Өлең, жыр, ақындар

Ұстазымызды өзгеше таныстыратын уақыты келді

Қазіргі уақытта ұстаз мәртебесі мен беделі, оның біліктілігі жайлы отандық БАҚ беттерінде көп талқыланатын маңызды тақырыпқа айналды. «Ұлт болашағы - ұрпақ десек, ұрпақ - болашағы ұстаздардың қолында » екені қай кезде де белгілі. Сондықтан да, кейбір сайттар ұстаздың қоғамдық өмірі туралы жазады, кей бірі сабақ беру әдісі мен тәжірибесін жазады. Ал бүгінгі ұстаз тегін қоғамдық жұмыс күшіне айналды, сенбіліктер де, түрлі әлеуметтік-көпшілік жұмыстар да қосалқы маманның міндетін атқарып жүр деп дабыл қағатындар да аз емес.

Көптеген БАҚ-ды оқыған кезде ұстаздар өмірдегі ең төменгі деңгейдегі және құқы бұзылған қоғам мүшесі ретінде таныстырылады. Дегенмен, қазіргі заманда ұстаз дегеніміз кім және дәрежесі қандай деген сұраққа нақты жауап беретін уақыты келді.

Өзімізден бастасақ, қазіргі орта буын өкілдері, оқушы болған кездерінде ата-аналар тарапынан ұстаз мәртебесі туралы тәрбиелік жұмыстар жүргізілетін. Себебі, біздің ата-аналарымыздың назарында ,ұстаз - беделі биік және өмірлік тәжірибесі бай, жоғары сауатты маман еді. Ұстазды қадірлеу және жоғары бағалау , болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызды екенін ата-аналарымыз түсінген еді.

Осындай тәрбие алған біз ұстаздарды қадірлеп, дәрежесін одан әрі көтере түсуіміз қажетті еді. Керісінше, біз ұстаздарды тиісті дәрежеде қадірлей алмайтын болдық. Бұған не себеп? Тәрбие мәселесінде олқылылық жіберіп алдық па, әлде ұстаз деген атқа кір келтіретін ұстаздар көбейді ме? Жоқ, болмаса ұстазды менсінбейтін шәкірттер, ұстаздың кім екенін танығысы келмейтін ата-ана көбейді ме?

Шынтуайтына келгенде, мұның барлығы біздің ұстаздарымызды жан-дүниесін түсініп, тиісті дәрежеде тану мүмкіндігін жіберіп алуымызда. Яғни, ұстаздарымызды БАҚ-та берілетін ақпараттар арқылы ғана танып білуімізде. Қазіргі уақыттағы ата-аналар көпшілігі жоғары білімді, оқыған немесе өздерін білімді санайтын адамдар.

Десе де көбіміздің ұстаздардың беделі мен біліктілігі туралы білетініміз тек қана, БАҚ-тың айналасындағы ақпараттар ғана. Әрине, қазір мектепке, университеттерге барсаңыз, сабақ беруге қатысып көрсеңіз, ұстаздың жоғары білімді және кәсіби маман екенін көруге мүмкіндігіміз бар. Кабинеттерде ұстаз және оқушы жетістігі, көркемдік материалдармен көрініп тұр. Бұл жетістікті көретін ұстаздар мен оқушылар ғана. Ал, ұстаздың еңбегінің нәтижесін нақтылайтын және жалғастыратын Ата-ана бұл жетістіктерден ешқандай хабары жоқ.

Ұстаз туралы ақпарат жетіспеушіліктен Ұстазды тиісті дәрежеде сыйлай білу жетіспейтіні белгілі. Сондықтан, Ұстаздарымызды кәсіби жағынан жаңаша танытып, қоғамда Ұстаз мәртебесін өзгеше танытудың уақыты келді. Олқылықтардың орнын толтырып, мұғалім беделін көтерудің нақты жолдарын көп болып ойластырсақ екен? Мысалы, Серпін Медиа ақпарат орталығы осы бағыттағы қызметтері үлгі ретінде көрсетуге болады!


Темірхан Əбдіков, Арыс қаласындағы Ж.Байғұттиев атындағы өнер мектебінің оқытушысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз