Сағадиев мектеп тарихында ата-аналардың ең үлкен жиналысын өткізуді жоспарлап отыр

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, ондай шара көктемде ұйымдастырылатын болады.

«Бұған дейін біз ата-аналарды жұмыстан ерте жіберу мәселесін көтерген едік. Себебі балалар тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі төмендеп кеткен. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің ішінен ата-аналар жиналыстарына көп адам қатысып жүрген жоқ. Біздің есебімізге сәйкес, ата-аналардың 40 пайызы 11 сыныпқа дейін мектеп жиналыстарына бірде-бір рет қатыспаған. Қазіргі кезде директорлар жағдайдың сәл-пәл өзгергені жайында айтып отыр. Дегенмен, ағымдағы жылы көктемде біз «Ата-аналар сағаты» атты ұлттық күнді өткізуді жоспарлап отырмыз. Сол кезде барлық мемлекеттік органдардан, ұлттық компаниялар мен жеке меншік фирмалардан ата-аналарды ертерек босатуды сұрайтын боламыз», - деді Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Айганым

Мен де бул ата ана кунин куптаймын.балаларымыз отпели кезенде,сойлесуге уакытымыз да жок.сабагымыз болмаса да кешке дейин жумыста отыргызатын басшыларга не деуге болады.биз келешек кандай урпак тарбтелеп жатканымызды неге тусингиси келмейди

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)