Өлең, жыр, ақындар

ҚР БҒМ түлектер кешіне қаржы жинау мәселесіне түсінік берді

ҚР Білім және ғылым министрлігі елорда мектептерінде түлектер кешін өткізуге, мұғалімдерге сыйлыққа, дастархан жаюға ақша жинау туралы қауесетке түсінік берді.

«Жалпы орта білім алғаны жөніндегі аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі болатын түлектер кеші мектепте өтуі тиіс. Министрлік түлектерге арналған барлық шараларды мектеп қабырғасында ұйымдастыру керектігіне кеңес береді. Барша мектептерге түлектер кешін өткізу бойынша ұсыныстар жасалды. Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, қала мектептерінде ақша жинау шаралары жүріп жатқан жоқ»,-деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Арман Жүнісов.

Осы орайда ол 2016-2017 оқу жылының басында еліміздің барлық мектептері үшін ақша жинауға тыйым салынатындығы туралы бұйрық шығарылды. Аталған бұйрықты барлық мұғалімдер мен мектеп басшылығы орындауы тиіс. Оны бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары ескерілген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

Алма

Атаналар комитеті деген бәле бар, ватсап арқылы жинайды

Ерболат

Кейбір ата-аналарды түсінбеймін! Бастауыш бітіріп жатқаны үшін банкет жасайды. Ақымақтар!

Мира

Жарайды басқа мәселе былай турсын менім ұлым 7 сыныпта оқиды канша жыл болды теске ақша жинайды.Акша бермесе баланы қатыстырмайды,бала сабақта құры отырады.Осы мәселе кімнің басынан отті. Кім шығарды тоқсан сайын теске ақша жинау.Жарайды менім шамам келеді,квартирада жургендер,көп семьялылар ші???

Балауса

тест деген бəле болдығой ай сайын ақша береміз оқитын бала онсызда оқиды садик бітіретіндерді айтсаңдаршы 19 мыңнан жинайды екен недеген сұмдық

Айнур

Мектепте ақша жинау дұрыс емес əсіресе мектеп бітіру кезінде көп жиналады

Динара

Енди тестке ол баланын баланың білімі үшін, онан да білімге қатысты емес басқа нәрселер көп кой жинайтын

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар