1 % ережесі: неге біреулер бәріне ие болады, ал басқалар құр қол қалады?

10 есе бай әрі табысты болу үшін 10 есе артық жұмыс істеп, тұмсықтан тірелудің керегі жоқ. Бар болғаны 1% ережесін қолданыңыз, — деп кеңес береді әйгілі блогер Джеймс Клир.

Джеймс Клир

Америкалық блогер, кәсіпкер және спортшы. Іс әрекет, дағдының қалыптасуы және өзін-өзі жетілдіру психологиясы туралы жазады.

Шоғырлану күшінің артықшылығы

Қатар өсіп тұрған екі ағашты елестетіңізші. Олар күн сайын күн нұры мен ылғал үшін таласады. Егер бір ағаш екіншісіне қарағанда сәл жылдамырақ өссе онда ол күнді де, жаңбырды да көп алады. Келесі күні осы алған қосымша қуаты арқылы ол тағы да биіктейді. Уақыт өте келе ол екінші ағашты тасада қалдырып, күн нұрын да, топырақтың құнарын да молынан алатын болады. Мұндай ағаштың жемісі де көп болады. Демек, осы ағаш түрінің келесі ұрпақтары да үлкен-үлкен болады. Бұл үрдіс әу баста бәсекелесінен сәл ғана жақсы болған ағаш бүкіл орманның жартысына жайылғанша жалғаса береді.

Кішкентай ғана артықшылықтың уақыт өте келе артуын ғалымдар шоғырлану артықшылығы деп атайды.

Жеңімпаз бәріне ие болады

Адамдармен солай болады. Ормандағы ағаш сияқты біз әдетте бір нәрсе үшін бәсекелесеміз. Саясаткерлер сайлаушылардың дауысы үшін жарысады, жазушылар – бестселлерлер тізіміндегі орын үшін, спортшылар – алтын алқа үшін, компаниялар – әлеуетті клиенттер үшін, телеарналар – біздің назарымыз бен уақыт үшін таласқа түседі. Қайтарым кезіндегі аз ғана айырмашылықтың өзі есепсіз сыйға кенелтетін әсерді «Жеңімпаз бәріне ие болады» әсері деп атайды.

100 % марапатқа ие болу үшін бар болғаны бір пайызға, бір секундқа, бір теңгеге артықшылық беру жеткілікті.

Шектелген ресурстарға, мысалы ақша мен уақытқа, байланысты кез-келген шешім табиғи түрде жеңімпаздың бәріне ие болуына әкеледі.

Жеңімпаз көп бөлікке ие болады.

Жеке жарыстырға тән «Жеңімпаз бәріне ие болады» әсері өмірдің басқа салаларында «Жеңімпаз көп бөлікке ие болады» деген әсердің пайда болуына әкеледі.

Пайдалы жағдайға (алтын медаль алу немесе директордың орнына отыру) тап болған жеңімпаз тағы да жеңістерге жетуге көмектесетін артықшылықтарды жинай бастайды. Бастапқыда сәл саған серпіліс болған нәрсе енді үлкейіп 20/80 ережесіне айналады.

Бірнәрседегі жеңіс екінші нәрседегі жеңістің мүмкіндігін арттырады. Ал қалған жеңістің бәрі жеңімпаздың жағдайын жақсарта түседі.

Уақыт өте келе марапат пен артықшылықтың бәрі бастапқыда бәсекелестерінен аз ғана артықшылыққа ие болған адамға тиеселі болады. Ал сәл ғана артта қалғанда құр қол қалады. Бұл қағида Матфей әсері деп те аталады.

Ал енді мақала басында қойылған сұраққа келейік. Неліктен кейбір адамдар мен ұйымдар ғана артықшылықтар мен жақсылықтардың көп бөлігіне ие болады?

Бір пайыз ережесі

Жұмыстағы аз ғана айырмашылықтың өзі уақыт өте келе артықшылықтардың теңдей бөлінбеуіне алып келуі мүмкін. Сол себепті дұрыс дағдылар өте маңызды болып келеді.

Бәсекелесіңізден 1% ғана артық болсаңыз болғаны. Егер осыны бүгін, ертең, күн сайын арттырып отырсаңыз, сол артықшылықтың арқасында жеңіске жететін боласыз.  Және әрбір жеңіс жақсы нәтижелердің бастауы бола бермек.

1% ережесі дегеніміз осы. Екі есе артық алу үшін екі есе артық болудың керегі жоқ. Тек 1% артық болсаңыз болғаны.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (4)

Ерболат

Жұмыста қалғандардан екі есе нашар болсаң да, бастықтың танысы немесе туысы, досы болсаң жеткілікті немесе жағымпаз болу керек Қазақстанда)))

Айдар

Ерболат, бірақ 1% артық жағымпаз болуды естен шығармау керек :-)

М.

Егер сіздер солай ойласаңыздар солай болады. Артықшылығыңызды көрсетуге тырысу керек. Ал ондай артықшылық болмаса ғана жағымпаздануға тура келеді)

Жумаш

жағымпаздану жеңіс емес, ісіңмен дәлелде артықшылығыңды дер едім

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)