Ғаламтор деген ғажап бар,
Бес құрлыққа тараған,
Күн-түн демей қажетке
Жаратады бар адам.
Адамдардың сан алуан
Көп болса да сұрағы
Миллиондаған жауабы
Лезде дайын тұрады
Отырып-ақ үйіңде,
Шарлайсың сан әлемді.
Ғаламторға сенеді
Адамзаттың бәрі енді.
Бірақ, балам мынаны ұқ,
Болмайды ол саған дос.
Күні бойы бас алмай,
Уақытыңды құртпа бос.
Ғаламтордың зияны,
Пайдасымен қатар бар.
Сондықтан да ақылмен,
Тек пайдасын таңдап ал.
Тыйса егер ата-анаң,
Ғаламторды кей кезде.
Ашуланып құр босқа
Ақылынан сен безбе.
Ғаламтордан өзгерек,
Кітап досты ұмытпа.
Сан ойынға шырмалып,
Түсіп қалма құрыққа.
Ғаламтордан өзгерек,
Досың барын ұмытпа.
Жансыз әлем сезім жоқ,
Қалайша достан сыр ұқпақ?
Ғаламтордан өзгерек,
Табиғатты ұмытпа.
Таза ауда көп жүргін,
Таза әлемнен сыр ұқ та.
Ғаламтордан өзгерек,
Өзің барсың ұмытпа!
Тек пайдасын жаратқын,
Пайдасызын құлыпта.
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Әлібекова Ақнұр Серікқызы
Керемет өлең екен ғаламтор өлеңіңіз.
Ұлдана
Өлеңдері оте жаксы
Ұлдана
Өлеңдері оте жаксы
Төлебай Ералиев
Осындай өлең болуы керек.Ана Ертай Ашықбавтың өлеңін оқысаңыз кереғар пікірлер пайда болып жатқанның куәсі боласыз