Атырауда қандай мамандықтардың тегін оқытылатыны белгілі болды

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында Атырауда қандай мамандықтардың тегін оқытылатыны айтылды.

Ұсынылатын типтік мамандықтардың арасында дәнекерлеуші, аспаз, жүргізуші, шаштараз, ағаш өңдеуші, тігіншілер, сондай-ақ балық өндірісі, автомобиль жолын салу, теміржол салу, автоматтау және басқару, ақпараттық технологиялар, фермерлік шаруашылық, ветеренария, агрономия, жер қатынастары, құрылыс, сүт өнімдерін өндіру салалары бар. Облысқа ең қажетті мамандықтар әлі де нақтыланады.  Бұл туралы  Атырау облысының әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Суретте: Атыраудағы балық өсірумен айналысатын зауыттың маманы.  

Техникалық және кәсіптік білім 4247 адамға тегін берілмек. Бұлардың 250-і республикалық бюджеттен, 3997-і жергілікті бюджеттен оқытылады.

500  адамға  қысқа мерзімді курсар ұйымдастырылады. Олардың ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін.

Білім алушылар күніне бір рет тегін тамақтанады, оқу ордасына барып келу жолының ақшасы және шәкіртақы төленеді.

Қысқа мерзімді курстар сәуір айынан басталады. Оған жазылу үшін тұрғылықты мекен-жайыңызға байланысты Жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет. Қажетті құжаттар: төлқұжат, білім туралы құжат, еңбек кітапшасы.

3 жылдық кәсіптік оқуға түсу үшін жергілікті колледждерге хабарласу керек Бағдарлама аясында білім беретін колледждердің тізімі нақтыланып жатыр.

Айта кетелік, кеше Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Тамара Дүйсеновамен кездесу кезінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарды нарыққа қажетті мамандықтарды игеруге шақырған еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сайттан іздеу

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)