Өлең, жыр, ақындар

Ұйқыға қамқорлық көрсетуге арналған Sleep Number 360 ақылды төсегі

CES-те электрониканың алуан түрлібағыттары көрсетілген. Алайда дәл биылғы жылы ұйымдастырушылар алғаш рет ұйқы технологиясының санатын ерекше бөліп алды. Егер бұрындары ұйқыны қадағалап, сапасына талдау жасай алатын құралдардың негізгі бөлігін фитнес-браслеттер мен ақылды сағаттар құраған еді. Ал қазіргі уақытта адамдардың тәтті ұйқыға батуға көмектесетін компаниялар пайда бола бастады. Олардың жарқын өкілі — CES 2017-де Sleep Number 360 ақылды төсегін ұсынған Select Comfort компаниясы.

Select Comfort 30 жылдан бері төсектер мен матрастар шығарып келе жатқанын атап өткен жөн. Және ішіне салынатын ақылды салмаларды өз өнімдеріне қосуды олар кеше ғана бастаған жоқ. Барлығы да 2012 жылы биометрлік тетіктер мен ұйқы мониторингі технологиясын әзірлеу саласындағы Кремнийлік аңғарға алғаш жол салушы – BAM Labs-пен ықтымақтастықтан басталды. 2015 жылы Select Comfort компаниясы BAM Labs-ты толықтай сатып алып, оның атауын SleepIQ Labs деп өзгертті. Sleep Number сауда маркасымен шығарыла бастаған төсектерде жүзеге асырылған ұйқы мониторингінің технологиясы мен талдауы да осындай атауға ие болды. Sleep Number 360 жаңа төсегі компанияның барлық заманауи зерттеулерін пайдалана отырып құрастырылған және ақылды деп аталуы да заңдылық. 

Жекелеген реттелім

Біріншіден, Sleep Number 360 автоматты түрде өзінің иесіне қарай икемделеді. Тіптен, иесі екі адам болса да, мысалы ерлі-зайыптылар, төсек олардың әрқайсысына лайықты түрде жеке-жеке икемделуі мүмкін. Бұл ең алдымен, төсектің қалпының өзгеруіне және ұйықтап жатқан кездегі адамның жатысының өзгеруіне байланысты оның жұмсақтығына/қаттылығына қатысты болады. Оған матрас пен өздігінен реттелетін механизмнің арасында орналасқан арнайы ауалы қабаттаманың арқасында қол жеткізіледі.

Қорылдаудың алдын алу

Екіншіден, өздігінен реттелетін механизмдер ұйықтар алдында кітап оқу немесе теледидар көру үшін төсектің қалпын жайлы етіп қойып береді. Бұдан өзге, егер де SenseIQ тетігі ұйықтап жатқан адамның қорылдай бастағанын анықтаса, өздігінен реттелетін механизмдер адам денесінің жоғарғы бөлігін автоматты түрде 7 градусқа көтеріңкі етіп қояды. Алайда, бұл тек қорылдауы жеңіл түрде өтетін және созылмалы болып табылмайтын дені сау, ересек адамдарға ғана қатысты.

Аяқтарды жылыту

Үшіншіден, әдетте адамның аяқтары орналасатын төсектің төменгі бөлігі, жылыту жүйесімен жабдықталған. Аяқтарға жылу, ең бірінші тезірек ұйықтап кету үшін қажет. Және де ұйықтап жатқан кезде аяқтардың айналасындағы жылу ұйқының үзіліссіз болуын қамтамасыз етеді.

Смартфонмен үйлесімділік

Жоғарыда аталғандардан өзге, төсек үшін арнайы мобильдік қосымша әзірленген. Иә, Sleep Number 360 төсегі Bluetooth арқылы смартфонға қосылады. Қосымшада төсекті реттеуге және ұйқы, жүрек соғысының ырғағы, тыныс алу жиілігі мен кезеңі туралы деректерді қарауға болады. Төсек ақылды оятқыш қоңырау ретінде де қолданылады, оятқыш қоңырау ұйқыдан барынша жайлы ояну үшін адам ұйқының жеңіл кезеңінде болған сәтінде іске қосылады. Қосымшадағы деректерді сараптай отырып, ұйқының сапасын жақсарту үшін ұсыныстар береді және SenseIQ деп аталатын сапасының бағасын иеленеді.

Ақылды функцияларды пайдалану сценарийлері

- Барынша көрнекі болу үшін, кереует сағат 23:00-де ұйқыға жатып, 07:30-да ұйқыдан тұруға бапталған жағдайда, оны пайдалану сценарийлерінің мысалын келтірейік:

- Сағат 22:30-да смартфонға ұйқыға жатуға дайындалу қажеттігі жөнінде хабарлама келеді.

- Сағат 22:45-те автоматты түрде аяқтардың айналасында төсектің жылуы қосылады.

- 23:00-де төсек автоматты түрде ұйықтар алдында кітап оқу үшін алдын-ала бапталған қалыпқа келеді.

- 23:00-ден бастап 07:30-ға дейін төсек ұйықтап жатқан адамның жатысының өзгеруіне қарай автоматты түрде икемделетін болады.

- Егер де 01:00-де қорылдау басталғандығының белгісі анықталатын болса, онда төсектің жоғарғы бөлігі қорылды жою үшін аздап көтеріледі.

- Егер де 04:30-да баланы бақылап қою үшін немесе дәретханаға бару үшін тұру қажет болса, онда төсек автоматты түрде төменгі көмекші жарықтарын қосады. Төсекке қайтып оралғаннан кейін, жарық автоматты түрде сөнеді.

- Оятқыш қоңырау 07:30-ға бапталғанын түсінген төсек, ұйықтап жатқан адам ұйқының жеңіл кезеңінде болған кезде оятқыш қоңырауды іске қосады, мысалы 07:15-те.

Басқа қосымшалармен біріктіру

Бұдан өзге SenseIQ технологиясында ашық API бар және оны басқа қосымшалармен бірлесе жұмыс істеуі үшін қолдануға болады. Мысалы, фитнес-трекерлерге арналған Fitbit қосымшасы қазірдің өзінде SenseIQ-мен байланыста. Сондықтан, Fitbit білезігімен бірге жаттығу жасаған күні төсек денеге ауырлық түскенін сезетін және ұйықтаған кезде төсектің жұмсақтығын автоматты түрде (немесе иесінің қалауымен) арттыратын болады.

Бағасы және шығарылған күні

Келісесіз бе, мұның барлығы футуристік кинода болып жатқандай болып көрінеді? Бірақ, бұл шындық. Және де бұл шындықтың сатылымы шамамен осы жылдың ортасында басталады. Әрине, мұндай ғанибет арзан тұрмайды. Sleep Number-дің нақты бағасы қандай болатындығы белгісіз, алайда ол Select Comfort компанияның басқа да төсектерінің ағымдағы бағасының шеңберінде болатындығы айтылады. Ал бұл, оның бағасы 5-6 мың долларға жетуі мүмкін деген сөз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айман

Мына төсектен тұрғың келмейтін шығар :-)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз