Өлең, жыр, ақындар

Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеттері

Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеттері     

Жоспары 

1. Тәрбиенің мақсаты және қоғам дамуы.
2. Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытудың маңызы.
3. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттері.
4. Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамуы әлеуметтік-педагогикалық мәселе.
5. Жекеадамның санасын қалыптастыру.
6. Тәрбие әдістері.
7. Тәрбие әдістерінің  түрлері және оларды топтастырудағы қажеттілік.
8. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары.
9. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру  немесе  жаттықтыру әдісінің маңызы.
10. Мінез-құлықпен іс-әрекетті ынталандыру немесе мадақтау, жазалау әдістерінің маңызы.                    

Мақсат - бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесінсезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды.  

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс-қимылды бағыттап, реттеп отырады.  ...Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъективтінің нақты мүмкіндіктеріне  сай келуі керек, сонда ғана адамдардың нысаналы қызметінде азаттық пен қажеттілік арасындағы диалектикалық қарым-қатынас көрініс табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс-қимыл жасағанда ғана оны өзгерте  алатын күшке айналады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді.

Орыстың ұлы сыншысы В.Г Белинский «Адамды табиғат жаратқанымен, оны өсіріп, тәрбиелейтін-қоғам»,-деп өте орынды айтқан. Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсаты және міндеттерін қарастырғанда оны әрқашанда қоғаммен  бірлікте, қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамның талаптарымен байланысты қарастырады. Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді»- деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның мақсатымен бірлікте болады. Сондықтан  да қоғамдағы тәрбиенің қызметі қоғамның мақсатын, талап-тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер  мен өндірістік қатынастардың даму дәрежесімен  байланысты анықталады. Олай болса «Тәрбиедегі мақсат  адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін  бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты. Адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. «Тәрбиедегі мақсат-адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару.»       

Қоғамның материалдық негізі мен идеологиясының өсуі әртүрлі қоғамдық-экономикалық формацияның алмасуына ықпал етеді. Ол өз алдына тәрбие мен оқытудың мақсат-міндеттерін, оның мазмұны және әдістерінің өзгеруіне де себепші болады. Бізге мәлім, ерте замандағы педагогтар әрекетінде тәрбиенің мақсат-міндеттерін белгілеуде ортақ пікір болмаған. Ол негізінде 2 бағытта өрбіген. 

1. Прогрессивтік идея-жалпыға бірдей білім бере отыра жеке басты жан-жақты, үйлесімді дамыту.                                                     
2. Реакциялық идея-үстем таптың мүддесін көздеп, дін мен идеалистік философияның теорияларын уағыздады.

Бүгінгі таңда қоғамның жаңы сатыға, жаңа сапалық жағдайға көтерілуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласында жаңа міндеттерді, жаңа талаптарды шешуді жүктеп отыр. Егерде қоғамның әлеуметтік саласында қайта құру міндеті жүктелсе, яғни, ол жалпы орта білім және тәрбие беретін мекемелер алдына жаңа сатыдағы сапа жағынан жаңа міндеттерді шешудің объективтік қажеттілігі туындағанын көрсетеді.

«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырылады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту ұғымы-оқу мен жастардың практикалық еңбегінің  тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы» 

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдары терең толғантқан. Педагогикалық және философиялық еңбектерден «жан-жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен  бастау алған /XV-XVIғ.ғ/. Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуы, жетуі-тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы.

Аристотельдің көзқарасында - дене, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистер Витторино да Фельтре, Ф.Рабле, М.Мантень, Э.Роттердамский жан-жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның «эстетикалық дамуы» қажеттілігіне назар аударды. Кейіннен жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер социал-утопистер Томас-Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен-Симон еңбектерінде де дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның барлық мүшелері қатысқан «еңбек пен оқытудың бірлігін» жан-жақты даму деп қарастырды. Бірақ та қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман «утопистік» сипатта қала берді.

XVIIғ француз философ-ағартушылары Гельвецию және Дидро еңбектерінде бұл ойдың негізіне «ақыл-ой мен адамгершілік тәрбиесін» қарастырады. Ж.Ж Руссо бұл пікірге терең талдау жасап, табиғатпен дұрыс қарым-қатынас жасай білетін барлық балаларды еңбекке тарту қажеттігі жайында өз пікірін уағыздайды.

Жан-жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл-демократиялық педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г Чернышевский мен Н.А Добролюбовтар да қолдады. Н.Г Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы-қоғамдық идея жағынан ұстамды, күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын «азаматтық істерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдірді.

Маркстік философияның негізін қалаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс тұлғаның жан-жақты дамуы жайлы пікірлерінде «ақыл-ой» тәрбиесімен «дене» тәрбиесін бірлікте қарастырып, жастардың практикалық қызметін «техникалық оқумен» ұштастырды. Тәрбиенің мақсатын қоғам дамуымен бірлікте қарастырып, қоғамдағы өндіріс күштерінің даму заңдылықтарына терең талдау жасап, қоғамдағы еңбек бөлінісінің біржақтылығы, адам баласының біржақты дамуына әсер еткенін, еңбек тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесінің  алшақтығы таптық қоғамда тәрбие мақсатының сипатында екі жақты айырмашылықтың болғанын өз дәуірінде ғылыми түрде дәлелдеп берді. Сонымен қатар, олар барлық жастағы адамдарда қабіліт, талант немесе дене тәрбиесі біркелкі дамымайтындығын айта келе, ол үш»н жас өспірімдерге бірдей жағдай туғызу қажеттігіне аса назар аударды.

К.Маркс пен Ф.Энгельстің пікірлеріне терең талдау жасап, Ленин адам баласының бойындағы таланттың сырын ашып, оған жағдай жасайтын күш «мектеп» екендігіне, тұлғаны жан-жақты дамытуда мектептің негізгі құрал болатындығына көз жеткізе дәлелдеді.                             

Қорыта айтқанда, тұлғаның жан-жақты дамуына арқау болатын М.Жұмабаевтың айтқан «Тәрбиедегі мақсат - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» деген пікіріне қосыла отырып, ол ушін әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, дербес ерекшеліктерін жан-жақты әрі үйлесімді дамыту қажеттілігіне сай.                                                                   

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:

- отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықты тәрбиелеу.

- ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу.  

- адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу.

- еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу.

- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу.

-  денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу.                            

- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы-жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу т.с.с

Әрбір мектеп мұғалімнің алдында, міне осындай оқушы тұлғаның балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше.

Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады. Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін біріңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру «тәрбиенің салалары» ақыл-ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады. 

1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып отыру.                     
2. Оқу-тәрбие беретін  мекемелердің материалдық-техникалық  базасын үнемі жақсартып отыру.
3. үндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен білім алу жолымен де жастардың білім алуы үшін кеңмүмкіндіктер беру.
4. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесін құру: клубтар, мәденет сарайлары, кітапханалар, лекторийлар т.б ұтымды ұйымдастыру.
5. Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене тәрбиесімен күн сайын айналысуын насихаттау, мүмкіншілікжасау.  Спорт секцияларын ұйымдастыру, спорт залдарын қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.                                                                       
6. Халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-жағдайын, материалдық ахуалын жақсарту.
7. Тәрбие процесінде халықтық педагогиканы кенінен пайдалану. Аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірбиесін меңгерту.  
8. Жастардың бос уақытын,демалысын тиімді ұйымдастыру, өздері қалаған шығармашылық жұмыстармен айналысуға барынша қолдау көрсетіп, жағдайлар туғызу.
9. Тәрбиешілердің білім дәрежелері мен шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыру қажет.             

Осы мәселелерді өмір талабына сай ұйымдастыру, жас ұрпақты «үйлесімді» етіп тәрбиелеудің негізі  болады. Жеке тұлғаны барлық жағынан қалыптастыруда тәрбие салаларының міндеттерін  жүзеге асыру, олардың бірлігі мен өзара байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор. Себебі, жеке тұлғаның қасиеттері жеке дара болып қалыптаспайды. Керісінше, олар әрдайым бір мезгілде, тұтастық принципіне сай құрылады. Сондықтан да тәрбие процесін  жоспарлау, оның мазмұны мен әдістерін, сондай-ақ нәтижесін жүйелі есепке алу, бағалаудың бірлігін қамтамасыз ету, яғни тәрбие қызметінің барлық буындарының бірлігін, өзара байланысын қамтамасыз ету әсіресе мектептің осы бағыттағы жұмыстарының негізгі бір буыны болып есептелінеді.

