Өлең, жыр, ақындар

Балалар бақытты болуға құқылы

Шыр етіп дүние есігін аша салысымен жалғыз қалған «тұл жетімдердін», ата – анасының қамқорлығы мен мейірімінен, ыстық құшағынан жат қалған «тастандылардың», түрлі себептерге, сылтауларға байланысты тірі тұрған әке – шешесінен айырылған бүлдіршіндердің тағдыры көңілге қаяу салады. Қаршадай кездерінен тағдырдың тәлкегінеұшыраған осындай балалардың болашағы көзге еріксіз жас үйіріп, жанды жегідей жейді. Оған өзіміз күнделікті куә болып жүрміз. Дей тұрғанмен қаламыздың әр мекемелері, мектеп оқушылары, студенттері баспанамызға келіп тәрбиеленушілерімізді мейірімділікке баулый отырып әр түрлі ойындар, қол өнер сабақтар, сайыстар өткізіп және де балаларға арналған түрлі сыйлықтар сыйлап, игі іс – шаралар ұйымдастырып отырады. Айта кетсек, педагогикалық институтының студенттерінің ұйымдастыруымен «Жан шуағы» атты қайырымдылық ән кешіне баспанамыздың тәрбиеленушілері барып қайтты. Балалардың бұл ән кештен алған әсерлері ерекше еді, көңіл – күйлері көтеріңкі, жүздері жайнап, осы тұста әрбір бала бақытты болуға лайық екенін байқайсын. Бұл балалар да мейірім мен жүрек жылуына мұқтаж жандар. Яғни,сүйіспеншілік те өзімізден бастау алады және өз – өзіңді  қайырымдылыққа бұрсаң, бір нәтижесі болары анық. «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» дейтін халқымыз осы бір сөздің мән – мағынасын, астарын ұмытпаса екен деймін.

 

Мөлдір Кенжеғұлова
Арқалық балалар мен
жасөспірімдер баспанасының
Әлеуметтік педагог-психологы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз