан Мерей.

жүргізуші:

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің?
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

Енді ортаға тіл туралы ақын-жазушылардың  жырлап кеткен өлеңдері мен өздері шығарған тақпақтарына кезек берейік.

жүргізуші: - Нұрлыбек ағай, біздің  мектебімізде өзіңіз сияқты ақын болғысы келетін оқушылар да аз емес. Ақындық жол ауыр деп жатады ғой, сіз осы жолға қалай келдіңіз?

жүргізуші:

Күйге толы дүние-ай, дүбірлеген,
«Қайран шешем», «Кішкентай» күнім деген.
«Көбік шашқан», «Сары өзен» жағасында,
«Ерке сылқым», «Айжан қыз» күлімдеген.

Күй: «Балбырауын». Орындайтын:  8 «а» сынып оқушысы Абитилда Дінислам.

2-жүргізуші:

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Ән: «Анамның тілі – аяулы үнім». Орындайтындар: Аиша мен Аружан.

жүргізуші:

- Салтанат апай, «Тіл құдыреті» деген ұғымды өзіңізден кейінгі болашаққа қалай түсіндіріп берер едіңіз?

жүргізуші:

Ән бұлақ ешқашан да көнермеген,
Ол өзін алып жатыр өнерменен.
Әнді айтса бесіктегі бөбек күліп,
Әнді айтса кәрі құлақ елеңдеген,- дей келе, келесі кезекті әнге береміз.

Ән: «Алға». Орындайтын: 8 «ә» сынып оқушысы Қасым Аружан.

жүргізуші: 

Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.
Туған тілде ас қайырған сайын да,
Оқығандай серпіліп қал бір дұға.

Ән: «Мен таулықпын». Орындайтын 5 «ә» сынып оқушысы Жилибай Балжан.

жүргізуші:

- Салтанат апай, және Нұрлыбек ағай сіздердің мәнді де, мағыналы, сүбелі ой-пікірлеріңізді тыңдап, өзімізге мол ғибрат алдық.  Біздің Міржақып Дулатов атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушыларына тілер тілектеріңізді айтып өтсеңіздер.

жүргізуші:

Тере білсек бір – бір ауыз қара өлең,
Неше миллион інжу-маржан шамамен?!
Қанша гүлден “қазақ тілі бақшасы,
Қандай дана өлшер қандай бағамен?!”
Осымен әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.      


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)