Кеңестік педагогиканың алғашқы қалыптасып даму кезеңдерінде тәрбие теориясының жалпы негіздерін жасауға, оның негізгі мазмұнын, принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсетуге баытталса, 30 ж бастап тәрбие беру қызметінің жеке түрлерін, ақыл-ой, қоғамдық-саяси, адамгершілік, эстетикалық, атеистік, еңбек тәрбиесі ерекше маңызға ие болып, олардың қызметін жеке-дара зерттеу,талдау жұмыстарына ерекше назар аударылыды. Дегенмен де олардың қызметі бір-бірінен оқшау қарастырылады. Яғни, педагогикалық әдебиеттерде тәрбие беруге «функционалдық» тұрғыдын қарау кең жайылды. Тұлғаны біртұтастық принципке алу толық қарастырылмады. Жан-жақты үйлесімді дамыған  адам  деп-өзінің  бойындағы рухани байлықты, моралдық тазалықты және дене жағынан жетілгендікті үйлестіре, ұштастыра білген, сана-сезімі жоғары, өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, ізгіленген және әрекетшіл тұлға.  

Жеке  тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы халыққа білім беру мен кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіруді, теориялық білімді өнімді еңбекпен, қоғамдық өмірмен үнемі байланыстырып отыруды міндеттейді. Мұндағы мақсат-өскелең жас ұрпақты қоғам жұмысына белсене қатысуға әзірлеу. Тұлғаның адами қасиеттерін барлық жағынан дамыту, оның тек жеке басының қажеттілігін ғана қамтамасыз етуді көздемеуді, сонымен бірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүддесін де қорғайды.

Қайта өрлеу дәуірінен бастау алған тәрбие мақсаты әрбір жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырып, дамыту мәселесі кеңестік дәуірде үлкен маңызға ие болғанымен, «социализм» күрделі мәселені шешуде тек берік негіз қалады. Осы мәселе елдің әлеуметтік-экономикалық саласының өрлеуімен тығыз болғандықтан, әлеуметтік салада материалдық-техникалық базаның жеткіліксіз дамуы оған бірден-бір дәлел.

Тәрбие әдістері - тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі,  тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді  қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін  мақсаты-тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.

А.С Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың,ықпал етудің құралы ретінде қарастырса, В.А Сластенин, Ю.К Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен тәрбиенелушілердің іс-әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп сипаттайды. Т.А Ильинаның «Педагогика» атты оқулығында тәрбие әдістеріне анықтама тәрбиешінің оқушылардың бойына социалистік көзқарасты және мінез-құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы ретінде тұжырымдалған.

Т.Е Конниковтың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері-бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылайды. 

- жеке басқа ықпал ету құралы.

- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің  өзара байланыс тәсілдері.

- тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.                       

- тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз.       

Тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді бола тұрып, оның әрекетін,тәрбиелік мәнін анықтайды.                                                              

Тәрбие ықпалының нәтижелі болуы тәрбие құралдарын дұрыс қолдану, таңдай білуге де байланысты. Тәрбие әдістерінің құралдарына көрнекі және техникалық құралдары, бейне суреттер, таспа табақтары, сызба жұмыстары, әдебиеттерді жатқызуға болады.                                  Тәрбие әдістері деп - тәрбиенің мақсат-міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету, жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал-тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.

- Әдістердің алуан түрлілігі оларды тиімді пайдалану және тұлғаға жасалған ықпалдың  нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп, оларды топтастырады. Әрбір әдістің өзіне тән белгілері, ерекшелігі, міндеті, бір-бірімен байланысы да топтастыруды, жіктеуді қадет етеді. Г.И Шукинаның «Педагогика» оқулығындағы тәрбие әдістері                      

1. Жеке адамның санасын қалыптастыру                                                         
2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру іс-әрекетті ұйымдастыру                
3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру В.А Сластенин бойынша
4. Мінез-құлық,іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беру әдісі деп қарастырады.     

Ғалым педагогтар Н.И Болдырев, Н.Г Гончарев, Ф.Ф Королев еңбектерінде тәрбиә әдістерін сендіру, жатығу, мадақтау және жазалау әдістері қарастырылған.

