Олимпиада чемпиондары «Жеңімпаздармен сұхбат» жобасында балалармен жүздесті

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сайрайында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық аясында «Жеңімпаздармен сұхбат» жобасы ұйымдастырылды.

Идеяның басты мақсаты - танымал қазақстандық спортшылардың, түрлі спорт түрлерінен Олимпиада медалінің иегерлерінің Алматының жасөспірімдерімен алаңсыз жағдайда сұхбатын ұйымдастыру.

Осыған қарай шараға бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, 2016 жылғы жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, таэквондодан 2014 жылғы әлем чемпионы Әл-Фараби Давлетчин, шахматтан 4 дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі гросмейстер Жансая Әбдімәлік пен 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Дариға Шәкімова қатысты.

Әлемдік додалардың жеңімпаздары өздерінің жетістікке жету жолындағы бастан кешкендері мен спортың басты құндылығы мен жастарды спортқа баулудың маңыздылығы туралы айтты.

«Бізге, спортшыларға өсіп келе жатқан жастармен кездесу қуанышты жағдай. Біз өз тарапымыздан сіздерді дұрыс жолға бағыттап, еңбекқор, темірдей тәртіптің адамы болып, еліміздің игілігі үшін еңбек етуге баулимыз»,-деді Серік Сәпиев.

Дмитрий Баландин өзі үшін елінің атынан әлемдік аренада өнер көрсету үлкен мәртебе екендігін айтты. Сондай-ақ жеңімпаздар өздерінің спортқа келу жолдары туралы да әңгімелеп берді.

«Мен болашақта елімізден әлі талай мықты жүзгіштер шығатынына, үлкен биіктерді бағындырар дарындар шығатынына және олардың менің сүйікті спортыммен айналысатындар санын кеңейте түсетініне сенемін»,-деді Дмитрий Баландин.

Кездесуге ЮНЕСКО Қазақстанның ұлттық федерациялар клубының мүшелерін, Алматыдағы ауыл жастарын бейімдеу орталығы, онкологиялық аурулармен науқас балаларға орталығы мен №1 және 2 балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қоса алғанда 100-ге жуық жасөспірім қатысты. Шараның соңында балалар жеңімпаздармен суретке түсті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)