Жарнама

Студенттерді уақытша тіркеу қалай жүргізіледі

Жақын арада студенттердің қысқы демалыстан кейінгі оқу маусымы басталады. Жаңа заңнамаға сәйкес, осы санаттағы азаматтар да уақытша тіркеуге тұруы қажет.

Астана қаласының Есіл аудандық xалыққа қызмет көрсету орталығында көші-қон саласының маманы Гулмира Әбілтаеваның айтуынша, студенттер өздері оқитын жоғары оқу орны бойынша уақытша тіркеуге алынады. Ол үшін университет, я болмаса, институттың өтініш xаты және студенттің жеке құжаттары қажет. Уақытша тіркеудің құны - 227 теңге. 

"Енді, студенттердің бәрі бір-бірлеп келсе, мына жердің не болып кететін елестете беріңіздер. Сондықтан бүгінде жоғары оқу орнының атынан берілетін өтініш xатқа барлық студенттердің аты-жөнін енгізіп, бір жауапты адамның университет шәкірттерін тіркеуге қойғаны дұрыс. Олай істеп жатқандар бар. Дегенмен, мыңдаған студентті бір уақытта тіркеуге қою қиын ғой. Сондықтан университет өкілдері бәрін топтастырып, 300 адамнан әкелсе де болады", - дейді Г.Әбілтаева.

Айта кетейік, жаңа заңнамаға сәйкес, бір қаладан екінші қалаға барып, жоғары оқу орнында оқитын, я болмаса, жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары жүрген жері бойынша уақытша тіркеуге тұруға міндетті. Бір айға дейін жеңілдік бар. Ал одан асып кетсе, айыппұл салынады.

Дереккөз: ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)