http://a-brands.kz/

Ағылшын тіліндегі сын есімдердің классификациялануы мәселесінің зерттелуі

Сын есім және ағылшын тіліндегі сын есім әлемдік лингвисттер тарапынан жан-жақты зерттелген деп есептелгенімен, қазіргі ағылшын тіліндегі сөйлем мүшелері арасындағы сын есімнің лингвистикалық статусына қатысты көптеген пікір-талас туындататын мәселелер де жеткілікті. Көбінесе лингвисттер сын есімнің атау мен сын есімді анықтау саласына қатысты мәселелерде пікірлері ажыратыла бастайды. Кейбір лингвисттер сын есімді сөйлем мүшесі ретінде, кейбереулері грамматикалық категория ретінде қарастырады.

Сын есімді-сөйлем мүшесі ретінде санайтын лингвисттерге Л.С. Бархударова [1], Б.А. Ильиш [2], Б.С. Хаймович, Б.И. Роговский [3], М.И. Акодес [4] және т.б. аталмыш топтағы ғалым-лингвситтер ағылшын тіліндегі сын есімді заттың сынын білдіретін сөйлем мүшесі ретінде санайды;

Сын есімді-грамматикалық категория ретінде санайтындарға В.В. Виноградов және  Л.В. Щерб. Бірақ сонымен бірге дәстүрлі ұғым бойынша сын есім деп заттың сапасы мен қасиетін білдіретін сөйлем мүшесі екендігін естен шығармаған ла жөн, мысалы: an important question, white roses, үлкен зал, әдемі үй және т.б.

И.П. Иванова, В.В. Бурлакова, Г.Г. Почепцов  сын есімге келесідей сипат береді: «Сын есім-танымыл шартты тұрақтылығы бар, заттың сынын білдіретін сөйлем мүшесі, мысалы: a clean dress, a high hill. Сын есім ретінде заттың сипаты уақыт бойынша іс-әрекет сияқты дамитындығына ешқандай белгі жоқ, яғни бұл дегені сын есім деп-уақыт бойынша шартты түрде тұрақты сипат туралы айтудамыз, мысалы: ср. a fast train және an approaching train;  соңғы мысалда сипаты уақыт бойынша дамушы сипатқа ие болып көрсетілген[5].

В.Л. Каушанская сын есімді-қарапайым түрде «сипатты білдіретін сөздер»-деп анықтама берген. Зерттеуші ағылшын тіліндегі сын есімдердің ерекшеліктерін зерттеу отырып, түрлі критерийлерге тап болары анық. Ал ағылшын тіліндегі сын есімді зерттеудің басты критерийлеріне тілдің бірлік корпустарын білдіретін жаңа топтар мен тармақшалардың қалыптасуына алып келеді[6].

Ағылшын тіліндегі барлық сын есімдер грамматикалық белгілері мен маңызына қарай дәстүрлі екі топқа ажыратылады:

1. Сапалық (qualitative);

2. Салыстырмалы (относительные (relative).

Сапалық сын есімдер заттың сипатын тікелей білдіреді: black, heavy, old, әдемі, үлкен.  Ал салыстырмалы сын есімдер затқа, орын-мекенге, уақытқа және т.б. қатынас жасау арқылы, заттың сипатын жанама береді, мысалы: golden, distant, wintry, шыныдан жасалған, алтыннан жасалған және т.б. Түсіндіре кететін жәйт, жоғарыда аталған сын есім түрлерінің арасында анық және біртекті айырмашылықтар жоқ, кейбір салыстырмалы сын есімдер бірден сапалық сипатқа ие болуы да мүмкін.

Салыстырмалы сын есімдер сапаны білдіруі әбден болуы мүмкін құбылыс, өйткені В.В. Виноградов бойынша сын есімнің таза салыстырмалы және таза сапалық қасиеттері өте сирек кездесетін жәйт. Аталмыш құбылыстар салыстырмалы сын есімнің ауыспалы мағынасы жайлы сөз қозғалғанда ғана кездесуі мүмкін. Мысалы, қазіргі ағылшын тіліндегі golden сын есімі golden ring бірге салыстырмалы сын есім болып табылады, the golden times of the European art  сөз тіркесінде аталмыш материалға қатысты сын есімнің мағынасы өзгереді және аталмыш контекстте golden  сын есімінің мағынасы сипаттың сапалық белгісін білдіреді-«Еуропа өнерінің алтын дәуірі (шарқырау дәуірі)»[7].

Ағылшын тіліндегі сын есімдерді жүйелеу мәселесі бойынша зерттеулердің ішіндегі Г. Суит шығарған сын есімдердің жүйеленуі автордың сөйлем мүшелері теориясына негізделетіні белгілі. Осылайша автор сын есім жайлы сөз қозғағанда жәй сын есім, есімдік-сын есімі және сан есім-сын есімі болып ажыратылады деп ой тұжырымдай келе, автор тіл бірліктерінің ерекше маңызды қызметіне заттың сапасын білдіру жатады деп есептеді. Г. Суиттің пікірі бойынша ағылшын тіліндегі сын есімдерді екі топқа ажыратылады, оларға:

1. attribute-adjectives,  бұлардың көмегімен заттың белгілері вербальданады;

2. qualifying adjectives- зат есімдермен анықталатын тығыз байланыстарды сипаттаушы лексемалар. Соңғы топқа артикль және есімдік сын есімдерімен қатар (adjectives pronouns)  Г. Суит абстрактілі зат есімдіктермен байланысқан кез-келген сын есімдерді кіргізді.

Ағылшын тілін зертеуші шетелдік ғалымдармен бірге Г. Суит сын есімдерді сапалық және салыстырмалы сын есімдер сияқты жіктеу жүйесіне жақын ұғымдарда сын есімдерді жіктеуге талпынған алғашқы ғалымның бірі болды. (қазіргі ғалымдар ерекшелейтін pure attribute-adjectives және  concrete adjectives) [Ibid.].

Дж. Несфилдтің ағылшын тілін классияфикациялау жүйесі бойынша қазіргі ағылшын тіліндегі сын есімнің жіктелу статусын 6 топқа ажыратады:

- меншікті сын есімдер (proper);
- түсіндірмелі сын есімдер (descriptive);
- есептік сын есімдері (quantitative);
- сандық сын есімдер (numeral);
- көрсеткіш сын есімдер (demonstrative);
- ажыратқыш сын есімдер (distributive) [Ibid].

Дж. Несфилдің сын есімді классификациялау негізіне сын есімдерден шығатын лексика-грамматикалық топтардың сын есімдердің грамматикалық категория шеңберіндегі семантикалық мінездемесі негізделген. Дж. Несфилдтің сын есімді классификациялау анализі бойынша сөйлем мүшелері арасындағы белгілі бір шектеулердің (айырмашылықтардың жоқтығы) және белгілі бір бірліктердің сөйлем мүшелеріне тиесілі қатысы зерттелген.

Дж. Лич және Я. Свартвик ағылшын тіліндегі сын есімдердің синтаксистік классификациялау авторлары болапы табылады, ол бойынша ағылшын тіліндегі сын есімдер былай жіктеледі:

- баяндауышты;
- анықтауыштық;
- баяндауышты-атрибуттық бірліктер.

Жоғарыда аталған зерттеушілердің сын есімді осылайша жіктеуіне сын есімнің контексттегі роліне сүйене отырып, сын есімнің қызметтік ерекшеліктеріне себеп болған.

Осыған іспеттес көзқарастарды Р. Кверк пен С. Бринбаум да ұстанған, олар ағылшын тіліндегі сын есімдер баяндауыштың да, анықтауыштың да қызметін атқаратынын, сонымен қатар аталмыш категориядағы кейбір лексемалар тек анықтауыш немесе тек баяндауыштық қолданысқа ие екенін көрсетті.

О. Есперсеннің ғылыми еңбектерінде сөздердің разрядтар болып грамматикалық ажыралуы үш ранг бойынша логикалық дифференциациямен ара қатынас жасайды, ағылшын тілінің сын есімдерін классификациялауда автор «адъюнкттар» терминін қолданады[8]. О. Есперсеннің пікірінше сын есімдер келесідей жіктеледі:

1. шектеулі немесе квалификациялық адъюнкттар-белгілі бір мағлұматты сипаттауда және егжей-тегжейлі анықтауда қызмет етеді;

2. шектеусіз адъюнкттер (non-restrictive adjuncts), меншікті атаулармен біріккенде (қосыла айтылғанда) белгілі бір затты немесе тұлғаны бағалық сипаттама жасауда қолданылады;

3. үшінші разрядттағы адъюнкттерге- some, few, many, much іспеттес лексемалар алып жатыр, сын есімдерге комбинациялану арқылы қолданылатын және ағылшын тілінде қолдану бойынша бірінші орындардағы сын есімдер, мысалы, one beautiful girl.

Сонымен О. Есперсеннің ағылшын тіліндегі сын есімді классификациялау негізіне семантикалық талаптарымен бірге стилистикалық талаптар да қойылға, ал Г. Суиттің сын есімдерді жіктеу жүйесінде бұл талаптар байқалмайды. Филологиялық энциклопедиялық баспаларда сын есімдерге келесідей анықтама берілген: «Сын есім-бұл сөзді (фразаны емес, сөйлемді емес) анықтау үшін қолданылатын сөздер, фразалар және сөйлемдер», яғни сын есімдердің разряды анықтама қызметіне алға шығатын сөздермен теңестіріледі. Бірақ ғалымдардың тек семантикалық белгілерді ғана ескеру әрекеттері мен тіл құралдарын сөз таптары бойынша классификациялау күрделілігін ескерсек  аталмыш анықтаманың дәлсіздігі көзге түседі.

Осылайша сын есімдерді топтарға, группаларға жіктеуге қатысты бірқатар ұстанымдар болса да, шетелдік лингвистикалық әдебиетте сын есімдерді дәстүрлі классификациялау-сапалық және салыстырмалы сын есімдер етіп ажырату дәстүрі көп қолдау таппаған. Біздің ойымызша шетелдік лингвистикадағы сын есімдерді классификациялау мәселесіне қатысты пікірлердің кеңінен таралуы тақырыптың өзектілігін анықтайды. Сын есімдерді классифкациялаудың негізіне белгілі бір (анықталған) талаптар болмағандықтан зерттеушілер сын есімді классификациялауда көптеген қиындықтарға тап болады. Қазіргі таңда ағылшын тілінің даму кезеңдінде сын есімді жіктеу-белгілі бір зерттеушінің зерттеу пәніне байланысты, зерттеу мақсаттары мен міндеттеріне тікелей тәуелді болып келеді.

Ресейлік және қазақстандық лингвисттердің еңбектеріне келер болсақ, Кеңес Үкіметі тұсындағы ерте зерттеулердің өзінде сын есімдерді сапалық және салыстырмалы деп ажыратылғаны бізге белгілі. Лингвист Л.П. Винокур сапалық және салыстырмалы сын есімдерді ажыратуға мүмкіндік беретін кейбір морфологиялық белгілерді алға тартады[9]. Осылайша автордың пікірі бойынша сапалық сын есімдер келесі артықшылықтарымен ерекшеленеді:

1. салыстыру дәрежесімен;

2. -ful, -able, -y, -ish және т.б.іспеттес суффикстерімен;

3. -ly суффиксінің қосылуы негізінде сапалық үстеудің қалыптасу қабілеттілігінен.

Ал, салыстырмалы сын есімдер салыстыру дәрежесін қалыптастырмайды, ал олардың ресми көрсеткішіне мысалы -en, -ic, -ical, -ist суффикстері іспеттес шығады.

В.Н. Жигадло, И.П. Ивановой, Л.Л. Иофик ағылшын тіліндегі сын есімдерді классификациялауда 3 категорияны қолдануды ұсынады[10]:

- сандық;

- сапалық;

- салыстырмады.