Тұлғаның сезім мүшелері арқылы оның ақыл-ойы, санасына ықпал ете отыра оның өмірлік ұстанымын, көзқарасын, сенімін қалыптастыру. Ол үшін жасөспірімдерге жағымды мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіріп, адам,қоғам өмірінен тәжірбие, үлгі келтіре отыра олардың жан-жақты әрекеттерін ұйымдастыру қажет. Себебі, тұлғаны қалыптастыруда ең алдымен оның ішкі жан дүниесінің, санасының дамуы ерекше орын алады. Бұл тәрбие әдістеріне «әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас» жатады. Олар мазмұны жағынан танымдық, саяси, этикалық, эстетикалық тақырыптарда қамтиды. Солардың ішінде еңкөп қолданылатыны - Этикалық әңгімелер. Бұның негізі – қоғамдық мораль мәселелері бойынша жүргізіледі. Этикалық әңгіменің мақсаты-оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, түрлі іс-әрекеттерге, жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік  ортаға адамгершілік көзқарасын, қарым-қатынасын қалыптастыру. Оқушылардың азаматтық, саяси және адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу.

Әңгімеде-тақырыптың мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақты фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет. Әдістің бұл түрі көбінесе бастауыш сынып оқушыларына және жеткіншек жастағы балалармен жүргізіледі.                                                                            

Әңгімелесу - сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын, қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қорытындылар жасау қажеттігінен туындайды.                                                                                  Әңгімелесуді қолдану  барысында тәрбиешілер тарапынан көңіл бөлетін жағдайлар                                                              

- әңгіме тақырыбы қызықты, әрі проблемалық сипатта болуы                          
- оқушылардың қойылған мәселені талқылауға белсене қатысуы                   
- нақтылы қорытындылар жасауы                                                                             
- көңіл-күйі көтеріңкі болуына жағдай жасау                                                  
- өзара түсінушіліктің болуы                                                                         
- ойлары мен жауаптарына зейін қойып, дұрыс баға беру                                    
- белсенді қатысқандарды және дұрыс жауаптарын мадақтап отыру         
- кемшіліктері болса, әдеппен түзету. 

Тәрбие әдістерінң бұл түрлерін қолдануда тәрбиешілерге аса мұқияттылықпен зор жауапкершілікті талап етеді.

Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда – лекция тәсілі қолданылады. Бұны ұйымдастыру негізінен мұғалімдер мен ата-аналарға "Білім қоғамы" лекторларына, кейбір жағдайда оқушылардың өздеріне де жүктеледі. Сол себепті, бұл әдіс жоғары сынып оқушыларына жүргізіледі. Лекция тақырыбы өмірдің, қоғамның, тіпті мектеп немесе оқушылар өміріне қатысты көлемі кең өзекті мәселелерді талқылауға арналады. Тақырыптың мазмұны оқушылардың білім дәрежесіне сай болуы керек.                                      

Пікірталасты-ұйымдастыру әрі құрылымы жағынан өте күрделі болып келеді. Тәрбиенің басқа әдістерінен ерекшелігі оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес, керісінше қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысуы жағдайында  ұйымдастырылуы оған ұжым болып пікір алмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы. Соның негізінде оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбен қарай білуге үйретеді. Пікірталасты ұйымдастыру барысында оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сенімдері артады, өмірлік көзқарастары шындалады.

«Ереже ұсынғанша-өнеге ұсын» демекші сендіру әдістерін қолданғанда балаға шектен тыс мораль айтудан аулақ болған жөн. Оның санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруда қоршаған ортаның  ықпалы зор. Бұл орайда өнегенің  жеке бастың үлгісі негізінде тәрбиелеудің  маңызы ерекше. Бұлар өзін қоршаған ортадағы үлкендерге, жолдастарына, ұлы адамдарға, батырларға, өнер-мәдениет адамдарына ұқсауға еліктейді. 

Сендіру тәсілі ретінде үлгінің тәрбиелік мәні балалардың мінез-құлқындағы жақсылыққа еліктеушілік, бейімдеушілік  қасиеттерін дұрыс баулу, үлгі бола алатын адамдармен қарым-қатынасты көбірек орнату. Тәрбие әдістерінің бұл түрлері кейбір жағдайда тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары ретінде де қарастырылады. Біз бұдан олардың арасындағы кейбір алшақтықтар туралы пікірдің жоқтығын байқаймыз. Әдістер-белгілі бір тәрбие міндеттерін әдістемелік тұрғыдын шешуді көздесе, тәрбие формаларын қолдану- оқушылардың ұжымдық немесе жеке-дара әрекеттерін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Тәрбиенің сендіру әдістері-тәрбиеленушілердің санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруда, өзара байланыста тәрбие процесінің  аса маңызды міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

- Кез-келген тәрбие әдістерін талдау

1. Нақтылы сынып жағдайында
2. Баланың жас және дара ерекшелігі
3. Оқушылар ұжымының қалыптасу  дәрежесіне
4. Тәрбиешілердің педагогикалық әдеті мен балаларды қаншалықты жақсы білуі және білім дәрежесіне                                         
5. Тәрбиенің мақсаты, принциптері мен мазмұнында
6. Бала әрекетінің сапасына байланысты болып келеді.

Сондықтан да тәрбиешілер тарапынан әдістерді таңдау және оларды қолдануда аса жауапкершілікті қажет етеді.

- Қоғамдық  мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісінің маңызы тұлғаның тек әрекетте ғана жеке басының жан-жақты қалыптасып және дамитындығында. Іс-әрекет адамдардың өзін қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі формасы. Демек, сананың қалыптасып дамуы да әрекетке  байласынты. Әрекет негізінде, сананың қалыптасу дәрежесін және тұлғаның мінез-құлық қасиеттерінің сапасын байқаймыз, соған орай әдістер таңдалып, ықпал жасалынады. Баланың еңбек, оқу, ойын әрекеттерін ата-аналар мен ұстаздар тарапынан педагогикалық тұрғыдан нәтижелі түрде  ұйымдастырудың маңызы ерекше. Бұл топтағы әдістерге талап қою, жаттықтыру, тәрбиелік жағдай туғызу, тапсырма беруді жатқызуға болады.  Жас ұрпақтың сенімін қалыптастырда «талап қоюдың» қызметі ерекше. Талап қою негізінен қоғамдық мінез-құлық  ережелерін, жеке-дара және ұжымдық міндеттерін,  сонымен қатар мектеп жағдайында оқушылардың оқу-тәрбие ісіне қатысты әрекеттерін нәтижелі ұйымдастыруға байланысты әртүрлі шараларды өз денгейінде орындауда тәрбиешілер тарапынан жасалынатын ықпалды айтамыз.

Талап қою сипаты баланың жеке басының ерекшелігі мен әрекетінің мазмұнына байланысты өзгеріп отырады. Талап қоюға «бұйыру, нұсқаү, ақыл-кеңес беру, қадағалау» амалдары арқылы тура немесе жанама түрінде атқарылады.

Қоғамдық пікір-бұл ұжымды қалыптастыруда оның жоғары сатысына тән қасиет. Бұл әдістің маңызы айналадағы өмірдегі болып жатқан оқиғаларға дұрыс көзқарасты қалыптастру, балалардың іс-әрекетін бағалау, жаман  қылықтардан сақтандыруды мақсат етеді. Баланың мінезін шыңдайды, ерік-жігерін тәрбиелейді. Соған орай осы әдістің қолданылуы, көптеген жағдайда ұжымда сын және өзара сынның қаншалықты қалыптасу дәрежесіне байланысты болып келеді. 

Тәрбие процесі баланы пайдалы іс-әрекетті орындауға, жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру тәсілдерін меңгеруге үйретуден басталады.

Үйрету-тапсырма беру оны орындауға жаттықтырудың негізінде атқарылады. Үйрету-қоғам нормалары мен ережелерін орындауға баулу. Бұл «мақсатты процесс»

Жаттығу - үйретудің алдына қойылған мақсатты жоспарлы түрде, әртүрлі әрекет барысында жүзеге асыру. Жаттығу барысында «дағды» қалыптасады. Үйрету мен дағды қалыптастыруда тәрбиешілердің мақсатты көздеген ықпалы жүзеге асады, бірақ оның нәтижесі әрдайым ойдағыдай бола бермейді.

