Өтірік әңгіме

Сабақтан келе жатсам, алдымнан ертоқымы бар шегіртке шықты. Оған мініп алып, жер жүзін бір күнде аралап шықтым. Жер жүзінің шетін көрдім. Үйіме оралсам үйімді құмырсқалар тасып салып жатыр екен. Үйімді екі күннің ішінде құмырсқалар салып бітіріпті. Бір күні жаңбыр емес, балмұздақ емес, кәмпит жауыпты. Қуанғаным сонша, бәрін теріп алдым да, сөмкеме салдым. Сөйтсем, сөмкем тоңазытқыш болып кетіпті. Жазда қар жауып, шана тептік. Күн түнге, түн күнге айналыпты. Мен бүгін ұшатын тышқан, ұшатын пырақ, ұшатын пингвин көрдім. Пингвин балық емес дельфин жепті, ал пырақ адам жепті, тышқан пингвин жепті. Қоңызыма отыра сала үйіме жөнелдім.

Алматы облысы, Сарқан қаласы
№1 мектеп-гимназиясының
5 «Ә» сынып оқушысы: Қанатбек Нұрай
Жетекшісі: Сакаева Молдир Жамалиновна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)