Өлеңдер бөлімі

Металдарды пісіру технологиясы

Шымкент аграрлық колледжінің
Э-161 тобының студенті: Шынықұл Асылжан
Жетекші: Айтмырзаев Тоғысбай

 

Металдарды өңдеуде ең көп тараған технологиялық процестердің бірі пісіру.

Пісіру деп - пісірілетін жапсарды пластикалық немесе сұйық күйге жеткенше қыздыру арқылы металдарда ажырамайтын қосылыс жасауды айтады.

Пісірудің мәні — пісіру жапсарындағы метал бөлшектерінің бір-бірінен өз ара қашықтықтарын молекула аралық қашықтыққа дейін жуықтату болып табылады.

Пісірудің тәсілдері.    

Пісіру тәсілдеріне анықтама

Қысыммен пісіру - жапсарланатын беттерді пластикалық күйге дейін қыздырып үлкен қысыммен қысу арқылы ажырамайтын қосылыс жасау.

Балқытумен пісіру - жапсарланатын беттерді сұық күйге дейін балқытып ажырамайтын қосылыс жасау.

Баллондардан қоректенетін газбен пісіретін пост.

Пісіру жұмыстарын орын-дауға қажетті құралдар және құрылғылармен арнайы жабдықталған орынды пісру посты деп атайды:

1-үстел, 2-пісірілетін бөл-шек, 3-толтырылатын металл, 4-қыздырғыш (горелка), 5-рукав, 6-ацетилен редукторы, 7-оттегі редукторы, 8-жанғыш зат

ГНВ-1,25типті ацетилен генераторының құрылысы мен жұмысы.

1- корпус, 2-бөлгіш қабырға, 3-трубка, 4-кран, 5-резина рукав, 6- реторта, 7-тор корзина, 8-бақылау краны, 9-сулы бекіткіш,10-воронка,11-кран,12-рукав,13-трупка,14-конус тәріздес ыдыс.

ГНВ-1,25 типті ацетилен генераторының құрылысы мен жұмысы.

Кранды 4 ашқанда резина рукав 5 арқылы ретортаға 6 су барады. Ретортадағы корбитпен жанасқан су химиялық реакцияға түсіп ацителин газын шығарады. Судың  деңгейі краннан 4 төмен түскенде берілу тоқталады. Генератордағы пайда болған ацителен резина рукав 12 арқылы сулы бекіткішке 9 барады. Ары қарай қыздырғышқа беріледі. Пісіру тоқтатылған кезде генератодың төмен жағындағы ацителиннін қысымы жоғарылап ретортадағы суды конус тәріздес ыдыс 14 арқылы жоғары ығыстырады.

Контактілі электірлі пісіру

Металдарды контактілі электрлі пісіру деп- жапсарласатын беттерді пластикалық күйге дейін қыздырып үлкен қысыммен қысу арқылы  ажырамайтын қосылыстар жасауды айтады.

Металдарды қыздыруға күші 100 000 амперге дейін, кернеуі 0,3-10 вольт болатын электр тогы қолданылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Dilnur

Juqa metaldi danekerleu

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...