Өлең, жыр, ақындар

Ресейде алғаш рет ұшатын мотоцикл ауада самғады

Ресейлік компания төрт ротормен ауада самғай алатын ховербайк шығарды.

Hover Surf компаниясы өзінің «Ютубтағы» ресми арнасында ховербайктың ұшу сынақтарын көрсетті.

Scorpion-3 қолмен басқарылатын джойстиктермен жабдықталған.

Ресейлік инженерлерге тиесілі керемет ховербайк төрт винті және олардың арасында орналастырылған орындығы бар квадракоптер типтес пилотталатын үлкен дрон түрінде орындалған.

Scorpion-3 бірінші нұсқасына қарағанда әлдеқайда өзгертілген. Ховербайкты қозғалысқа келтіретін роторлар орнықтылық деңгейін арттыру мақсатында жоғары көтеріліпті.

Әзірше бұл нұсқаның фенестрондары (шығыршық ішіндегі винттары) болмағандықтан, ол пилот үшін де, айналадағы басқа адамдар үшін де қауіпті болып табылады.

Жер бетінен 10 метр биіктікке дейін көтеріле алатын Scorpion-3 ауаға 120 кг жететін жүкті тасымалдай алады, ал ұшу уақыты 27 минутқа дейін жетеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз