Алтын орда

Алтын орда (1243-1503) – Орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында дешті қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып мәдениеті өркендеген кезеңде (ХІІІ-ХІVғғ) мемлекет жерінің көлемі 10 млн км2-ден асты. Батыста Днестрге, Шығыста Ертіске, оңтүстікте солтүстік кавказға дейін жетті. Орыс княздықтары да Алтын ордаға тәуелді болды. Бату хан тұсында астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып кейін Берке сарайына (Сарай әл-Жадид) көшірілді. Негізгі әскери күші қыпшақтар болды. Берке ханның кезеңінен бастап Алтын орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді.

Тоқтамыстың 1382 жылғы Ресейге жорығы.Тоқтамыстың 1382 жылғы Ресейге жорығы.

Берке хан билік еткен кезеңде (1957-66) Шыңғыс хан ұрпақтары және оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдай бастады, біртіндеп жергілікті түркі халықтарының әдет ғұрпына бой ұсынып, араласып кетті. 1312 ж Өзбек хан Алтын ордада Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Еділ бойы мен Орта Азиядағы мұсылмандық дәстүрдің әсерімен далалық мәдениет Исламданды. Алтын орда Анадолымен, Сириямен, Мысырмен және басқа да шығыс елдерімен сауда қатынасын орнатып, елшіліктер алмасып отырғандықтан Ұлы Жібек жолының маңызды бір тармағына айналды.

Алтын Орда ескерткіштері(керамика)Алтын Орда ескерткіштері(керамика)

ХІV ғ 2-жартысынан бастап Алтын ордада орталықтандыруға қарсы күштер әлсірей бастады Орданың батыс жағындағы Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті билеушілер күшейді. Алтын орда жеріндегі саяси өзгерістер оның құрамындағы Ақ орда, Шайбани ұлыстарының дербес бой көтеруіне мүмкіндік туғызды. Ерзен және Мүбәрәк Хожа хандардың иелігі болған Ақ орда ХІV ғ 2-ширегінде Алтын ордадан бөліне бастады. Әмір Темірдің жойқын әскери жорықтары да Алтын орданың құлауына әкеліп соқтырды. 1502 ж Соңғы билеуші Шейх Ахмет ханның өлімінен соң Алтын орда мемелекеті жойылды. Алтын орда жерінде Қырым (1428-1792), Қазан (1437-1556), Қасым (1445-1681), Астрахан (1466-1557), Сібір (1563-1656), Башқұрт (1656-1738), хандықтары сияқты мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Қазақ хандығы да осы кезеңдерде (шамамен 1466) қалыптасты.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
Сайтты қолдану жөнінде нұсқаулық
ҰБТ(онлайн тест)