Неге позитивті ойлау мақсатқа жетуге кедіргі келтіреді?

Позитивті ойлау өмірдегі нәтижелілік пен өзін-өзі бағалауға кері ықпал етеді.  Өмірлік жетістіктерге жету үшін кедергілер мен қиыншылықтар туралы да ойлау қажет. Психология ғылымының профессоры Габриэль Эттинген позитивті ойлауға балама ұсынған Rethinking Positive Thinking: Inside the New Science of Motivation кітаптың авторы осындай пікір айтады.

Көпшілік адамдар позитивті ойлау нәтижесінде мақсатқа жетуге болады деп сенеді. Психология және өзін-өзі дамыту бағыттарындағы көптеген кітаптардың авторлары  позитивті ойлау үнемі жақсы көңіл-күйде жүруге көмектеседі және өмірдің жақсы жаққа қарай өзгеруіне алып келеді деп тұжырымдайды.

Алайда барлығы біз ойлағандай емес. Қысқа мерзімді перспективада  позитивті ойлау өзіңді жақсы сезінуге көмегін тигізеді. Бірақ ұзақ мерзімді перспективада ол сіздің уәждемеңіздің нәтижесіздігіне және мақсатыңызға жетуге кедергі келтіреді.

Позитивті ойлау мақсатқа жетуге қалай кедергі келтіреді?

Габриэль Эттинген өзінің әріптестерімен бірлесе отырып,  бірнеше ондаған жыл ішінде  жүргізген зерттеулер нәтижесінде позитивті ойлау мен төмен нәтижелілік арасындағы байланысты анықтады.

The Motivating Function of Thinking About the Future: Expectations Versus Fantasies экспериментіне сүйіктісі алыста тұратын студенттер тартылды. Тәжірибеге қатысқан студенттерден сүйікті адамымен кездесуге олардың дайындығы, сондай-ақ оқиғалық қарым-қатынастың болашақ көрінісін сипаттап беруі сұралды.

Бес айдан кейін ғалымдар тәжірибеге қатысқан студенттерді тағы да бақылауға алды. Нақты жағдайда  көптеген қатысушылар өздерінің болашақтары туралы қиял дүниелерді алға тартқан, позитивті ойлағандар арасында қандай да бір нақты әрекеттер қабылдағандар саусақпен санарлықтай болып шыққан.

Өз кезегінде Габриэль Эттинген мұндай экспериментті басқа ел өкілдерінің қатысуымен де жүргізіп көрді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес позитивті фантазия көпшілік жағдайда оң нәтиже бермейтіндігі анықталды.

Жалпы бастапқы кезде позитивті ойлау нәтижелілікті жоғарлатады, өйткені ол ойдың босаңсуына мүмкіндік береді. Сосын ол бізден энергияны тарта бастайды. Positive fantasies about idealized futures sap energy эсперименті аясында ғалымдар қатысушылардың болашақ туралы бірнеше  минутқа созылған позитивті фантазиясын бақылап көрді. Осы уақыт ішінде олардың систолалық қысымдары айтарлықтай төмендеп кетті.

Жақсы нәтиже туралы фантазия біздің мақсатқа қол жеткізгендігімізді сезінуге мүмкіндік береді. Алайда қорытындысында біз ол бойынша нақты әрекеттер жасамаймыз, позитивті ойлау қиял түрінде қалып қояды.

Ал зерттеу барысында жетістіктерге күдікпен қараған қатысушылар өздерінің мақсаттарына жету үшін көп күш-жігерлерін жұмсағандығы анықталды.

Позитивті ойлау күйзеліске қалай алып келеді?

Зерттеушілер әрекет нәтижелілігінің төмен болуы күйзелісті тудырады деп тұжырымдайды.

Психологтардың пікіріне қарағанда, күйзеліске түскен адамдардың көпшілігі нақты жағдайды бұрмаланған көзқараспен қабылдайды-мыс. Олар өзінің өміріндегі жағымсыз аспектілерді түйедей етіп көрсетеді. Күйзеліс бейсаналықта жатқан осы бұрмаланған ойлайдан туындауы әбден мүмкін. Бұл ойлауға жұмыстағы сәтсіздіктер немесе мақсатқа қолжеткізе алмау салдар болуы ықтимал.