Осылайша көптеген ғалымдардың жіктеу жүйесі мен принцптерін ескере отырып, ағылшын тіліндегі сын есімдерді жүйелеудің анық дәлелденген, белгілі жүйесі жоқ екендігін анықтадық. Сонымен қатар қазір барлық лингвисттер мен филологтар ағылшын тілінің сын есімдерін: сапалық және салыстырмалы сын есімдер деп екіге ажыратады. Бірақ менің ойымша ағылшын тіліндегі сын есімдерді дәстүрлі түрде тек сапалық және салыстымалы деп екіге ажырату сын есімдердің табиғатын барлық аспектілерінен кеңінен аша алмайды, тілдің сапасын білдіруде қызмет ететін сөз топтарының жан-жақтылығына шектеу қояды деп санаймын. Сонымен бірге, жоғарыдағыдай классификациялау түрлі топтағы, типтегі тілдерге жарамайды, олардың әрқайсысы лексикалық, морфологиялық және синтаксистік дәрежеде өзіне сипаттық белгілеріне ие екендігін де естен шығармағанымыз жөн. Сондай-ақ тіл-тірі, динамикалық дамып жатқан организм іспеттес әрдайым жаңа лексикамен байып отырады, ол өз кезегінде тілдік құбылыстарды егжей-тегжейлі талдауды талап етеді.

Ағылшын тіліндегі сын есімдерді екі түрге жіктеуді құптайтын отандық және шетелдік зерттеушілер сапалық сын есім еш жанамасыз (тікелей) заттың сипатын бере алуын, ал салыстырмалы сын есімдер затқа, орынға (мекенге), уақытқа және т.б. қатынаста негізделетін, қосымша белгілерді сипаттай алуын алға тартса керек. Сын есімнің басты, әрі маңызды сипаты ретінде-сапаның белгілі бір құбылысты, субстанцияны, затты сипаттауда ажырамас атрибут болып табылатыны сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бархударов, Л.С. Грамматика английского языка [Текст] / Л.С. Бархударов. – 4-е изд., испр. – М.: Высшая школа, 1973. – 423 с.
2. Ильиш, Б.А. Строй современного английского языка [Текст]: учебник / Б.А. Ильиш. – Л.: Просвещение, 1971. – 365 с.
3. Хаймович, Б.С., Роговская, Б.И. Теоретическая грамматика английского языка [Текст] / Б.С. Хаймович, Б.И. Роговская. – М.: Высшая школа, 1987. – 298 с. 163
4. Акодес, М.И. Английский язык: имя прилагательное [Текст] / М.И. Акодес. – Киев: Вища школа, 1987. – 103 с.
5. Иванова, И.П. [и др.]. Теоретическая грамматика современного английского языка: учебник [Текст] / И.П. Иванова, В.В. Бурлакова, Г.Г. Почепцов. – М.: Высшая школа, 1981. – 285 с.
6. Каушанская, В.Л. [и др.]. A Grammar of the English Language [Текст] / В.Л. Каушанская, Р.Л. Ковнер, О.Н. Кожевникова, Е.В. Прокофьева, З.М. Райнес, С.Е Сквирская, Ф.Я. Цырлина. – Л., 1963. – 384 с.
7. Виноградов, В.В. Избранные труды. Лексикология и лексикография [Текст] / В.В. Виноградов. – М.: Наука, 1977. – 312 с.
8. Есперсен, О. Философия грамматики [Текст] / О. Есперсен. – М.: Изд-во иностр. лит., 1958. – 404 с.
9. Винокурова, Л.П. Грамматика английского языка [Текст] / Л.П. Винокурова. – Л.: Учпедгиз, 1954. – 344 с.
10. Жигадло, В.Н. [и др.]. Современный английский язык: теоретический курс грамматики [Текст] / В.Н. Жигадло, И.П. Иванова, Л.Л. Иофик. – М.: Изд-во лит-ры на иностран. яз., 1956.– 350

Тугелова Динара Талгатовна
 Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының
4 курс студенті
Жетекшиси: Багитжанова Шолпан Суйинишовна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)