Пири Рейстің карталары

Тарих кітаптарында Америка материгі 1492 жылында Христофор Колумб тарапынан ашылғаны жазылады. Ал негізінде Османдықтар бұл құрлықты өте ертеден білетін еді. Бұл ақиқат ұлы түрік теңізшісі Пири Рейстің «Китаб-ы Бахрийә» атты шығармасында жазылған және хижри 872 (милади 1465) жылында табылғаны білдірілген.

Пири Рейстің 1513 жылы қарақұйрықтың терісіне 9 түсті бояумен сызған керемет карталары 1929 жылы Топкапы мұражайынан табылған және бұл тамаша карталар ғылым әлемінің де таңданысын тудырған. Дүниенің домалақ екенін де көрсететін бұл карталар басылып шығып, дүние жүзі халықтарының зерттеулеріне ұсынылған.

Пири Рейстің бірінші картасының аман қалған бөлігі (1513)

Карталардың шеткі жағындағы жазуларда 1465 жылы Американың шығыс жағалауларына «Антилва» есімі берілген және Османдықтардың меншігіне ресми түрде енгізілгені білдірілген. Пири Рейс 1555 жылы қайтыс болған кезде артынан сол күнге дейін белгісіз болған бірнеше теңіз мәліметтеріне толы том-том шығармалары мен қазіргі кезде де таң қалып тамашалайтын карталарын қалдырған. Пири Рейстің шығармалары аударылып басылып шыққан және оның атағы әсіресе 20 ғасырда бүкіл әлемге жайылған. Карталарда Христофор Колумбтың Америкаға саяхатқа лақаб аты Радриго болған бір түрік капитанымен кеткені жазылған. Бұған байланысты үш саяхатында да жазған жазбалары Түркия мемлекетінің архивтерінде сақтаулы.

Пири Рейстің «Китаб-ы Бахрийә» атты шығармасындағы Европаның картасы

Пири Рейс карталарының ерекшеліктерінен кейбірлері мыналар:

1) Материктер, жағалаулар, аралдар, таулар, жазықтар мен өзендер өте дұрыс сызылған.

2) Карталардағы көрсетілген Антарктика таулары тек 1952 жылында ғана табылған.

3) Гренландияны бір ғана арал деп білінген. Бес ғасырдан кейін дәл Пири Рейстің карталарында көрсетілгендей соңғы жылдарда ғарыштан түсірілген сүреттер арқылы үш арал екені анықталған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
Сайтты қолдану жөнінде нұсқаулық
ҰБТ(онлайн тест)