Өлең, жыр, ақындар

Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда

05.06-16.06.2017 ж. аралығында Қарағанды қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған « Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» атты екі апталық курста толық нұсқасын меңгерудің сәті түсті. Біліктілікті арттыру курсының мақсаты мұғалімдерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылды. Курс барысында қолдау көрсетуге арналған оқу материалдарымен қамтылды. Оқу барысында мұғалімдер бағдарламаның бөлімдерімен танысып, оқу қағидаттары мен табысты мұғалімге әдіс-тәсілдер мен дағдылар жан-жақты зерделенді. 
Курс барысында мұғалімдердің биология және жаратылыстану пәндері бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұнын білуі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар мұғалімдер биология пәні бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес тиімді педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолданудың жолдарын, пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды меңгерді.
Білімнің барлық саласындағы ақпараттардың үлкен легі, қазіргі қоғамның жылдам кәсіби қайта бағдарлауды, біліктілікті жоғарылатуды, адамның өмір жолының кез келген бөлігінде өзін-өзі дамыта алуы мүмкіндіктерін қамтитын икемді, бейімделген білім беру жүйесіне қажеттілігі «өмір бойғы білім» қағидатына негізделген заманауи білім беру парадигмасына ауысуға алып келді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «заманауи білім беру жүйесі мен ұшқыр, ауқымды, жаңаша ойлайтын заманауи менеджерлерсіз біз инновациялық экономика жасай алмаймыз» деген еді. Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ал адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі. 
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді курс барысында түсінік берілді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отырып тапсырмаларды ықшам сабақтарды құрастыру.
Сабақ кезінде тыңдаушылармен бірге  білім мазмұнын жаңартуда кәсіби құзыреттілігі мен қызметін нәтижелі қалыптастырудағы көкейкесті сұрақтарды талқылап, рефлексия жасап, топтағы пікірталас пен кері байланысты жүзеге асырылды. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнына орай, мұғалімдердің білімдері жетілдіріліп, кеңейтілді. Жаңа білім мазмұнының бағдарламасын игеру арқылы оқуда нәтижеге жетуде тиімді әдістерді қолдана отырып, оқу материалдарын іздестірудің ерекшеліктеріне назар аудару қажеттілігі талқыланды.
Қорыта келе, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдер биология пәнінде бағдарламаның негізгі идеяларын түсіне отырып, бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін, құрылымын мен мазмұнын білді және оны ықшамсабақтар дайындау барысында меңгерді. Сондай-ақ, мұғалімдер биология пәні бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді қолданудың тиімді әдіс-тәсілін үйрене отырып, құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыру жолдарын үйренді және оқу материалдарын дұрыс қолдана білуге дағдыланды. Сондай-ақ бағдарламаның мәні, оқушының функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы мектепте алған білімді өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сондықтан бұл бағдарламаның түпнегізі «өмірмен байланыс» ұғымына құрастырылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. 

Балапанова Кундыз Сериковна, 
 Қарағанды қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері 

Пайдаланған әдебиет:
1.    Тренерге арналған нұсқаулық
2.    Мұғалімге арналған нұсқаулық
 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз