Өлең, жыр, ақындар

Атырауда 300 орындық спорт мектеп-интернаты салынады

Атырауда 300 орындық спорт мектеп-интернаты салынады.

«Спорт мектебін тұрғызу үшін Нұрсая мөлтекауданынан аумағы 4,6 гектар болатын учаске бөлінді. Бұл спорт ғимаратында облыс аудандары мен облыс орталығынан келген 200 дарынды бала білім алады. Облыс аудандарынан келіп оқитын балалар үшін түнейтін ғимарат ашылады. Енді олар бір жерде білім алып, жаттығып, өмір сүреді», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Оның ақпараты бойынша, интернаттың аумағында 400 орындық футбол алаңы бой көтеріп, шағын балалар турнирлері өтетін болады.

«Газонды еуростандарттарға сәйкес орнатады, жылыту жүйесі болады. Спорт залдары түрлі спорт ойындарымен, жекпе-жекпен, ауыр атлетикамен айналысуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Азамат Бекет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар