Өлең, жыр, ақындар

Атырауда жастар үшін 220 пәтер салынып жатыр

Атырау облысында жастарға арналып барлығы 220 пәтер болатын үйлер салынып жатыр. Олардың 120 пәтері биылғы наурызда аяқталады деп жоспарланған, ал қалған 100 пәтерлі үйдің құрылысы енді басталды. Үйлер жас отбасыларға арналған “Жас Отау” бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатыр. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев әкімдікте өткен кезекті жиналыста айтты.

Дегенмен, аймақ басшысы бұл пәтерлердің аздық ететінін, жастарға деген қолдауды барынша үдету қажет екенін айтты.

“Биыл тапсырылайын деп отырған 120 пәтердің әрқайсысына 10 адамнан келіп отыр. Үй алып, үй болуға мұқтаж адамдар көп. Олардың бәріне қолдау көрсетіп жатырмыз. Солардың ішінде жастарға да арнайы көңіл бөлуіміз керек. Себебі, жастар – қоғамның локомотиві. Қазір бұл жобаны іске асыруға Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы ниет білдіріп отыр ”, - деді Ноғаев.

Облыс әкімі, жастарды, сонымен қатар, біреуден көмек күтпей, аянбай еңбек ете білуге шақырды.

Сіздерде біздің ойымызға келе бермейтін идеялар өте көп. Ойларың тың. Қазіргі технологиялардың көпшілігін сіздер секілді жастар ойлап шығарған. Бойларындағы потенциалды пайдаланып, өздерің жарып шығуларың керек”, - деді аймақ басшысы.

Айта кетелік,былтыр Атырауда «Дипломмен ауылға» бойынша 41 жас маман бюджеттік несие алып, 113-і көтерме жәрдемақы алған. Сонымен қатар, 298 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 27 жас кәсіпкердің алған несиелері субсидияланып, 23 кәсіпкердің несиесі кепілдендірілді. Биыл Атырау қаласында «Жастар Сарайының» құрылысы жоспарланып отыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар