Эссе және өлең-жыр байқауы

Махамбетке арнау

Жамбыл облысы, Шу қаласы
№49 негізгі мектебі
9 сынып оқушысы: Сұлтанғали Әлімжан
Жетекшісі: Суттибаева Ляззат Пернебекқызы

 

Соғыс кезде салып атой – дүбірді,
Бабаларым күресіп, жауға қарсы жүгірді.
Ата жауға қарсы шығып, қан кешіп,
Қорғады олар ұлан байтақ жерімді.

Махамбет аға, елді қорғап, жер сүйіп,
Жауға қарсы әскер алып, күш жиып.
Ал, бүгінгі ұрпақтары ұмытпай,
Қадір тұтып, қастерлейді бас иіп.

Махамбеттей ағам бар өр намысты,
Жауды шайқап, найзасымен шаншыды.
Мықты қайсар өр мінезін танытты,
Халқым аман болсын деді оның жүрегі!

Жырларыңмен дүбірлеттің халықты,
Күйлеріңе барлығы да қанықты.
Тыным таппай елін қорғап күндіз-түні
Халқы үшін жанын аямады.

Рухыңа тағзым етемін,
Өзіңе бас иемін,
Елім деп еңіреген Махамбет,
Жырыңды жырлап өтеміз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Гүлғайша Балаубекова

Махамбетке арнау күшті

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...