Өлең, жыр, ақындар

«Болашақ» студенті оқу үлгерімінің нашар болғаны үшін 25 млн. теңге төлейді

«Болашақ» студенті сабақ үлгерімінің нашар болуына байланысты 25 млн теңге төлейді, деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

«2009 жылы Республикалық кадрларды шетелде даярлау комиссиясының шешіміне сәйкес, С.есімді азамат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, Ұлыбританияда «Құрылыс және архитектура» мамандығы бойынша білім алу туралы қаулы шықты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен студент арасында білім беруді ұйымдастыру туралы келісім жасалды. Келісімге сәйкес, жауапкердің академиялық үлгерімі «жақсыдан» төмен болмауы керек еді», - делінген хабарламада.

Сотта белгілі болғандай, жауапкер үлгерімі туралы бөлімдегі талаптарды орындамай, келісімді бұзған. Ол «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айырылып, шетелде білім алуға жұмсаған шығындарды қайтаруға міндеттелді.

Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен С. есімді азамат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның пайдасына 25 675 842 теңге ақша төлейді.

Сот шешімі заңды күшіне енді. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар