Өлең, жыр, ақындар

Ата-аналар балабақшадағы тамақтың құнарлылығын тексере алады

Ата-аналар балабақшадағы тамақтың құнарлылығын көре алады. Астана қалалық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, осы іспетті бастамалар "Smart Балабақша" жобасы аясында қолға алынады.

"Жобаның бірінші бағыты ол - қауіпсіздік. Ондайда балабақшаның барлық кіру мен шығу жақтарында бейнебақылау жүйесі орнатылады. Сосын ата-аналардың келіп-кеткенін тіркеу жүйесі болады. Бұл дегеніміз, әрбір ата-анаға электронды карточка беріледі. Сөйтіп, барлық ата-аналардың кіргені мен шыққаны тіркеліп отырады. Балабақшаға келген балаларды тіркеу тетігі де енгізіледі. Бұдан бөлек, арнайы денсаулық төлқұжатында әрбір баланың ауруы, оған жасалған екпелер және тағы басқа медициналық ақпарат болады. Ал жеке кабинет арқылы ата-аналар өз балаларының жетістіктерін, білім беру кестесін, ас мәзірін, тіпті тамақтың құнарлылығын көре алады", - дейді Жанғозин.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде "Smart Балабақша" жобасы қаладағы екі балабақшада пилоттық режимде іске асып жатыр. Мамырдың аяғына дейін осы жұмыстың қорытындысы шығарылады. Содан кейін оны басқа да балабақшаларға тарату жоспарланған.

Айта кетейік, бүгін Астана сарапшылары клубының кезекті отырысында елордадағы білім беруді дамытуға арналған бағдарламаның жобасы талқыланды. Соның аясында қаладағы барлық білім беру мекемелерінде аудит өткізіп, білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелерін анықтау жоспарланып отыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар