Таңғаларлық горилла Коко. Сөйлейтін маймылдың тарихы

Адам тектес маймылдар өзге жануар әлемінен әрқашан бөлектеніп тұрады. Бізге ұқсас, олар қашан да ғалымдар мен зерттушілердің ақылын алған. Маймылдарға жүргізілген көптеген тәжірибелердің арасында нәтижесіз де, сондай-ақ күтпеген жерден табысты болғандары бар. Осындай зерттеулердің бірінде қаһарман болған Коко горилласы – өз тайпасының арасындағы нағыз вундеркинд, әлемді өзінің ақыл-ой мүмкіндігімен таңғалдырған, сонымен қатар адамдардың тілін түсінетін қабілетімен қоса мылқаулардың тілінде араласа алады.

Қысқасы, ерекше тәжірибенің нәтижелі болуы – психолог және адам тектес маймыл мен адамдардың араласу механизмдерін зерттеуші Пенни Патерсонсыз мүмкін емес еді. 1971 жылы Пенни Коко есімді (жапон тілінен аударғанда – «отшашу баласы») кішкентай ұрғашы горилланы үйрету жөнінде мықты жобаны бастады. Айтуларынша, бұл жануар өте қауіпті болғанымен Пенниге дейін ешкім де гориллаларға іс-тәжірибелер жүргізуін қоймаған. Бұдан бөлек, 1925 жылы профессор Роберт Йеркс: «гориллалар шимпанзеден біршама кем дамығын» деген қорытынды шығарады. Ендеше Пенни Паттерсон мен Коко бұл секілді адасушылықтың алдын алады.

 

Коконың адам тілін ұғынуға жасаған алғашқы қадамдары

Тәрбиеші мылқау балаларды ым тіліне үйреткен кезде, ол өз бетімен қолдарын қажетті ыңғайына келтіріп икемдейді. Кішкентай Коко, болашақ жануарлар әлемінің өкілі ретінде бастапқыда қонаққа өзіне қол тигізуге жол бермеді. Пенни Кокоға әрбір затты кезекпен қаратып және соған сәйкес ишараларды көрсетуге тура келді. Осындай тәртіппен сабырлы ұстаз горилланың зат пен ым-ишараның арасындағы байланысты түсіну үшін көрсетуін қаншалықты қайталау қажет болса, соншалықты жалғастыратын. Сонымен, кішкентай горилланың алғашқы сөзі ретінде «ыстық» ұғымы – ерінге тақаған саусақ белгісі болды. Уақыт өте келе оқыту үдерісі айтарлықтай қарқындады.

Екі жыл жүргізген қарқынды сабағы аяқталғаннан кейін Пенни өзінің қамқорлығындағыны арнайы зертхана вагонға салып Стэнфорд университетінің маңайына алып кетеді. Мылқаулар тілінің негізін меңгерген Коко таңқаларлық нәтижелерді көрсете бастады. Үш жасында горилла 170 астам сөздерді жиі қолдана білді.

Қазірде Коко горилла – лексиконы шамамен 2000 ағылшын сөзін құрайтын 43 жастағы табысты бике. Коко бес-алты сөзден мәтін құрайды, мыңға жуық терминдерді жақсы түсінеді, вокабулярлық активтігі қалыпты, яғни ақыл-есі кем адамдардай емес. Бұдан өзге кейбір горилла-вундеркиндтер тек естіп қана емес, жазылған түрді де қабылдай алады.

 

Коконың ерекше өмірінен ақиқат

Таңғажайып тәжірибенің ең алғашқы кездерінде көптеген сыншылар жануардың жетістігі үйретумен ғана байланысты болады деп сендірді. Алайда Пеннидің Коконы зерттеу барысында горилла тілді тек механикалық тұрғыдан қолданбайтындығын таңқаларлық ақиқат ретінде дәлелдеп бірнеше рет көрсетеді.

Коко банан беруін сұраған кезде Пенни оған апельсин берсе горилла бірден: «Жоқ, Пенни Кокоға банан бер» ұғымын түзете шыдамсызданып оған «тез, тез» сөзді білдіретін ым-ишараны көрсететін. Ал егер Кокоға серуендеуге сары свитерін киюді ұсынса, ол міндетті түрде өзінің сүйікті қызыл түсіндегі полуверді талап ететін.

Егер Коко затты қалай атауды білмесе, ол өзі білетін ұқсас бірнеше сөздерді біріктіріп, өзіне не қажеттігін түсіндіруге тырысады. Осылайша, тәлімгердің жаңа сақинасы «алқа-саусаққа» айналып, ал тістеуге қиын тәттілер «тоқаш-тас» болып шыға келетін.

Қайран қаларлық, бірақ Коко юморлық сезімді де көрсете алады. Мәселен, ол өзін «жақсы құс» атап ұша алатындығын айтады, артынан жайдан-жай қалжыңдағанын мойындайды. Ал басқа горилла оның сүйікті қуыршағының аяғын жұлып алғанда, ол қатты ренжіп сотқарды «кір жаман дәретхана» атайды.

Коко ваннада шомылғанды ұнатпайды, оған егер алып бара жатқан басқа маймылдардың суретін көрсетер болса ол міндетті түрде: «Мен онда жылаймын» дейді.

Алғашқы уақыттарда ерекше горилла басқа да жануарлармен мылқаулар тілінде сөйлескісі келді, бірақ, ешқандай нәтижеге жете алмай мұндай әрекеттерін қойды.

1984 жылы Коко өзінің жеке өтініші бойынша туған күніне мысық алады. Оған Олл Болл деп ат қойып қамқорлық танытып қарайды, құшақтайды және арқасында сырғанатады. Өкінішке орай, сол жылдары мысық көліктің астына түсіп, Коко ауыр эмоционалды күйзеліске түседі. Олл Боллға не болды деген сұраққа ол: «Мысық ұйықтады» деп жауап беретін. Ал оған оның суретін көрсеткенде ол былай дейтін: «Жылау, қайғылы, қамығу».

 

Коконың танымал бос уақыты

Коко сабақтан тыс бос уақытын ашық түрлі-түсті суреттері бар кітаптарды қараумен өткізетін. Ол боялған сүйікті тағамдарының суретін қарағанды қатты ұнататын. «Сөйлейтін маймылдарға» басқа да жануарлар ұнайтын және ол әрдайым Пенниден оны мысық пен ит көруге университет зертханасына апаруын сұрайтын.

Тағыда Кокоға өзінің қуыршақтарымен ойнаған ұнайды. Оның ең сүйікті ойыншықтарының бірі – сүйікті тәлімгерінікі секілді шашы ашық түсті қуыршақ. Қожайын оған жиі мылқаулар тілінде жүгінетін.

Өзге гориллалармен кездесу

Коко мылқаулар тілін үйренуде белгілі бір нәтижеге жеткенде оны сол уақыттарда адам тілінде сөйлесуді қарқынды үйретіп жатқан Михаэль есімді еркек горилламен таныстырады. Алайда оған жақын уақыттарда жаңа көршісінің жақсы екендігін түсіндіреді және Коконың өзі онымен кездесуді сұрайтын болды.

Тәжірибешілердің таңғажайып ойластырғандары бойынша Коко мен Михаель егде жасқа келгенде, жер бетіндегі адам тілін түсінетін алғашқы жануарлар жұбы болатындығын топшылайтын. Өкінішке орай Михаэлді үйреткен мұндай тәжірибе нәтижесінің ақпараты жоқ. Белгілісі тек, горилланың еркегі бұл күнге дейін өмір сүрмеген.

Өзге жағынан бұл тәжірибелер немен аяқталарын ешкім де білмеді. Мәселен, қиялшылдар маймылдың бір кездері адам деңгейіне дейін дамитындығы, бұдан бөлек олар көтеріліске шығып, сосын біз оларға жұмыс жасайтындығымыз жөнінде батыл болжамдар жасайды. Бірақ бұл секілді қиялдар тек ақылдың ойыны болып қала береді, ақыл-парасаты 70 тен 90 пайызға дейін (орташа адамның көрсеткіші – 100% есебімен) өзгеріп тұрған Коко горилласы басты мақсаты – жойылу қауіпі алдындағы батыс-африкалық тауларының горилласын сақтау болып табылатын Gorilla Foundation қайырымдылық ұйымында бақытты күн кешіп жатыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)