Өлең, жыр, ақындар

Биылғы білім гранттарының саны 10 мыңға артады

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, ағымдағы жылы бакалавриат, магистратура мен докторантураға қосымша 10 мың грант бөлінеді.

«Еліміздегі демографиялық жағдайға қарағанда, алдағы уақытта білім алатын азаматтардың саны артады деген болжам бар. Осыған байланысты биылғы оқу жылында бакалавриат, магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың саны республикалық бюджеттің есебінен 10 мың орынға артатын болады. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен гранттардың саны одан да көп болады деген сенім бар. Ондай норма Мәжілістің қарауында жатыр», - деді Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің дерегіне сәйкес, бүгінде Қазақстандағы 130 жоғары оқу орнында 520 мыңнан астам адам білім алады. Оған қоса, 500 мыңнан астамы колледжде оқиды. Ал мектепке 2,8 млн.оқушы барып жүр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар