Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Мемлекет

Алматы облысы, Талғар ауданы,  Дәулет ауылы  
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№11 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ
9 «Ә» сынып оқушысы: Абатбаев Қазыбек
Жетекшісі: Қадырқожақызы Мөлдір

Мақсаты: Мемлекет ұғымына анықтама береді және түрлері мен тарихи тұрпаттарына талдау жасайды, досының көмегін пайдаланады;

1. Мәліметті талдау танысу /15 мин/

1/ Анықтама. Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт – мемлекет.

2. Тану.

2.1. Мемлекеттің белгілері              
- Билік органдары
- Тұрғындары
- Шекарасы     
- Тәуелсіздігі, егемендігі
- Салық жинайды
- Заң шығарады

2.2. Мемлекеттің түрлері          
Жер көлемі:
- Ресей
- Қазақстан
Тұрғын саны:    
- Қытай
- Қазақстан 17 млн 630,7 мың адам

2.3 Мемлекеттің тұрпаты      
- Аграрлы: Құл иеленуші
                Феодалдық
- Индустриялық
- Постиндустриялық

2.4. Қоғамдық өмір аялары    
- Экономикалық, Әлеуметтік,
- Саяси, Мәдени-рухани.    

3. Ерекшелігі. Грек философы Демокрит «мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділдік әкелуі керек» деген. Пайымдауынша, жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі.

4. Салыстыру.

4.1. Экономикалық аясы – өндірісті ұйымдастыру,өндірістік қатынастар, адамның еңбегі,материалдық игілік. Мыс: тұрғын үй, киім, көлік, тамақ т.б

4.2. Әлеуметтік аясы - қоғам мүшелерінің таптар мен топтарға, қабаттарға бөлінуі. Мыс: біліміне, кәсібіне, меншікке, нәсілі, тұрған жері, ұлты, жынысы, жасына қарай жіктелуі.

4.3. Саяси аясына - мемлекет және мемлекетті басқару, билік, саясат, идеология, қоғамдық-саяси бірлестіктер, мемлекетті басқару органдары, сайлау, референдум өткізу мәселелері.

4.4. Мәдени-рухани аясы-ғылым, білім, өнердің дамуы және ұлттық, жалпыазаматтық құндылықтарды меңгеру, Отаншылдық, махаббат дүниесі.          

5. Экология.

Жойылып кеткен мемлекет – Жоңғарлар. Жойылу қаупі төнген мемлекет жастарының саны аз, туу деңгейі төмен, қарттарының саны көп,

арақ, темекіні төмен жастан бастап қабылдаған мемлекет. Мысалы:..............

6. Болашақ. Қазақстан – мемлекеттің барлық белгілері қамтылған, дамыған 50 ел қатарына кірдік, дамыған 30 елдің қатарына кіреміз, спортшылар әлемдік деңгейде танытуда, жастар «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда. Әлемдік деңгейде көрме ұйымдастырылуда – «ЕХПО-2017». Тарихи мәдени - мұраларымыз әлем ғалымдарының назарын аударып отыр.

7. Қорытынды. Құл иеленуші мемлекеттер: Ежелгі Египет, Грекия, Рим, Урарту, Үнді, Қытай. Билікті жүргізеді – құл иелері, өндіргіш күш – құлдар. 6-12ғ Қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік,Батыс Түрік, Қимақ,Қыпшақ мемлекеттері, өзге аумақтардан Киев Русі, Батыс

Еуропадағы Ұлы Карл мемлекеттер – феодалдық мемлекеттер.
Алғашқы индустриялық мемлекет - 16 ғ Нидерланды,17ғ Англия,18ғ Франция.
Постиндустриялы мемлекеттер – АҚШ, Жапония.

8. Нәтиже. Социолистік деп аталған тұрпаттағы мемлекет құруға тұңғыш әрекет жасаған – Франция. 1871 ж ревалюцияның нәтижесінде 70 күн өмір сүрді. Дүниежүзі тарихында із қалдырған – КСРО. «Экономикалық өзара көмек» - ұйымына он социалистік елдер бірікті. Аяғында экономикасы нарықтық жолмен дамыған капиталистік елдер қатарына қосылды.

2-тапсырма. Сөзжұмбақ құрамыз. «Мемлекет» сөзіне. /8 мин/

М/ Жер аумағы 244,1 мың шаршы шақырымды құрайтын мемлекет.
Е/ Тұрғынының саны 238 млн адамды құрайтын мемлекет.
М/ Құлиеленуші мемлекет.
Л/ Батыс Еуропадағы феодалдық мемлекет.
Е/ Алғашқы индустриялық мемлекет.
К/ Экономикасын нарықтық жолмен дамытқан елдер.
Е/ Қоғам мүшелерінің таптарға, топтарға және қабаттарға жіктелу аясы.
Т/ «мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділдік әкелуі керек.....» деп айтқан грек философы.

3-тапсырма. Синквейн. 1-топ. Экономика, Әлеумет. 2-топ. Саясат, Рухани-мәдениет. /13 мин/

1-зат есім – Экономика
2-сын есім –өмір,өнім,еңбек.
3-етістік – өндіреді,импортап,тағы экспорттайды.
4-сөйлем.тұрғын үймен-киіммен,тамақпенен-көлікпен қамтамасыз ететін.
5-синоним – шаруашылық.

4-тапсырма. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру «ИӘ»-қол шапалақтайды, «ЖОҚ» аяқты тарсылдатады  /6 мин/

1-топ
1. Мемлекет тұрғындары әкімшілік аумаққа бөлінеді.
2. Мемлекеттің шекарасы, анық белгіленген аумағы болмайды.
3. Мемлекеттің ең маңызды бөлгісі-оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі.
4. Әскер, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинамайды.
5. Мемлекет нормативтік-құқықтық актілер шығармайды.

2-топ
1. Мемлекетті басқару органдары, сайлау және референдум өткізу қоғам өмірінің саяси аясы болып табылады.
2. Египет, Рим, Урарту, Үнді, Қытай социолистік мемлекеттер.
3. Франция 1871 ж ревалюцияның нәтижесінде аграрлы мемлекетке айналды.
4. Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі деп аталған ұйымға он социолистік мемлекеттер бірікті.
5. АҚШ және Жапония құлиеленуші мемлекет.

5-тапсырма. Бағалау. /3 мин/

 қызыл-2, сары-3, жасыл-4, көк-5 түстер бойынша.

Анықтама

Тану

Ерекшелік

Салыстыру

Экология

Болашақ

Қорытынды

Нәтиже

Сөзжұмбақ

Синквейн

Сауалнама

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...