Өлең, жыр, ақындар

Теңіз Мұнай Газ кен орны

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі
«Электромонтер» мамандығының І курс студенті: Абиров Саян Дауылбайұлы
Химия  пәні оқытушысы: Ергалиева Назгуль Муратовна

 

Жоспар

1. Дүние жүзіндегі бірегей газ кен орындарының бірі.
2. Теңіз мұнай кен орынының ашылуы туралы.
3. Жіберілген техниканың кеншіліктен жерасты қысым-салмағы туралы.
4. 1991 жылы сәуірдің 6-да Теңіз алаңындағы заводтың 1-ші кен орыны іске қосылады.
5. Қолданылған әдебиеттер.

Теңіз мұнай кен орны - Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі. Ол 1979 жылғы 18 желтоқсанда ашылып, 1991 жылы сәуір айында пайдалануға берілді.

Географиялық орны: Атырау облысының Жылыой ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым қашықтықта, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Дүние жүзіндегі бірегей –газ кен орындарының бірі – Теңіз кен орыны аумағында мұнай қоры бар екені сейсмобарлау арқылы 1974 жылы белгілі болып барлау –бұрғылау арқылы 1979 жылы ашылды.

Мұнайлы алаң 226 квадрат км, мұнай–газ 3867-5415 тереңдіктегі тұз асты қабаттарында. Теңіз мұнай алаңын игерудің көп қаржы үлкен технологияны қажет ететіні белгілі болды.

1985 жылы шілдеде Мұнай өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Теңіз Мұнай кен орынынң ашылуына және оған таяу тұзасты структураларының үлкен болашағы бар екеніне байланысты «Теңізнефтегаз» өндірістік білестігі құрылды.

Мұнай алаңын бірте–бірте іске қосу, мұнай алуға дайындық жүргізуде қиындықты сәттер болмай қалған жоқ.

Оның біреуі 1985 жылы маусымның 25-де Теңіз алаңындағы №37 скважинда болған бұрын соңды болмаған.

Жіберілген техниканың кемшіліктен жарасты қысымымен салмағы 160т 4,5 км труба 9 минутта атылып шықты. 4467м тереңдіктен  900 атмосфера  қысыммен атқылаған күкірт сутекті , улы газ аралас мұнай фантаны жанып ,жалын 200м , биіктікке дейін жетті, Температура Факел мыңында 500,факелдің өзінде 1500 градус болды. Атқылаған мұнай –газ бір  жылдан астам уақыт жанып тұрды. Бөлінген улы заттар маңындағы жан-жануарларды құртты деуге болады.

Авариялық мұнай және газ фантанын болдырмау және жою жөніндегі әскери бөлім бастығы Некрасовтың командасы бірінші жетіп, скважина сағасын мұқияттайтын превентрді жауып үлгерді.

Бұдан әрі Теңізді игеруі қарқыны, орта берді. «Теңізнефтегаз» өндірістік бірлестігі қызметін күшейтті, мұнай беруге әзір скважиналар саны көбейді. 1986 жылы ақпанның 6-да бірінші қазығы қағылған теңіз газ айыру зводы, вахталық посалке Құлсарыдағы ықшам аудандар бой көтере бастады.

1991 жылғы сәуірдің 6-да Теңіз алаңындағы заводтық 1-ші кезегі КТЛ -1 іске қосылды. Жер қойнауындағы мұнай, газ тұрбамен заводқа жөнелтіле бастады. КТЛ-1 1991 жылы 1,3 млн 1992 жылы 2,9 млн тонна мұнай шығарып күкірт және күкірт сутекті көптеген фракциялар өндірді. Теңіз комплексін жасауда 3,5 млрд санның құрылысы жұмысы атқарылды.

1989 жылдың басынан бастап 1991 жылдың аяғына дейін партком, профком, камсомол комитеті бірлестігі құрылды.

Қазақстан СССР-дың құрамында болған кезде барлық кәсіпорындар мен мекемелерде партия, кәсіподақ ұйымдары болып, олар халықты еңбекке тәртібін нығайтуға жұмысн жүзеге асыруда кадрларды іріктеп, өсіруде үлкен рөл атқарады.  



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз