Өлең, жыр, ақындар

Фариза Оңғарсынова

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004). Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері.

Фариза Оңғарсынова

1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді. Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. 2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті.

Фариза Оңғарсынқызының кейбір туындылары:

Жақсылық туралы жыр

Мақатаев туралы жыр

Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын

Дүние бос қалды ғой сен кеткелі

Аққайыңға айналып соққан жүрек туралы

Әнмен қағып аспанның қақпаларын...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ақын жазушылар

Акерке

Орны ерекше ақын ғой

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз