Шежірелі өлке - Бурабай

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға  болсын кез»-деп ұлы Абай атамыз айтқандай,  мен талабыммен құлаштанып, жасөспірім көзқарасыммен  туған өлке тарихын зерттеу мақсатында, кіші ғылыми жұмыс жазуды жөн көрдім.

Әрине, бұл  дүйім жұмыстың басы – қасында ұстаздың  жүретіні белгілі. Ол тарих пәнінің мұғалімі, жобамның жетекшісі - Қасымова Жанар Маралбаевна.

Бурабай өлкесі  тарихқа тұнып тұр.  Осындай тарих беттерін баяндап тұрған, сұлу да, көркем жер, мың бұралған биші қайыңдарман ерекшеленеді. Мен өлке тарихын кезеңдерге бөліп зерттеуді міндет  тұттым.

Айта келсем, Абылаймен немересі Кенесарының ерлігін насихаттап, толыққанды тоқталдым. Сондықтан да менің ғылыми жобамның  өзектілігін сол  мақсат-міндетерімен дәлелдеуге тырыстым. 

Бүгінгі таңда біздің  мемлекетіміз бен қоғамымыз ұлы өзгерістерді бастан өткізуде. Бірнеше  жүз жылға созылған отаршылдық  кезең  тарихы артта қалды. Біз  ХХІ  ғасырда тұғыры биік тәуелсіз елміз. Сондықтанда тәуелсіз ел ретінде өзге мемлекеттермен тереземіз тең, керегеміз кең болу үшін туған  өлкеміздің тарихын толыққанды білу маңызды. 

Шежірелі өлке – Бурабай табиғатының киелі бесігін тербетіп, тарихты шертетін мәдени мұра.

3545454

Щучинск қаласы  
№7 мектеп-лицейінің
7 сынып оқушысы
Қайдаров Анарбек


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)