сайыс
ozgetil.kz

Ұялы телефонның зияны

Магистрант: Нурметова Айнура Ташмагомедовна 

Математика , 1 – курс. 

Тақырыбы: Қазіргі ұялы телефонның адам өміріне әсері

Қазіргі ұялы телефонның адам өміріне әсері 

Сауалнама:

1. Ұялы телефоннан шығатн сәулелер адам денсаулығына зиянды деп ойлайсыз ба? 

Иә. 
Жоқ. 
Білмеймін 

2. Сіз ұялы телефон таңдағанда төмендегі көрсетілген қасиеттердің қайсысы маңызды деп есептейсіз? 

Құны. 
Төзімділігі. 
Қызмет түрлері. 

Өндіруші танымалдығы. 

3. SAR деген не? Сіз ұялы телефоныңыздың SAR-ын білесіз бе? 

Иә. 
Жоқ. 
Білмеймін 

4. Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз? 

Сөйлесуді 
SMS арқылы байланысуды 

5. Ұялы телефонмен орта есеппен (1 хабарласуға) қанша уақыт сөйлесесіз? 

10-45 сек 
5-10 минут 
15 минуттан артық 

6. Үйде болсаңыз қай телефонды қолдануға тырысасыз? 

Үй телефонын 

Ұялы телефонды

 

Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. 

Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. 

Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе, жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен. 

Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған. 

Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды. 

Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: « Еуропаның 5 елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда».

Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.

Ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді, бірақ мән бермейді. Телефонның қосулы қалпында жай жатқанда зияны тимейді. Алайда аппараттың құрамдас, айырылмас мүшесі "Transmitter" ("таратқыш", передатчик) іске қосылған кездері ғана адам ағзасына зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін электромагнитті энергия зиян. 

Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таратылып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға жұтқызылады. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады. 

Ол клетка миға құтқару сигналын жібереді, алайда ол сигналдың қуатын телефоннан шығып жатқан сигнал қуаты басып кетеді. 

Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығын 3 минуттан артық қолдану өте зиян. Құлақ тыңдағыш арқылы 70%-дай азаяды. Зиян тигізілетін уақыт сигналды 

қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд. Одан ары зиян күші күрт азаяды. 


Электромагниттік сәулелендірудің адам ағзасына тигізер зияны туралы жинақталған білімдер, телефонның сәулеленуі сияқты басқа да электромагниттік сәулелендірулер онымен байланысқа түскен адамдар денсаулығына, физиологиялық жай-күйіне әсер етеді. 

Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл


5 из 6

болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр. 

SAR (ағылш. Specific Absorption Rates) – ұялы телефон пайдаланған 1 секунд ішінде адам ағзасына жұтылатын ең жоғары меншікті қуатты көрсететін меншікті коэффиценті. Оның өлшем бірлігі 1Вт/кг. 

Еуропада рұқсат ету мәні 10 граммға 2 Вт/кг 

АҚШ-та 1 граммға 1,6 Вт/кг 
Ресей, ТМД-да 1Вт/см22о 

SAR неғұрлым төмен болса, ұялы телефонның сапасы жоғары. 

Өз ұялы телефоныңыздың SAR білу үшін нұсқаулықты оқу керек. www.cnews.ru/reviews/phones/sar.shtmlask.li/sar.html

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшылығымен «Interphone» деген атаумен зерттеу жүргізілген 2000-2004 жж. Аралығында 13 елде жүргізілген зерттеуге 12800 адам тартылған. Ұялы телефон пайдалану мен ми ісігі арасында өсу жағдайы 8 жағдайдың алтауында анықталса, 1 зерттеу 

бойынша ми ісігінің бірі глиома 39% өскен. 

Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық күніне 2 реттен артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар артқан. 

Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің 
төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға болады. Алайда асыра пайдалануға, уақытты ұтымсыз бөлуге рұқсат бермеуді ұсынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір сүру сипатынан, 17-20%- әлеуметтік және табиғи жағдайдан, 17-20%- тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінен, 8-9%-ы денсаулық сақтау ұйымдарының тиімді жұмыстануынан тәуелді екен. Бұдан, адам өмірінің зиянды әсерден қашық болуы өз денсаулығына немқұрайлы қарауынан, салауатты өмір салтын ұстануынан, сауаттылығынан байланысты екені шығады. Адам өркениеттің жетістіктерін өз денсаулығына зиян келтіруіне жол бермеуі тиіс. 

Кеңестер: 

1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек. 

2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен сөйлескеніңіз дұрыс. 

3. SAR бойынша ұялы телефон үлгісін таңдаған дұрыс. 

4. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн. 

5. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет. 

6. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек. 

7. Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс. 

8. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.

9. Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс. 

10. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн. 

11. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс. 

12. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек. 

13. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)