Эссе және өлең-жыр байқауы

Кейбір пәндер бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін – Е.Сағадиев

Алдағы уақытта оқушыларға кейбір пән бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп Baq.kz хабарлайды.

«Біз электронды күнделік және электронды оқулық болғанын қалаймыз. Ең маңыздысы, мектеп дәліздерінде шкаф болуы керек. Сондай-ақ, үй тапсырмасына шектеу қойылмақ. Бүгін немесе ертең арнайы хабарландыру шығады. Осыған дейін мектеп директорларының екі тобы мен әдіскерлер оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көлемін зерттеген болатын. Біздің осы мәселеге қатысты ұсынысымыз бар. Яғни үйге берілетін тапсырманың уақытын 40 минутқа қысқартуды жоспарлап отырмыз. Болашақта кейбір пәндер бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін», - деді министр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (7)

Жазира

Үйге тапсырма керек емес! Пайдасы жоқ! Үйренетін нәрсені сол мектептен үйреніп келсін. Үйде бала ойнау керек, басқа нәрсемен айналысу керек.

нурия

Үйге тапсырма берілуі керек. Егер тапсырма берілмесе, екі мезгіл (түске дейін де, түстен кейінде) сабақ оқулары керек. Оқушы өз бетімен тапсырма орындамаса, сабақты қалай үйренеді. Жас кезінде білім алу үшін қайта көбірек жұмыс жасау керек емеспе?

Мурат

Үйге тапсырма уактын қысқарту дурыс

Рая

Оқушыға үй тапсырмасы берілгені дұрыс деп ойлаймын, себебі қазіргі оқушылар үй тапсырмасын орындап келуге жауапкершілікпен қарайды деп айту қиын. Аз болса да тапсырма берілсе...балаға пайдалы, себебі балалардың сабаққа əзірлігі де көңіл көншітпейтіні рас. Мүмкін ата-ана бақылауы ойдағыдай болмағандық та бір себебі болар...десек те...баланың өзі үй тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігін терең ұғына білсе...шамасы жеткенше сол тапсырманы орындауға ниет етсе, оның бала білімі сапасына жақсы пайдасы тиеді.

аксулу

окушы тусинбеитин пан уиге берди не бермеди не барибир

ата-ана

Үй тапсырмасы берілгені дұрыс!
Әйтпесе ата-ана баласының білімді игергенін қалай біледі?

Жазира

Ата-ана баласының білімді игергенін бағалардан немесе мұғалімнен біледі,

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...