Өлең, жыр, ақындар

Балаларды бағдарламалауға үйрететін 15 сайт пен ойын

Біздің қалауымыздан тыс оқу күн санап ойынға айналып келеді. Бұл, әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларына қатысты. Дәл осы себепті ерте жастан информатикаға үйрететін сайттар мен ойындар тізімін ұсынуды жөн көрдік.

Бүгінде технология қарыштап дамыған уақытта балаларымыз ғаламат ақпараттық ортаға тап болғандай. Олар үшін қолжетімсіз дүние жоқ. Жоғары технология, ғаламтор заманы әлемнің бір бұрышында отырып, түкпір-түкпірінен ақпарат алуға мүмкіндік береді. Тіпті ойындардың көмегімен көптеген дүниеге үйрене аласыз.

Тізімде ұсынылған балалар үшін пайдалы қосымшалар бағдарламалаудың негізін меңгеруге арналған. Мұндағы ойындарды бірнеше топқа бөлуге де болады. Ойжұмбаққа, шытырманға толы және ойлау қабілеті мен зейінділікті дамытуға арналған ойындарды бірге топтастыра аласыз. Екінші топқа енетін ойындар қатарында музыкалық қосымшалар, сандық шығармашылыққа қызығушылықты дамытуға арналған қарапайым видео өңдеуге арналған бағдарламалар мен сурет салуға арналған қосымшалар енуі мүмкін. Ал интербелсенді кітаптар, ертегілер, аудиокітаптар, баланың вербалды және аудиалды мәдениетін дамытатын қосымшаларды үшінші топқа енгізуіңізге болады. Олар баланың сөздік қорын байытып, тұлғаның дамуына себін тигізеді.

Сomputer science(қолданбалы бағдарламалау және жобалау ғылымы) аталатын жаңа білім саласын баланың 4-6 жасынан оқытқан абзал.

Бұл жаста баланың қоршаған дүние туралы түсінгі қалыптасады. Ал ойын қашан да оқыту құралдарының бірі болып келген. Ал бүгін оқудың басты құралы ретінде гаджеттер (планшет, компьютер) алғы қатардан көрініп, баланы сандық білім әлеміне бастайтын жетекші құралға айналуда.

Code.org — жағымды интерфейс және бағдарламалау тілі қызметінің негізгі принциптері туралы қарапайым ойындар. Бұл балаларға қажетті білім беретін жоба. Қазақ тілі де қамтылған.

Crayon Physics Deluxe — баланың инженерлік ойын дамытып, түрлі жүйелер мен физикалық қозғалтқыштар жағдайында бағдарламалауды түсінуге көмектесетін тамаша ойын. Тіпті бағдарламалауға ғана емес, есепті интеративті процесс арқылы шешу логикасына үйретеді. Ал ол өз кезегінде аса маңызды тәрбие пәні болып табылады.

Lightbot — робот қимылының алгоритмін құруға арналған қарапайым оқыту материалына, жағымды графикаға ие ойын. Оқушының сценарийге мұқияттылығын дамытып, кейіпкердің қадамдық іс-әрекетін түсінуге үйретеді.

CodeCombat — Python, JavaScript, Lua және экзотикалық CoffeScript кодтарына ойын түрінде үйретумен айналысады.

CodeMonkey — кейіпкерімаймылдың көмегімен синтаксис принциптерін үйрететін ойын.

Ceebot — C++ командаларын қолдану арқылы кейіпкерлерді басқару.

Cargo-Bot — мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың «айпэдтеріне» арналған қарапайым қосымша.

Tomorrow Corporation — ойыншы әр кезең сайын «ойын басқарушысы» беретін тапсырмаларды шешеді. Мысалы, құрастырғыш пазлдардың көмегімен модульдік функциялар менолардың қарапайым командалар негізіндегі амалдарын құрастыруға болады.

Scratch — болашақ бағдарламашының ой-өрісін дамытатын қосымша.

Kodu Game Lab — Microsoft Research командасы ұсынған оқытуға арналған ауқымды жоба. Дербес компьютерге арналған нұсқасы тегін болса, Xbox-қа арналған нұсқасының құны – 5 АҚШ доллары. Ол ойынды жобалауға, виртуалды әлем құруға, модульділікке үйретеді. Кодтау және бағдарламалауға қатысты пайдасы аз болғанымен, ойын қосымшаларының дизайн негізін үйретудегі көмегі мол.

Hopscotch — iPad-қа арналған қосымша. Жағымды дизайнге ие бұл қосымша кодтауға қатысты негізгі ұғымдарды түсінуге көмектеседі.

ПиктоМир — РАН техникалық тапсырмасы бойынша жасалған ресейлік жоба. Қосымшаның артықшылығы – орыс тілінің енгізілуі. Алайда мұның бағдарламалау негізін үйренуде кемшілігі жоқ емес. Себебі ағылшын тілін білу бағдарламалау тілін үйренуді жеделдетеді.

RoboZZle — нұсқар әрекетінің алгоритмін құруға арналған қосымша. Балаға алгоритмдер теориясын тәжірибе жүзінде үйренуге мүмкіндік береді.

Kodable — кішкентай балаларға да жарайтын ойын. Олар ойын барысында шар тәрізді кейіпкерлердің іс-әрекет сценарийін құра алады.

Ал мүлдем кішкентай балалар үшін (4 жастан жоғары) iPad-қа арналған шағын қосымшалар бар:

- Robo Logic

- LightbotJr: Coding Puzzles for Ages 4+

- Lightbot — ProgrammingPuzzles

Әрине, мұнда бағдарламалауға қатысты қосымшалардың барлығы көрсетілмеген. Алайда дәл осы қосымшалардың көмегімен баланы бағдарламалау әлемімен таныстыруға болады.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Саттар

Сайттар шынымен де күшті екен, ойындар, программалар қалай жазылатынын түсінү үшін, логиканы дамыту үшін шын мәніде таптырмас дүние екен, балама ұнады, негізі балаға қызықсыз пайдасыз есептерден осындай ойындар пайдалырақ шығар...

Дастан

Керек сайттар екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз