Неліктен смартфондар темекі секілді зиянды

Жыл өткен сайын біз гаджеттерге көптен-көп байлана түсеміз, тіптен оны мойындағымыз да келмейді. Минут сайынғы смартфонға деген қажеттілік – бұл тағы бір зиянды қылықтардың бірі және оның өз бағасы бар.

Смартфондар біздің назарымызды бұзады

Шашыраңқы назар – бұл қандай да бір болған оқиғаға өзгенің дайын болмай бізді алаңдатуы. Баса маңызды нәрсеге өзгелердің қабілетсіздігі, біздің онысыз да қалыпсыз жеке концентрациямызды тығырыққа тірейді.

Темекіні жиі шекпейтін алайда, өзге шылымдардың түтінінен зардап шегетіндер секілді біз де өзге смартфондардың назарымызды бұзатын әсерлерінен зардап шегеміз.

Біздің назарымыз аударылып және дәл сол сәтте ойлаған нәрсемізді ұмытып қаламыз. Міне, сондықтан да кешкі ас кезінде дастархан басында біреулердің телефонын шұқылап отырғандығы біздің қытығымызға тиеді. Сондықтан да біз қараңғы кинотеатр залында жарқылдаған дисплейді көргенде іштей қанымыз қайнайды. Сол себептен де біз қызықты матч кезінде көрші орындықта әлде кімнің СМС жазып тықылдатқанына шыдамай кетеміз.

Бұл адамдар көңілімізге кір келтіреді. Дәл осы сәтте біз отбасымызбен кино кейіпкерлеріне және сүйікті командамызға қарап беріле қызықтағанда, көз алдымызда қатар отырған олар өз әлемдерінде жүреді.

Сондай-ақ, шылым шегудегі ұқсастықпен жалғастыруға болады. Қазірде шылым шеккіш болашақ денсаулығын ойланбастан масайрататын бірер темекі тартқаннан кейін, әрқашанғы дофамин әсері қалауын күшейтіп, репост пен өзге де өткінші тікелей жарнамалары келешектегі ұзақ уаққыттық ми қызметінің бұзылуына әкеледі.

Мектептегідей бірнеше сағат отырып, шығарма жазып көріңіз. Сірә, сіз берілген уақытта дайын емессіз. Тіпті де бұлай емес, негізінен сізді алаңдататын жайттар көбейіп кеткен.

Бізге кері әсерін тигізетіндерге қарсы тұрар күшіміздің әлсірегені сонша, тіптен өзімізге еш нәрсе кедергі келтірмеген кезде де, назарымызды бақылай алмаймыз.

Кейбіреулер жақсы және жауапкершілігі мол жұмыскер болу үшін, кез-келген уақытта барлығынан хабардар және жұмыс барысына қанық болу қажет деп ойлайды. Баланың ертеңгілігінде немесе бағдаршамда тұрғанда болмаса сенбі және жексенбілік кештердің қайсы кезінде орындағаны маңызсыз.

Бұл қоян аулаған секілді алайда, әрбір ақпараттарды қармап қалмаса жеңілетін, ескі электрондағы қасқыр ойынын еске салады. Бірақ ешкімнің ойына жеңістің неден тұратындығы келмейді.

Біз көңілімізді көптеген ақпараттарды қабылдауда саналы немесе кәсіби және  ақылды ете түсетіндіктен бөлмейміз, ойын ережесі осылай құрылғандықтан назарымызды сарп етеміз. Осылай қабылдауға тұрады.

Ең көңілге жағымсыз тұсы, көңіл қоймаудың әлеуметтік қалыпты жағдайға айналуы. Біз өзімізбен қоршаған ортадағы адамдардың шындық өмірден қашықтап кеткендігіне бойымыз үйреніп және онымен келіскендейміз.

Неліктен тастау қажет

Телефоныңызды аулаққа қойыңыз, егер:

- Сіз ғаламтордағы «үзіліссіз», толыққанды жүзбе-жүз әңгімелесудің ләззаты қандай боларын ұмытқан болсаңыз;

- Сізге ғана емес, өзгелердің де болып жатқан оқиғаға деген назары қымбат. Олардың тамаша сәттерін бұзбаңыз;

- Сіз смартфонның өміріңізді алмастырғанын емес жеңілдеткенін қалайтын боларсыз. Өзіңізден толассыз ақпараттарды өткізуді доғарыңыз, себебі, ерте ме кеш пе миыңыз зардап шегетін болады.

- Сіздің назарыңыз – сақтауға тұрарлық бағалы ресурс екендігіне келісетін боларсыз;

- Сіздің жақындарыңызбен араларыңыз көңіл қоймағаныңыздың артуынан алшақтап кеткенін қаламайтын боларсыз.

Қолыңыздан телефонды тастаңыз. Жарнамаланған сөз бостандығы шылым шегетін мен сау адамның өкпесі секілді еркіндіктен қашық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)