Эссе және өлең-жыр байқауы

Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану

Талғар ауданы, Панфилов ауылы
№33 орта мектептің 11 сынып оқушысы
Жұмаділханқызы Қымбат

1. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы
2. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы
3. Табиғатты тиімді пайдалану

1. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы. Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ішінде 35 %-ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.

2. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы. Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және калпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте үқыпты түрде пайдалануы болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, біржола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекеттінен жер бетіндегі аңдардың 106, құстардың 139 түрі біржола құрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, құлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шараларын қолдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте үзақ -мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың құнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дұрыс қолданып, қосымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антро-погендік факторларға байланысты. Соның негізгілері - топырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.

3. Табиғатты тиімді пайдалану.Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.
1. Жекелеген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэкологиялық кешендерді игеруде казіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу.
2. Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі кадағалау.
3. Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. объектілерді салуда экологиялық сараптама жасау.
4. Табиғи биоценоздарды сақтап қалу үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, т.б. ұйымдастыру.
5. Табиғат қорғау мәселелері бойынша халықаралық, мемлекеттік деңгейлерде ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастыру.
6. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру.
7. Табиғат корғау мәселелерін шешу жолдары, оның барысы туралы үнемі үгіт-насихат және ақпарат жүйесін ұйымдастыру.
8. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған өлкеміздің табиғатын өз қалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...