Габриэль Эттинген осы бағытта түрлі жастағы топтар арасында Pleasure Now, Pain Later: Positive Fantasies About the Future Predict Symptoms of Depression бірқатар зерттеулер жүргізді. Зерттеу барысында қысқа мерзімді перспективада  позитивті фантазия күйзеліс деңгейін төмендететіндігін, ал ұзақ мерзімде керсінше жоғарлататындығын дәлелдеді.

Нәтижеліліктің төмендеуі мен күйзеліс белгілері арасындағы байланысты тексеру үшін ғалымдар 148 студент қатысқан эксперимент жүргізді.

Семестрдің басында сынақталушыларға алдағы үлгерімдерінің барысы туралы айтып беруге өтініш жасалды, ал ғалымдар олардың күйзелістік деңгейін бағалады. Екі ай өткеннен кейін студенттер тағы да сұрақтарға жауап беріп, сауалнаманы толтырды.

Өздерінің болашақ сабақ үлгерімі туралы позитивті негізде пікір білдірген студенттердің үлгерімі нашар нәтиже көрсетті Олар қысқа мерзімді позитивті ойлау арқылы жақсы үлгерімге қолжеткіздік деп сенді. Ал шындығында мәселе басқа... Оның басты себебі олар оқуға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмеуінде болып отыр.

Басқа зерттеу нәтижесі бойынша позитивті фантазия өз-өзіне қол салмақшы болған сырқаттарға көмегін тигізді, олардың өмірге деген құлшынысы арттырды. Алайда уақыт өте келе олар екінші рет өздеріне қол салу әрекеттерін жасады.

Егер сіздің досыңыз күйзелісте жүрген болса, оған позитивті ойлауға кеңес бермеңіз. Сіз оған жақсылық  жасаймын деп, оны жамандыққа ұшыратуыңыз әбден мүмкін.

Қарама-қарсы әрекетпен ойлау — позитивті ойлаудың баламасы

Позитивті ойлаудан бас тартпаңыз, тек оның сізге жұмыс жасауына мәжбүрлеңіз. Арманыңызды шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Тек позитивті әрекеттерді ғана алға тарта бермей, алдағы қиын кездер мен ықтимал сәтсіздіктерді де санадан шығармаған ләзім.

Габриэль Эттинген мен оның әріптестері жүргізген бірнеше зерттеу қорытындылары қарама-қарсы ойлау мотивация мен нәжижелілікті жоғарлататындығын дәлелдеді. Self-Regulation of Goal Setting: Turning Free Fantasies About the Future Into Binding Goals барысында Германияда 168 студентпен олардың армандары туралы сұрақ-жауап жүргізілді. Сондай-ақ олар осы арман-мұраттарының орындалу ықтималдығын да бағалауы тиіс еді. Онда әрбір студент өзінің мақсатын іске асыру барысындағы позитивті  мүмкіндіктері мен кедергілері туралы сөз қозғады.

Сосын тәжірибеге қатысқа студенттерді төрт топқа бөліп, оларды бағалау жүргізілді. Оның бірінші тобы қарама-қарсы әрекетпен ойлайтын топ: өзінің арманының бірінші позитивті, сосын негативті сценарийлерін көрсеткендер. Екінші тобы тек позитивті тұстарын айтқандар, ал  үшінші топ еңсерілмейтін кедергілерді ғана көрсеткен студенттер. Төртінші топ бірінші негативті, сосын позитивті сценарийлер ұсынғандар.

Екі апта өткеннен соң ғалымдар қарама-қарсы әрекетпен ойлайтын студент тобының мотивациялық әрекетке көшу процесін байқады.

Қарама-қарсы әрекетпен ойлау экспериметке қатысушыларды шындыққа жанаспайтын мақсаттардан бас тартып, барынша мүмкін мақсат-мұраттарға күш жұмсауына жол ашты.

Қарама-қарсы әрекетпен ойлау біздің күш жігерімізді ақылмен жұмсауға ғана көмектеспейді, ол бізді ықтимал кедергілерге дайын болуға бағыттайды. Бұл әдіс кедергілер бола қалған кезде жоспарланған, ақылға салынған шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

WOOP  әдісі қарама-қарсы ойлаудың ұтымды нұсқасы

Нью-Йорк университетінің психологы Питер Гольвитцер және оның әріптестері  «іске асыру интенциясы» әдісін сәтті қолданды Implementation Intentions. Strong Effects of Simple Plans. Бұл әдісте жоспар құратын қатысушы «Егер.... жағдай орын алған кезде онда...». Мәселен, «Егер мен мақсатыма жету барысында Х жағдайына тап болсам, Z  әрекетін жасаймын» деген сияқты конструкцияны пайдаланады.

Мұндай әдіспен жоспар құрушы адамдар барынша нәтижеге қол жеткізетіндігін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Габриэль Эттинген осы стратегияны қарама-қарсы әрекетпен ойлауды ұтымды үйлестіре білді. Нәтижесінде  төрт сатыны қамтитын жаттығу тұжырымын жасады. Мұны күнделікті өмірде оңай жасауға болады. Ол WOOP (Wish, Outcome, Obstacle, Plan) WOOP my life деп аталады.

WOOP әдісінің қағидарттары қандай?

1 - Сіз өзіңіздің мақсатыңыз мен арманыңызды жасайсыз (Wish).

2 - Сіз қалаған нәтижеңізді анықтайсыз (Outcome).

3 - Сіз мақсатқа жету жолындағы ықтимал кедергілер немесе проблемалар (Obstacle) туралы ойланасыз.

4 - Сіз «Егер ...., онда ....» стратегиясын пайдалана отырып, осы кедергілерді жою бойынша әрекеттер жоспарын (Plan) құрасыз.

Мысалы, сіз жұмыс берушімен әңгімелесуге дайындалудасыз, сіз өз кезегіңізде әлеуетті жұмыс берушінің көңілінен шығып, өзіңіз қалаған жұмысқа тұрғыңыз келді делік.

1 - Бірінші кезекте сіз: «Мен қабілетіммен, біліктілігіммен және жұмыс істеуге деген құлшынысыммен жұмыс берушінің назарын өзіме аударуым керек» деген мақсат қоясыз.

2 - Сосын көріністі жағдайға көшесіз. Өзіңізді еркін ұстап, жұмыс істеу қабілеттертеріңізді бөлісесіз. Жұмыс беруші сіз туралы жағымды пікірде болады.

3 - Сіз әңгімелесу барысында сізге кедергі келтіретін ықтимал проблемаларды және сәтсіздіктерді ойлайсыз. Өткен шақтағы сәтсіздіктерді ескере отырып, нақты әдіске көшесіз. Мұндағы ең басты проблема өзіңе сенімділіктің төмен болуы.

4 - Осы бағытта сіз жоспар құрасыз. Егер әңгімелесу барысында өзіңізге сенімсіздік орнаған жағдайда, онда мен өзімнің ақылды және осы саланы мықты меңгергендігім туралы ойды ойлауға тырысамын.

WOOP әдісін кәсіби салада қолдануға шектеу жоқ. Бұл стратегия тайм-менеджмент дағдыларын дамытуға, спортпен айналысуды бастауға, салмақ тастауға, барынша көп саяхаттауға, жақын адамдармен қарым-қатынасты жақсартуға, күйзелістен шығуға көмегін тигізеді.

Жалпы қорыты келгенде, WOOP мақсатқа жетудің оңтайлы әдісі. Және бұл әдістің  жаттығулары жеңіл, әрі нәтижелі.

WOOP — бұл позитивті ойлауды алмастыра алмайды. Егер сізге қысқа мерзім ойлауда оң нәтижелерге қол жеткізгіңіз келсе, онда позитивті ойлау таптырмас әдіс. Ал мерзімі ұзақ жағдайларда есіңізді жинап, жағымды эмоцияны сезіне отырып, нақты әрекеттермен жұмыс жасаңыз. Кез келген жетістік оңай келмейтіндігін естен шығармаңыз...

Шынымен де алға қарай жылжу үшін тек ғана позитивті аспектілерге ғана тұжырымдалмай, онда кездесетін кедергілер мен қиыншылықтар туралы да ескерген абзал.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Керемет стратегиялар,мен өзіме түртип алдым,өкініш

Келесі жолы тағы да түртіп алам .Гулдераш,оқытушы.

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)