Құны 15 миллион АҚШ долларын құрайтын кванттық компьютер сатылымға шықты

Канадалық D-Wave компаниясы – коммерциялық қолжетімді кванттық компьютерлерін шығару саласын алғаш қолға алған компания. Кванттық компьютерлердің алғашқы үлгісі 2007 жылы шыққан. Ол – 16 кубитті және 28 кубитті Orion компьютері еді. 2011 жылдың мамыр айында 128 битті чипі бар D-Wave One, мұнан соң 512 кубитті чипі бар D-Wave Two үлгілері сатылымға шықты. D-Wave компаниясы кванттық компьютер өндірісін мұнымен тоқтатпақ емес еді. Араға уақыт сала құны 15 000 000 АҚШ долларын құрайтын процессоры 2 000 кубитті D-Wave 2000Q компьютері сатылымға шығарылды.

«Мұндай компьютердің қажеті не?» немесе «Кванттық компьютер сұранысқа ие бола алмайды» деп ойласаңыз, қателескеніңіз. Компьютердің жаңа үлгісін иемденгісі келген сатып алушылар кезекке тұруда. Әрине, көптеген беделді ғалымдардың пікірінше, мұншалық қымбат техниканы сатып алу – ақылға қонымсыз. Дей тұрғанмен, жаңа компьютерді алғаш иеленуші компьютерлік қауіпсіздікпен айналысатын Temporal Defence Systems компаниясы болмақ. Кванттық компьютерлердің қауіпсіздік бойынша мамандарға ұшырасатын кешенді мәселелерді шұғыл түрде шешуге мүмкіндік беретініне компания басшылығының сенімі зор. Сонымен қатар өзге ғаламшарларды зерттеуге арналған роверлерді жасап шығаратын ғалымдар да кванттық компьютерге қызығушылық танытқан.

Кванттық компьютер мен біздің қолданысымыздағы дәстүрлі компьютерлердің айырмашылығын салыстыру – оңайдың ісі емес. Есептеу тұрғысынан алғанда кванттық компьютердің басымдығы мол болғанымен, ұтылатын тұстары да жоқ емес D-Wave 2000Q өндірушілері компьютердің жаңа үлгісінің машиналық оқытудағы артықшылықтары мол екендігін алға тартады. Десе де кванттық компьютерде жұмыс істеу үшін, бағдарламалық жасақтаманы толықтай бейімдеу керек. Ал ол мамандардан біраз уақыт пен күшті талап етеді. Не де болса, D-Wave компаниясы жаңа үлгілерді ойлап табу жұмыстарын тоқтатпақ емес. Сондықтан алдағы күндері кванттық компьютердің анағұрлым күштірек үлгілерімен танысатынымыз анық. Ал құны аспандап тұрған кванттық техниканың бізге қажеті бар ма? Сіздің пікіріңіз қандай?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Raimbek

Бұларың да болашақта кішірейіп, арзандайтын шығар. Кәзірдің өзінде қолдағы телефондар бұрыңғы пентагонның компьютерлерінен мықты, болашақта қандай болатынын елестетсем фантастикалық кинолар есіме түседі

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)