Өлең, жыр, ақындар

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне сұраныс бар - Сабильянов

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі әр азаматқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін қазақстандық оқу орындары мен шетелдік білім беру орындарында оқуына ақы төлеу үшін ақшалай қаражатын екінші деңгейлі банктердегі депозиттерде жоспарлы түрде жинақтауға мүмкіндік берді. Білім беру жинақтау салымдары бойынша жинақталған қаражатқа мемлекет тарапынан сыйлықақы және екінші деңгейдегі банктер тарапынан сыйақы берілетіндігі өте маңызды. Бүгінгі күні Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қажеттілігі және оған азаматтардың тарапынан сұраныстардың бар екендігін сеніммен айтуға болады. Дегенмен өзгеріп жатқан жағдайлар мен әртүрлі саладағы қазақстандық заңнаманың өзгеруіне байланысты өздеріңізге ұсынылып отырған заң жобасын әзірлеу қажеттігі туындады», - деді депутат Нұртай Сабильянов заң жобасын таныстыру барысында.

Осы орайда ол заң жобасы «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңының қолданылуы аясына кіретін қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Бұл ретте салымшыларды басым санатқа жатқызуды растауға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тізбесін кеңейту арқылы басым санат бойынша (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) мемлекеттің сыйақысын алу құқығын іске асыруды көздейтін қадамдар қамтылған. Сонымен қатар мемлекеттік сыйлықақысы түрінде есептелетін бюджет қаражатын тиімді пайдалану, сондай-ақ дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайда бұрынғы кезеңдердегі артық есептелген мемлекеттің сыйақыларын бюджетке қайтару ескерілген.

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушы банктерге қойылатын облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында банк филиалдарының болуы талабын алып тастау арқылы МБЖЖ-ге қатысушы банктердің санын көбейтуді көздейтін өзгерістер енігізілді. Бұл халықтың білім беру жинақтау салымын ашуына мүмікіндігін арттырады, қолайлы жағдай тудырады», - деді депутат.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар