http://a-brands.kz/

Хризонтема гүлі

Сурет 1 Радость хризантема гүлі

Келесі 1 кестеде радость сұрыпының сипаттамасы берілген

Кесте 1

Радость сұрыпының сипаттамасы

Өсу уақыты

7-10 күнде

Гүлдері

Сары, күлгін

Суыққа төзімділігі

орташа

жапырағы

Қою жасыл түсті

Гүлдеу уақыты

7-14 апта

Вирустық ауруға төзімділігі

жақсы

Махровая сұрыпы ірі гүлшанақтары бар, биіктігі 85 см, диметрі 12 см болатын көпжылдық өсімдік. Қою жасыл түсті жапырақтары бар, топтастырып өсіруе ыңғайлы, гүлдерінің түсі әртүрлі. 11 суретте көрсетілген

Махровая хризантема гүлі

2.2 Зерттеу әдістері

Қолданылған әдістемелер: Калинин Ф.Л. Технология микроклонального размножения расстений. Бабаев С.А., Токбергенова Ж.А., Амренов Б.Р. Семеноводство с основами  биотехнологии

Тұқымның өну көрсеткішін тексеру мақсатында, рулондық әдісті қолдана отырып, гиберреллиннің әртүрлі концентрациясында және суда (бақылау ретінде) сұрыптар өсірілді.

Рулондық әдіспен кез келген өсімдіктің көшетін өсіруге болды. Гүл көшеттерін де өсіруге қолайлы. Бұл әдістің басты артықшылығы көшеттердің аз орын алуында ғана емес, сонымен қатар ол «қара шірік» ауруымен ауырмайды, себебі өскін топыраққа жанаспайды.

Кейбір баяу өсетін және жылусүйгіш өсімдіктерді пикировка жасап рулоннан стаканға немесе құмыраларға отырғызып, терезе алдында өсіруге тура келеді.

Бұл әдістің бір кемшілігі, рулонда өсірілетін өсімдік жарықты аз сіңіреді. Мынандай, бұрыш, қызанақ, баклажан сияқты өсімдіктерді жарықпен қамтамасыз етіп отыру керек. Себебі, өсімдіктің жіңішке ұзын емес мықты болуы маңызды. Олай болмаса пикировкадан кейін өсімдіктің кейбір бөліктері өліп қалуы мүмкін.

Көшеттерді рулондық әдіспен өсіру технологиясы:

Әдіске керек құрал–жабдықтар:

— полиэтиленді пленка;

— фильтрлі қағаз;

— стакан;

—тұқым;

— этикетка;

— су.

Ең алдымен 2 полиэтиленді пленка ені 2-3 см болатындай және ұзындығы 40 см етіп алады. Осындай өлшеммен фильтрлі қағаз дайындап алынады. Полиэтиленді пленканың бірін сулап алып, үстіне фильтрлі қағазды қояды. Қағаз суды сіңірген соң, үстіне пинцеттің көмегімен тұқымдарды отырғызады. Тұқымдарды отырғызып болған соң, оның үстіне екінші полиэтиленді жолақты жабады. Тұқымдарды зақымдап алмай, жолақтар жабысу үшін саусақпен қысады. Стаканға суды құйып, тұқым отырғызылған полиэтиленді жолақтарды рулон етіп орап, этикетка жабыстырылады. Сонымен қатар рулондық әдісті қолданған кезде тұқым суда өсіріледі. Ал зерттеу барысында фитогормондарды әр түрлі концентрацияда қолдануға болатыны мәлім.

Фитогармондар - өсімдіктің өсу процестері арнаулы заттардың әсерімен реттеліп отырады. Олар өсуді ретттеуші заттар деп аталады. Кейбір өсуді ретттеуші заттар организімнің өзінде түзіледі, сондықтан оларды фитогармондар дейді. Оларға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, этилен, абсциз қышқылы (АБК) жатады. Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды қогсылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп атайды.

Ауксин барлық жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге және төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда түзіледі. Мысалы, ананас өсімдігінің құрғатылмаған 1кг салмағында 6 мг ауксин болады.

Ол өркендердің ұштарында, жапырақтар мен тұқым жарнақтарында, өсіп келе жатқан ұрықта түзіледі. Өсімдік тозаңында да ауксин көп кездеседі. Ауксиннің тасымалдануы үшін энергия қажет, тыныс алу тежелгенде оның тасымалдануы тоқтайды. Ауксин жасушаның созылуы кезеңіне жағдай туғыза отырып, өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Бұл жағдайда ауксин қабықшасының қасиетін өзгертіп, оеы жұмсартады, ондағы пектиннің мөлшерін артттырады, сондай-ақ қабықшаға неғұрлым созылмалы, серпімді және су өткізгіштік қасипет береді. Цитоплазмада осымен бір мезгілде ақуыздар синтезделуі жақсарады, ал митохондрияларда тыныс алу процесі күшейіп, цитоплазманың тұтқырлығы мен өзгергіштігі өзгереді. Ауксиндер өркендер мен жемістердің өсуін күшейтеді, бірақ тамыр жүйесі мен жапырақтарға шамалы әсер етеді. Концентрациясы аз болған кезде ауксин өсу процесін күшейтеді, ал концентрациясы жоғары болғанда тежейді. Жасушаларда ауксин глюкозамен, аспарагин қышқылымен және ақуызбен байланысты болуы мүмкін. Мұндай қосылыстар ұлпаларда ауксин көп болған жағдайларда түзіледі. Ауыл шаруашылығы практикасында ауксин қалемшелерді түптендіру және томаттың жеміс салуын арттыру үшін, гүлдердің, түйіндер мен жемістердің түспеуі үшін қолданылады.

Гибберллин. 1938 жылы фузар саңырауқұлағының тіршілік өнімі ретінде гибберллин бөлініп алынады да, кейінірек оның химиялық табиғаты анықталды. Бұл фитогармон кейін жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Қазқіргі кезде гибберллиннің 30-ға жуық түрі белгілі.

Гибберллиннің ең жақсы зерттелген және ең активті түрі А3 гибберллині, оны гибберллин қышқылы деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде гибберллиенге ұқсас заттар да кездеседі, тіпті бір өсімдіктің өзінде гибберллиннің 2-3 түрі кездеседі. Өсімдіктердің дамуы барысында ондағы гибберллиеннің жиынтығы өзгеріп отыруы мүмкін. Гибберллин өркендер мен тамырдың ұштарында, жас жапырақтар мен ұрықта түзіледі. Ол өзі синтезделген жерлерден фломаны бойлай отырып қозғалады. Бұл фитогармон жасушаның бөліну және созылу кезкеңдеріне әсер етеді. Алайда ауксинге қарағада ол жасуша қабықшасына әсер етпейді, түйіндердің, жапырақтар мен жемістердің түсіп қалуына кедергі жасамайды. Гибберллин қосалқы тамырдың түзілуін тежейді, алайда сабақтың өсуіне жағдай жасайды. Ол тіпті сабағы өте қысқарған жертаған өсімдіктердің негізгі өркендерінің күшті өсуіне себепші болады. Гибберллин жапырақтың өсуі мен тұқымның өсуіне қолайлы әсер етеді. Ол өсімдіктің дамуын тездетеді.

Цитокинин. Фитогармондардың бұл тобы аденин туындылары болып табылады. Цитокинин тамырдың ұшында түзіліп, су ағынымен қоса жоғары қарай жылжиды. Цитокинин сондай-ақ тұқым мен жемісте түзіледі. Ол негізінен жасушаның бөліну процесін тездетіп, ДНК мен РНК түзілуін жақсартады және жалпы зат алмасу мен ақуздың синтезделуін арттырады.

Цитокинин жаңадан бүршік түзілуі мен жанама бүршіктердің ашылуына жағдай жасайды.

Этилен аздаған мөлшерде барлық өсімдіктердің жасушаларында түзіледі. Ол қарапайым органикалық зат болса да, гормондық әсері күшті. Әдеттегі температурада ол өсімдік организімінде газ түрінде кездеседі, сондықтан этилен оңай диффузияланып, өсімдікткрдің түрлі мүшелеріне жетеді, ал артық мөлшері сыртқы ортаға шығарылады. Өсімдіктерге мырттан енген этилен де әсер етеді. Гармон ретінде этилен өсімдіктердің өсу процесін, жасушалардың дифференциациясын, өсімдіктің сыртқы ортаның әсерәне жауап реакцияларын қалыптастырады. Пісіп келе жатқан жемістерден де едәуір мөлшерде этилен бөліп шығады. Этиленді енгізу жетілмеген жеміс тердің пісуін тездетеді. Сонымен қатар, этилен дәндердің өнуін, жапырақтардың қартайып, түсіп қалуын жылдамдатады. Әр түрлі өсімдіктердің мүшелерінің жасына қарай, этилен түзілуіде түрліше жүреді. Вегетативтік мүшелердің меристемаларында, жемістерде этилен барынша көп түзіледі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер этиленді метионин амин қышқылынан түзеді. Этиленнің артық мөлшері тотығуға ұшырайды немесе глюкозамен қосылады. Қазіргі көзқарастар бойынша барлық фитогармондардың әсері этилен арқылы, оны артыру және активтендіру нәтижесінде жүзеге асады.

Абсциз қышқылы 1965 жылы мақтаның қауашағы мен жапырақтарынан бөлініп алынды. Бұл зат гормондық ингибиторлық әсер етеді. Фитогармондар өсу процесін реттейтін негізгі заттар болып табылады. Ал витаминдер тікелей өсу процесіне қатыспастан, фитогармондармен бірге жанама әсер етеді, олардың әсерін толықтырады. Фотогормондар өсімдіктердің түрлі мүшелерінде синтезделіпе, өсу нүктелеріне жетеді. Мұнда олар жасушалардың бөліну, созылу, дифференциациялану кезеңдеріне ықпал етеді. Фитогормондар жекелей емес, қосыла әсер етеді. Өсімдіктің жасына, күйіне, даму кезеңіне, сыртқы жағдайлардың әсеріне қарай өсімдікте гормондардың құрамы, кейбіреулерінің басымдылығы өзгеріп отырады. Белгілі бір гармонның басымдығы оның әсерін күшейтеді. Сондықтан, өсімдіктердің фитогормон әсерін қайтарған реакция олардың сортына, жасына, даму кезеңіне, сыртқы орта факторлары – су, жарық, қоректік заттардың болуына байланысты. Гормонның әсер етуінен екі кезеңді атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде гормон жасуша мембранасының бетіне орналасқан арнаулы рецепторлармен әрекеттеседі. Екінші кезеңде рецептор мен гормон комплекісінің әрекетінен туған биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістер байқалады.

Хризантема сұрыптарының өркендері алынып стерильді жағдайда колбаларда агарланған Мурасиге-Скуга қоректік ортасында көптеп өсімдік қалемшелері көбейтілді. 3-5 кЛк жарықтануда, 16 сағаттық фотопериодта, 24 градус температурада және ауа ылғалдылығы 70 пайыз өсіру көрсеткіші сақталынды.

Қоректік ортаға қосатын дистилденген суды кептіргіш шкафта 140-180оС екі сағат бойы залалсыздайды. Жұмысты ламинар бокста аспетикалық жағдайда жүргізеді.

Өсімдіктерді микроклондау әдісімен көбейтуге арналған колбалар 3-5 мың люкс жарықта, 16-сағат фотопериодта, +23-25оС температура сақталатын арнаулы өсіретін бөлмедегі сөрелерге қойылды.  In vitro жағдайына енгізу үшін отырғызылған өсімдіктер апта сайын мұқиат қаралып,бақыланды. Зерттелуге алынған  өсімдік регенеранттарын  жаңалап отырғызған сайын өркендердің өсу қалпы және жаңадан пайда болған қалемшелердің саны есептелді. Әртүрлі қызанақ сұрыптарының өсімдік регенеранттары отырғызылған сайын орташа көбею коэффициенті есептеліп, кесте құрылды. Әр сұрыпқа белсенді заттардың  әсерін бақылауға болатын график құрылды. Қоректік ортадан алынған микроөсімдіктер  зертханалық жағдайда топыраққа отырғызылып, өсірілді.

Өсімдік материалын залалсыздандыру. Жасуша және ұлпа культураларымен In vitro жағдайында  жұмыс істеудің негізгі шартты стерильдікті сақтау болып табылады. Өсіру объектісін залалсыздандыру алдында оны артық ұлпалардан тазартады, тамыр және тамыржемістерде қабығын, өркендерде қабықшасын, төбе бүршігінде беттік жапырақтарын және т.б. алып тастайды.

Бастапқы материалдарға байланысты оны залалсыздандыру әдісі таңдалынады. Химиялық заттардан стерилизация үшін келесі заттар көп қолданылады: құрамында активті хлоры бар (натрий немесе кальций гипохлориді, хлорамин), сулема (2 хлорлы сынап), сутегінің қос тотығы, этил спирті, бұдан басқа антибиотик, бромды су, күміс нитратын, диацид, белизнаны (4 кестеде) қолданады.

Кесте 4

Бастапқы материалды залалсыздандыру (Р.Г.Бутенко бойынша, 1999)

Объект

Залалсыздандыру уақыты, мин

 

0,1%-ды диацид

0,1%-ды сулема

10-12%-ды сутегінің қос тотығы

Құрғақ дәндер

15 - 20

10 - 15

12 - 15

Іскен дәндер

6 - 10

6 - 8

6 - 8

Сабақ ұлпалары

20 - 40

20 - 25

-

Жапырақтар

1 - 3

0,5 - 3

3 - 5

Апекстер

1 - 10

0,5 - 7

2 - 7

 

Этил спиртін - көбінесе материал бетін сүрту немесе материалды абсолют спиртке бірнеше минут салу арқылы алдын-ала залалсыздандыру үшін қолданады. Кейде мұндай залалсыздандыру жеткілікті және оны жеміс, тұқым, өркендермен жұмыс істегенде пайдаланылады.

Кальций гипохлориді (хлорлы әк) -  5-7% ерітітнді түрінде 5-8 мин бойы гүл, тұқым, бүршіктеді өңдеу үшін қолданылады. Содан кейін екі-үш реттік дистиллденген сумен шаю жүргізіледі.

Натрий гипохлориді - 1 ден 20 мин дейін 0,5-5 % ерітіндімен өңдейді. Бұл зат жасуша уы болғандықтан, өсірілетін объектіні сумен жою алдында натрий гипохлоридінің қалдығын 0,01 н тұз қышқылымен жою қажет. Осыдан кейін 8 реттік дистиллденген сумен шаю жүргізіледі. Оқшауланған ұрықты натрийдің гипохлоритінің 2-3 % ерітіндісінде 5 мин.бойы, ал тозаңдарын 5-10 % ерітіндісінде 10-15 мин бойы алдын-ала этил спиртімен залалсыздандырады; ал құрғақ тұқымдарды 3-5 % ерітіндісінде 1 сағатқа дейін залалсыздандырады.

Хлорамин - 0,1-6% ерітінді конденсациясын тозаңқап және жас бүршіктер үшін 1-3 мин барысында өңдейді; құрғақ дәндер үшін өңдеу ұзақтығы бір сағатқа дейін созылады. Кейін стерильді дистиллденген сумен 3 рет шаяды. Құрамында активті хлоры бар ерітінділерді бір рет қолданады және оны тек қана жұмыс алдында жасайды.

Сулема – токсикалық зат және бөлек объектілер үшін концентрация таңдау және сақтау кезінде сақтылықты қажет етеді. Ұрықтар үшін 0,1 % концентрациясы қолданылады, өңдеу уақыты 1-3 мин, тамыр жемістер және түп-жемістер үшін 10-20 мин дейін.

ВКО, Курчумский район
«Бирликская основная средняя школа» КГУ
Сабетқан Назерке Сериковна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Айбеу

Өте керемет мəлемет

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)