Астаналықтар баланы мектепке дайындауға қанша ақша жұмсайды

Оқу жыл басталуына аз уақыт қалды. Мектеп киімдерінің саудасы қызып тұр. «ҚазАқпарат» тілшісі сауда базарлары мен таңдаулы бутиктерді аралап, мектеп формаларының бағасын біліп қайттыпты. Назарларыңызға ұсынамыз.

Елорданың орталық базарында шамамен 19,5 мың теңге көлеміндегі қаражатқа баланы толық киіндіруге (аяқ-киім мен жейдені қосқанда) болады. Шалбары, пиджагы және жилеті бар костюм 15 мың теңге тұрады. Бірақ оның бағасын 12 мыңға дейін түсіруге болады. Сатушылардың айтуынша, киімдер Түркия, Қытай, Қырғызстанда тігілген. Бірақ шыққан жері мен матасы туралы қағаз барлық киімдерде бірдей бола бермейді.

Бұл ретте классикалық ақ жейде бағасы 1,5- 4 мың теңге шамасында, ал сапасы жақсыларын 3,5 мың теңге көлемінде алуға болады. Қыз балаларға арналған шалбар немесе белдемшені 4 мың теңгеге, жейдені 3 мыңға, пиджакты 6 мың теңге шамасында ала аласыз. Аяқ-киім бағасы 6 мыңнан 14 мың теңге дейінгі аралықта.

Сауда орталықтарының бутиктерінде сапасы жақсы мектеп киімдерін сәйкесінше 35 мың теңге шамасында сатып алуға болады. Әлемдік брэндтердің киімдері сатылатын дүкендерде мақтадан жасалған жалғыз ақ жейде бағасы 105 мың теңгеге дейін барады, орташа баға - 40 мың теңге.

Ұл балаға арналған мектеп формасының жиынтық бағасы - 275 мың, оған пиджак (119 мың теңге), шалбар (44,6 мың теңге), жейде (54,8 мың теңге) туфли (57 мың теңге) кіреді. Қыздарға арналған жиынтық бағасы - 257 мың теңге, онда пиджак (104,8 мың теңге), белдемше (49,4 мың теңге), жейде (43,4 мың теңге), туфли (60 мың теңге) бар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Жандос Аманов

Айлықтың құны азайып, бағалар көтеріліп кеткен. 2 ұл 2 қызым бар, барлығы мектепке барады. Барлығын мектепке дайындау қиын. Мемлекет басшыларына айтарым, қарапайым адал халықтың жағдайын қашан ойласыңдар?

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)