Қазақ тілін үйренгісі келетін қытайлықтардың легі қалың

Қытай студенттерінің көпшілігі қазақ тілін үйренгісі келеді. Бұл туралы бүгін «Ұлы Жібек жолында бірге» байқауының жеңімпаздарын марапаттау аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй мәлім етті.

«Мен қазақ тілін үйренгім келеді. бірақ, тіл меңгеруде қабілетім төмен болып тұр. Қазақ тілін үйренуді әлі бастаған жоқпын. Бірақ алдағы уақытта қолға алатын боламын», - деді БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Қытай елшісі орыс тілін ұзақ уақыт оқудың арқасында меңгергендігін баса айтты.

«Қазақ тілі Қытайдың жоғары оқу орындарында оқытылады. Біз қазірдің өзінде ондай міндетті жоғары білім беру саласына қостық. Қытайда Қазақстанды зерделеумен айналысатын бірқатар орталықтар бар әрі қазақ тілін үйренгісі келетіндердің де легі қалың. Шанхайда және басқа да қалаларда бар. Қытайға жолдарыңыз түсіп жатса барып, өз көздеріңізбен де көре аласыздар. Онда қазақ тіліне қызығушылық танытатын студенттер өте көп. Біздің қарым-қатынасымыздың тұрақтылығы үшін бұл қажет. Меніңше, қытай тарапына, бізге қазақ тілі мамандары өте көп керек», - деді Ханьхуэй.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)