Үйрету - нақтылы өмір құбылыстарын ескере отырып, тәрбиешілік жағдайлар туғызып, оқушыларды арнайы соған жаттықтыру. Педагогиканың құралы- тәрбиелеушілік жағдайларға бағытталған әртүрлі мазмұндағы ойындар. Ойын арқылы жүргізілетін тәрбиелеушілік жағдайлар оқушыларда педагогиеалық тұрғыдын қажетті іскерлік пен дағды  қалыптастырып, жағымды мінез-құлық ережелерін  бойларына сініруіңе көмектеседі.

- Мінез құлық пен іс-әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістерінің маңызы тәрбиелеу шараларының сапасы мен тиімділігін арттырады, оларға баға беруде, бала мінезіндегі жақсы қылықты көтермелеп теріс қылықтарын тезеуді көздейді. Тәрбие әдістерінің ішінді бұл әдістің түрі ықпалды әрә нәтижелі болып келеді.

Мадақтау әдісінің амал-тәсілдері алуан түрлі болып келеді «алғыс айту, марапаттау т.с.с» Мадақтаудың ерекшелігі бала өз мінез-құлқына дұрыс баға беріп, оны одан әрі дамытып , дұрыстағанына сенімділігі артуы. Керісінше болған жағдайда, оның жауапкершілігі төмендеп, менмендігі күшейіп, жағымды істерін жалғастыруға теріс ықпал етеді. Сондықтан тәрбиешілерден бұл әдісті қолдану барысында ірбір баланың өзіне тән жеке қасиеттерін терең анықтауды қажет етеді.

Жазалау – балаға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен оқушыларға арналған ережелерді мүлтіксіз орындауға сай «талап қою, ескертпе жасау, сөгіс беру» оқушы тәртібін бағалауда «төмен баға қою, ұжым алдына шығару, қабырға газеттеріне шығару» тәсілдерінің жиынтығы құрайды. 

Жазалаудың ерекшелігі- жазаны қолдануда әділетсіздікке жол бермеу, кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін төмендету, намысын қорлау секілді жат қылықтарды болдырмау қажет. Керісінше, тәрбиешілер тарапынан оның жақсы қасиеттеріне сүйеніп, әдептілік сақталса, тәрбиелік ықпалдың нәтижесі табысты болмақ.

Ынталандыру - әдістерінің ішінде маңызды орын алатын әдіске-жарыс жатады. Жарыстың мәні артта қалған оқушыларды алға тарту, олардың әртүрлі жағымды әрекеттерін көтермелеуді қамтамасыз ету. Жарыс тәрбиешілерге әрбір баланың мүмкіндігін дұрыс байқауға және бағалауға көмектеседі. Болашақты дұрыс болжауға, соған орай жоспар құруға кепілдік береді, баланың мінез-құлқы мен күш-жігерін нәтижелі тәрбиелеуге ықпал етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:                                                                                                                                                             

1. Философиялық сөздік-«Қазақ энциклопедиясы» Алматы 1996 ж                  
2. М.Жұмабаев Педагогика-«Рауан» Алматы 1992 ж                                     
3. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев –«Педагогика» Астана 1998 ж                     
4. Н.Г.Чернышевский- «Тандамалы шығармалары VII том                               
5. «Қазақ тілі терминдері» салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология – Алматы «Мектеп» 2002                             
6. Философский энциклопедический словарь 1983 ж                                                        
7. Педагогика.  Дәріс курсы-«Нұрлы Әлем» Алматы 2003                                          
8. Педагогика оқулықтары.                                                                                               
9. Б.Р.Айтмамбетова, А.А.Бейсенбаева – «Тәрбиенің жалпы әдістері» Алматы 1991                                                                                     
10. Н.И.Болдыров – «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы III-VI тарау» Алматы 1987 ж
11. К.Сейталиев –«Тәрбие теориясы» Алматы 1986 ж                                      
12.  В.А.Сухомлинский –«Мектептің жас директорымен сырласу» Алматы 1987 ж
13. Ж.Н.Нұржанова –«Ұстаздың шеберлікке жету жолдары» Алматы 1991ж. М.

Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты
«Педагогика» кафедрасы
«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
ПМНОк13-1 тобының студенті: Андемова Бағила


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз